Об индикативном плане социально – экономического развития Павлодарской области на 2002 год Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.01.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстың 2002 жылға арналған әлеуметтік – экономикалық дамуының индикативтік жоспары туралы Облыс экономика департаментінің бастығы Қажыкен М.З. мырзаның "Облыстың 2002 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспары туралы" баяндамасын тыңдап және талқылап, облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI: Облыстық 2002 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспары бекітілсін.
Басқа 1. Облыстың 2002 жылға арналған әлеуметтiк - экономикалық дамуының негiзгi бағыттары
Павлодар облыстық маслихатының (II сайланған XVII сессиясы) 2002 жылғы 22 қаңтардағы шешiмiне қосымша Облыстың 2002 жылға арналған әлеуметтiк - экономикалық дамуының негiзгi бағыттары
Тарау 1. 1. Облыстың экономикасын дамыту
1. Облыстың экономикасын дамыту Өнеркәсiптi дамыту. Облыс аумағында табиғи ресурстарды пайдалануға және өнеркәсiптiң базалық салаларын дамытуға бағдарланған көпсалалы өнеркәсiп кешенi құрылды. 2000 жылы өндiрiс көлемi 154,1 млрд. теңге болды, нақты көлемнiң индексi - 118,3 %. Республика бойынша өнеркәсiп өнiмiнiң құрылымындағы облыстың үлес салмағы 2000 жылы 7,2 % құрады. Көмiр өндiру көлемiн 33,2 %, электр энергиясын 29, ферроқорытпаларды 8, мұнай өңдеу өнiмдерiн 54,3 %, трактор шығаруды 46,7 % өсiруге қол жеткiзiлдi. Өсiм өнеркәсiптiң бiрқатар саласындағы экспорттың жандандырылуы мен инвестициялық iс- әрекеттiң кеңеюiмен шарттастырылған. Сонымен қатар айналым қаражатының тапшылығы, төленбеген төлем проблемалары, тұтынушылардың төлем қабылетiнiң төмен болуы өндiрiске жағымсыз ықпал жасады. 2001 жылғы бағалау бойынша өнеркәсiп өнiмiн өндiру 2000 жылмен салыстырғанда 12,2 % өсетiн болды. қызметтiң барлық түрлерi бойынша өндiрiс өсiмi күтiлуде. Электр энергиясын, газды және суды өндiру 10 % өсетiн болады, (оның iшiнде электр энергиясын өндiру 22 млрд. квт. сағатқа жетпек), таукен өндiру 6 % жуық өседi деп етiлуде, тас көмiр мен лигнит өндiру 56 млн. тоннаға жететiн болады. өңдеу өнеркәсiбiнде 14,8 % жетедi. Аса көп өсiм мұнай өңдеу өнiмдерi 172,1 %, көпiрлi электр крандар (арнайыларды қоса алғанда) 197,8 %. Қабылданған салалық бағдарламаларды жүзеге асыру тоқтап тұрған кәсiпорындар жұмысын жаңғыртуға, облыстың iрi және орта кәсiпорындарындағы жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi кеңейтуге, сондай-ақ қосымша 1124 жұмыс орындарын құруға мүмкiндiк бередi. Алдымыздағы жылы өнеркәсiп өндiрiсiнiң көлемi ағымдағы жылға қарағанда 5,2 % өседi деп болжамдалуда. Электр энергиясын, газды және суды өндiру және үлестiру көлемiн 6 % көбейту көзделуде, электр энергиясын өндiру 23,5 млрд. квт сағ. құрайтын болады. Өндiрiстiң өсуi республикада тұтынуды арттыру және Ресейге экспорт жасау