Об областном бюджете на 2002 год Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.01.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2002 жылғы арналған облыстық бюджет туралы Облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. 2002 жылға арналған облыстық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекiтiлсiн:
Тармақша 1
1) түсiмдер: кiрiстер - 10 605 755 мың теңге; республикалық бюджеттен алынатын трансферттер - 480 257 мың теңге; несиелердi қайтару - 240 000 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығыстар: шығындар - 11 6111 631 мың теңге; несиелер - 463 800 мың теңге; тапшылық (профицит) - 749 419 мың теңге; тапшылықты қаржыландыру (профициттi пайдалану) - 749 419 мың теңге. 📌 Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облыстық мәслихатының 2002.03.18. № 11/18 ; 2002.10.23. № 73/22 шешімдерімен .
Тармақ 2
2. Облыстық бюджетiнiң кiрiсi және оның өзгерiстерi мен толықтырулары Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi "Бюджет жүйесi туралы" Заңына сәйкес құрылады.
Тармақ 3
3. Облыстың аудандар мен қалалар бюджеттерiне салықтардан түсетiн түсiмдерiнiң жалпы сомаларының 2002 жылы бөлiнуi мына мөлшерлерде бекiтiлсiн: жеке табыс салығы бойынша: Ақтоғай, Баянауыл, Железинка, Ертiс, Қашыр, Лебяжi, Май, Павлодар, Успенка, Шарбақты аудандарға - 100 пайыз; Павлодар қаласына - 50 пайыз, Екiбастұз қаласына - 77 пайыз, Ақсу қаласына - 63 пайыз; әлеуметтiк салық бойынша: Ақтоғай, Баянауыл, Железинка, Ертiс, Қашыр, Лебяжi, Май, Павлодар, Успенка, Шарбақты аудандарға - 100 пайыз; акциздер бойынша: бензинмен және дизель отынымен бөлшек сауда жасайтын заңды және жеке түлғалар өткiзетiн бензин мен дизель отынына: Павлодар қаласына - 26 пайыз, Екiбастұз, Ақсу қалаларына - 100 пайыз Ақтоғай, Баянауыл, Железинка, Ертiс, Қашыр, Лебяжi, Май, Павлодар, Успенка, Шарбақты аудандарына - 100 пайыз, алкоголь өнiмдерi мен ойын бизнесiне: Павлодар, Екiбастұз қалаларына - 100 пайыз.
Тармақ 4
4. Селолық аудандардың бюджеттерiне 2002 жылы берiлетiн субвенциялардың көлемi 2 494 915 мың теңге, оның iшiнде. Ақтоғай ауданына - 277 362 мың теңге Баянауыл ауданына - 181 469 мың теңге Железинка ауданына - 278 874 мың теңге Ертiс ауданына - 310 186 мың теңге Ќашыр ауданына - 292 727 мың теңге Лебяжi ауданына - 243 231 мың теңге Май ауданына - 218 737 мың теңге Павлодар ауданына - 204 495 мың теңге Успенка ауданына - 217 462 мың теңге Шарбақты ауданына - 270 372 мың теңге
Тармақ 5
5. 2002 жылға арналған облыстық бюджетте Павлодар қаласының бюджетiне 880 856 мың теңге сомасында трансферттер қарастырылсын, соның iшiнде: мәдениет объектiлерiн қолдауға 25 000 мың теңге, қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге товарлар (жұмыстар мен ұызметтер) жеткiзу жөнiндегi өткен жылдардың мiндеттемелерiн орындауға 287 064 мың теңге, қала көшелерiн жолдарын ұстауға және жөндеуге 150 000 мың теңге, қан сорғыш жәндiктердiң таралуының алдын алуға және оларды жоюға 15 000 мың теңге, спорт құрылымдарын салуға 403 792 мың теңге. 📌 Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облыстық мәслихатының 2002.03.18. № 11/18 ; 2002.10.23. № 73/22 шешімдерімен .
Тармақ 6
6. 2002 жылға арналған облыстық бюджетте Қазақстанның дамуы Банкiсiнiң жарғылық капиталының құрылуына 10 000 мың теңге қарастырылсын.
Тармақ 7
7. 2002 жылға арналған облыстық бюджетте облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының қаражаты 119000 мың теңге мөлшерiнде бекiтiлсiн. Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облыстық мәслихатының 2002.03.18. № 11/18 шешімімен .
Тармақ 8
8. 2002 жылға арналған облыстық бюджетте несиелiк берешектердi өтеу бойынша мiндеттемелердi орындауға 130 849 мың теңге қарастырылсын, олардың iшiнде: облыс мұрағат департаментiнiң - 16 мың теңге; облыс денсаулық сақтау департаментiнiқ - 28 731 мың теңге; облыс индустрия, сауда және кәсiпкерлiктi дамыту департаментiнiң - 500 мың теңге; облыс коммуналдық шаруашылық, көлiк және коммуникациялар департаментiнiң - 59 453 мың теңге; облыс коммуналдық меншiгi департаментiнiң - 200 мың теңге; облыс бiлiм беру департаментiнiң - 5 140 мың теңге; облыс шаруашылық департаментiнiң - 996 мың теңге; облыс экономика департаментiнiң - 3 561 мың теңге; облыс тұрғындарды әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту департаментiнiң - 610 мың теңге; облыс iшкi iстер басқармасының - 13 315 мың теңге; облыс өртке өарсы өызметi мемлекеттiк басқармасының - 308 мың теңге; облыс бойынша әскери комиссариатының - 85 мың теңге; облыс қоршаған ортаны қорғау қорының - 10 524 мың теңге; облыс әкiмiнiң аппаратының - 5 643 мың теңге; газеттер мен телерадио арқылы ақпараттық саясат өткiзу үшiн облыс әкiмi аппаратының - 294 мың теңге; топографиялық-геодезиялық жоспарлар құрылуы мен жаңартылуына облыс әкiмi аппаратының - 1 473 мың теңге.
Тармақ 9
9. Облыс әкiмiнiң резервi - 180 000 мың теңге сомасында бекiтiлсiн, оның iшiнде: облыс әкiмиятының қаулысымен анықталған табиғи және техногендiк төтенше жағдайларды жоюға және басқа да көлденең шығыстарға - 180 000 мың теңге.
Тармақ 10
10. 2002 жылға арналған облыстық бюджетте ауыл шаруашылық өндiрушiлердi несиелендiру үшiн 228800 мың теңге, көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарына 200000 мың теңге қарастырылсын. 📌 Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облыстық мәслихатының 2002.03.18. № 11/18 шешімімен .
Тармақ 11
11. 2002 жылғы желтоқсанның 31-не облыс жергiлiктi атқарушы органының борыш лимитi 3 785 474 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.
Тармақ 12
12. Облыстық бюджетте жергiлiктi атқарушы органдардың кепiлдiктерiмен алынған қарыздарды өтеу және оған қызмет көрсету үшiн 414168 мың теңге, оның iшiнде 2002 жылғы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға республикалық бюджеттен алынған несиелер өтеу үшiн 200000 мың теңге және сыйақы төлеу үшiн 14275 мың теңге қарастырылсын. 📌 Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облыстық мәслихатының 2002.03.18. № 11/18 шешімімен .