О ставках нормативной платы за загрязнение окружающей среды на 2002 год и порядке взимания средств Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.12.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2002 жылға арналған коршаған ортаны ластағаны үшін нормативтік төлем ставкалары мен қаржыны алудың тәртібі туралы Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» 1997 жылғы 15 шілдедегі № 160-1, «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасынын Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 2001 жылғы 4 маусымдағы, «Салықтар және баска да бюджетке міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің күшіне енуі туралы» (Салык кодексі) 2001 жылғы 12 маусымдағы Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 желтоқсандагы № 1213 қаулысымен бекітілген «Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем алу ережелеріне» сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес 2002 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін нормативтік төлем ставкалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Солтүстік Қазақстан» (Мұстафин В.М), «Северный Казахстан» (Моор И И.) газеттерінің редакцияларына 2002 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер ставкасын жарияласын.
Тармақ 3
3. 2002 жылдың 1 қаңтарынан облыс әкімінін «2001 жылға арналған коршаған ортаны ластағаны үшін нормативтік төлем ставкалары мен қаржыны алудың тәртібі туралы» 2000 жылғы 4 желтоқсандағы № 229 және «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2000 жылғы 4 желтоқсандағы шешіміне өзгертулер енгізу туралы» 2001 жылғы 21 қазандағы № 61 шешімдері күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.Е.Есімхановқа жүктелсін.
Басқа 5
Облыс әкімінің 2002 ж. «3» желтоқсандағы № 62 шешіміне қосымша 2002 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер ставкасы Ластау түрлері:
Тармақ 1
1. Стационарлық көздерден атмосфераға шығарылатын ластағыш заттар шартты тоннасы 212 теңге
Тармақ 2
2. Жылжымалы көздерден атмосфераға шығарылатын заттар (автомобильдерден, жол-құрылыс, ауыл шаруашылық техникасынан, тепловоздар мен өзен көліктерінен) 1 тоннасын жаққан жағдайда: этилсіз бензинге 319 теңге этилді бензинге 425 теңге дизілдік отынға 504 теңге сұйытылған газға 286 теңге
Тармақ 3
3. Су айдындары мен су жинағыштарға лас заттарды шығарғаны үшін шартты тоннасы 7434 тенге
Тармақ 4
4. Табиғат аясына қатты тұрмыстык және өндірістік қалдықтарды шығарғаны үшін: V сыныпты улылык үшін 106 теңге IV сыныпты улылық үшін 212 теңге III сыныпты улылык үшін 425 теңге II сыныпты улылык үшін 1699 теңге I сыныпты улылык үшін 3398 теңге
Тармақ 5
5. Табиғат аясына халықтың тіршілігі нәтижесінде құралатын 1 тонна тұрмыстық коқыстарды шығарғаны үшін V сыныпты улылык 85 теңге
Тармақ 6
6. Орналастыруға рұқсат етілген жерлердегі қалдыктарды, өнімдерді, материалдарды сақтаудың (полигондарда, өнеркәсіп алаңдарында, шаруашылык аумақтарында қоқыстарды сақтау орындары) нормативтері 3 ай