Об установлении ставок платы за загрязнение окружающей среды на 2002 год по Павлодарской области Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.01.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар облысы бойынша қоршаған ортаны ластаған үшін 2002 жылға төлемақы мөлшерін анықтау туралы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 23 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" № 148-II ҚРЗ Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер туралы" № 210-II ҚРЗ Кодексініѕ 462 бабына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Шаруашылықпен айналысатын объектілер үшін 2002 жылға мынадай төлемақы мөлшері бекітілсін:
Тармақ 1.1
1.1. Қоршаған ортаны ластағаны және табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін;
Тармақ 1.2
1.2. атмосфералық ауаны автомобиль, су, темір жолы және басқа жылжыйтын көліктердің зиянды шығарындылармен ластағаны;
Тармақ 1.3
1.3. Тұрғындарға ақаба суларды бұру мен тазалау және қалалық қоқыстар үйінділерінің тұрмыстық қалдықтарын орналастыру жөніндегі қызмет көрсететін кәсіпорындарға белгіленген лимиттер шегінде қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы мөлшері кемітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер туралы" № 210-II ҚРЗ Кодексіне сәйкес ағымдағы төлемдерді есептеу және оларды маусым сайын аудару бойынша міндеттер табиғат пайдаланушыларға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыстық мәслихаттың табиғатты пайдалану және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.