есебiнен болжамдалуда. Тау - кен өнеркәсiбiнде өндiрiс көлемiн 5,5 % өсiру жоспарлануда, көмiр мен лигнит өндiру 58 млн. тоннаны құрайтын болады. Өңдеу өнеркәсiбi өнiмiнiң көлемiн 5,3% көбейту негiзiнен металлургияда (8,1%), машиналар мен жабдықтар шығаруда (30,8%) қарастырылып отыр. Жұмыс iстеп тұрған қуаттарды қолдау, қайта құру, техникалыұ қайта жарақтандыру және негiзгi құралдарды инвестициялық бағдарламаларға сәйкес жаңғырту, "қазақстантрактор" ААҚ-да жаңа Т-95.4 тракторын игеру, "Павлодар машина жасау заводы" ААҚ-да жүк көтергiштiгi 50 тоннадан асатын ауыр көпiрлi крандар, 32-ден - 50 тоннаға дейiнгi ауыр төрттағанды крандар шығаруды ұйымдастыру жөнiндегi iс-шаралар жүзеге асырылатын болады. Көзделген мақсаттарға жету үшiн 2002 жылғы мынадай мәселелер алға қойылып отыр: тоқтап тұўрған кәсiпорындарды жандандыру, резервтiк қуаттар мен алаңдарды пайдалану, импорт алмастыру жөнiндегi бағдарламаларды жүзеге асыру мен iшкi рынокты отандық товарлармен толыќтыру (алдымен жергiлiктi шикiзаттан шығарылатындармен), аймақтың экономикасының бәсекеге жарамдылығын арттыру. Ауыл шаруашылығын дамыту. 2000 жылы жалпы өнiмнiң көлемi 1999 жылдың деңгейiне қарағанда 16,4 млрд. теңгенi құрады немесе 108,8% болды, оның iшiнде өсiмдiк шаруашылығында - 6,5, мал шаруашылығында - 9, 9 млрд. теңге. Өсiмдiк шаруашылығының өнiмi жалпы өнiм құрылымында 40% құрады. Астық өндiру 18,5 %, күнбағыс - 2 есеге, картоп - 30, 9 %, көкөнiс - 39,8 % артты. Сонымен қатар, дәндi дақылдардың орташа шығымы гектарына 5,6, центнер немесе 1999 жылға қарағанда 107,7 %, картоптың - 108 ц/га (130,0 %), көкөнiстiң - 176, 0 ц/га (113,5 %) болды. Шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы көбейдi. Ет және сүт өндiру көлемi 1999 жылдың деңгейiнде қалды, жұмыртқа өндiру 34,2 % артты. Облыста егiншiлiк пен мал шаруашылығын дамыту жөнiнде қабылданған бағдарламалар, ауа райының қолайлы жағдайы 2001 жылы жалпы өнiм көлемiн 20,7 млрд. теңгеге көбейтуге мүмкiндiк бередi, бұл 2000 жылдан 13,4 % жоғары. Дәндi дақылдардың жетiлдiрiлгеннен кейiнгi түсiмi 434 мың тоннаға дейiн (2000 жылға қарағанда 200 %), соның iшiнде бидай - 280 мың тоннаға (208,9 %), күнбағыс - 15 мың тоннаға (174,4 %), картоп - 90 мың тоннаға (105,7 %), көкөнiс - 40,7 мың тоннаға (104,3 %) жетедi деп күтiлуде. Мал шаруашылыєында жемшөґп қорын нығайту мен мал тұқымын асылдандыру жұмысын жақсартуға байланысты ағымдағы жылы мал басын көбейту және малдың өнiмдiлiгiн арттыру көзделiп отыр. Сойыс салмақтағы ет өндiрiсi 34,3 мың тонна, сүт 245 мың тонна, жұмыртқа 85 млн. дана, 2000 жылдың деңгейiмен салыстырғанда тиiсiнше 1,5 %, 3,2 %, 29,8 % құрайтын болады. Ауылшаруашылық малының тұқымдық - өнiмдiлiк қасиеттерiн арттыру мақсатында жыл басынан бастап қолдан ұрықтандыратын қосымша 82 пункт ашылды. Бұрын құрылғандарды есепке алғанда облыста барлығы 174 пункт жұмыс iстейдi. 2002 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнiм көлемi барлық санаттардағы шаруашылықтарда 22,5 млрд. теңге болады. Дәндi дақылдардың егiс алқаптарын ұлғайту қарастырылуда. Жетiлдiрiлгеннен кейiнгi салмақтағы дәндi дақылдар 260 мың тоннаға дейiн алынады, (2001 жылғы бағалаудан 59,9 % артық). Картоптың жалпы түсiмi 2001 жылмен салыстырғандағы 95 мың тоннаны болады 105 % өсуiмен, көкөнiс тиiсiнше - 122,8 % -нен құрайды 50 мың тонна құрайтын болады. Сойыс салмақтағы мал етi мен құс етiн 35 мың тонна өндiру болжамдалуда, бұл 2001 жылға бағалаудан 2 %, сүт - 253 мың тонна (3,3 %), жұмыртқа - 88 млн. дана (3,5 %), жүн - 610 тонна (1,7 %) артық. Ауыл шаруашылығының мал басы санын өсiру болжамдалуда. Азық-түлiктiң маңызды түрлерi мен ауылшаруашылық шикiзатының өсуiн қамтамасыз ету iшкi рыноктың қажетсiнуiн толығырақ қамтамасыз етiп, экспортты дамытуға мүмкiндiк беретiн болады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтiк саланы дамыту
2. Әлеуметтiк саланы дамыту Халық, жұмыспен қамту және еңбек ресурсатары. 2000 жылы облыс халқының орташа саны 1999 жылмен салыстырғанда 2 % кемiп, 784,6 мың адам болды. Көшiқон үрдiсiнiң қарқыны төмендегенi байқалады. Бағалау бойынша 2001 жылы көшiқон сальдосы 2 еседен артық төмендеп, 7,6 мың адам болады, халықтың табиғи өсiмi сәл көтерiледi. Осының нәтижесiнде облыс халқының саны 2001 жылы орта есеппен 777,5 мың адамға жетедi деп болжам жасалуда. 2000 жылы облыстың еңбекке қабiлеттi тұрғындар саны 476,2 мың адамға немесе халықтың жалпы санының 60,7 % құрады. 2001 жылы ашық еңбек рыногында жұмыссыздардың орташа жылдық саны 32,1 % кемiп, 38,7 мың адам болады (экономикалық тұрғыдан белсендi халық санының 8,9 %). Бұл 2001 жылы облыс кәсiпорындарында жұмыспен қамтылғандар санының 19,4 мың адамға (9,1 %) өсуiне және өз iсiмен айналысатындардың көбею үрдiсiнiң сақталуына байланысты. Жұмысақы халықтың негiзгi табыс көзi болып табылады, ол ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен 3,5 есеге артып, 2000 жылдың қорытындылары бойынша айына орташа есеппен алғанда 14108 теңге болды. 1999 жылға қарағанда номиналдық есептеу бойынша 22,9 %, нақты - 11,9 % өсiм болды. Облыс экономикасының өсуi, 2000 жылдың деңгейiне қарағанда 21,1 % номиналды және 14,8 % нақты көтерiлiп, бағалау бойынша 2001 жылы 17079,7 теңгеге жететiн жұмысақының бұдан әрi де өсуiне ықпал етпек. Жалғасып жатқан көшi-қонға байланысты халықтың орташа жылдық саны 2002 жылы 0,2 % кемiп, 761,0 мың адам болады, еңбек ресурстары 1,0 % кемидi. Жұмыссыздар саны 38 мың адамға (2001 жылдың деңгейiне қарағанда 98,2 %) төмендейдi. Облыс кәсiпорындарында жалданып жұмыс iстейтiндердiң саны 0,4 мың адамға көбейiп, 232,4 мың адамға жетедi. Өздерiн жұмыспен қамтығандар саны 161,3 мың адам болады. Орташа айлық жұмысақы 17864,2 теңгеге (2001 жылдың деңгейiне қарағанда 104,6 %) жетедi, нақты өсiм 1,4 % құрайтын болады.