О ставках платы за лесные пользования на 2002 год Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Орманды пайдалану үшін 2002 жылға арналған төлем ставкалары туралы 📌 Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды (Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының 2007 жылғы 30 наурыздағы № 01-151/01-06 хаты). "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-II Кодексінің 470 және 473 баптарына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ қабылдайды:
Тармақ 1
1. Қосымша ормандық материалдарға, дәрілік өсімдіктерге және басқа да тағамдық орман өнімдеріне 2002 жылға арналған төлем ставкалары бекітілсін (№ 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Орманды жанама пайдалануға 2002 жылға арналған төлем ставкалары бекітілсін (№ 2 қосымша).
Тармақ 3
3. "Орманды жанама пайдалануды жүзеге асыру үшін орман қорының учаскелерін жалға беруге арналған таксаларды бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облыстық депутаттары мәслихат - жиналысының VI сессиясының 1995 жылғы 20 шілдедегі қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 4
4. Шешім әділет органдарында тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 5. Екінші дәрежелі ағаш материалдарына, дәрілік өсімдіктерге және тағамдық орман өнімдеріне арналған
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының ХII сессиясының 2001 жылғы 21 желтоқсандағы № 12/9-II шешіміне № 1 қосымша Екінші дәрежелі ағаш материалдарына, дәрілік өсімдіктерге және тағамдық орман өнімдеріне арналған ТӨЛЕМ СТАВКАЛАРЫ Ескерту:
Тармақ 1
1. Өнім және шикізаттың шоғырлануы (алқап бірлігінің түсімділігі) бойынша төлем ставкаларын реттеу өнімділіктің 5 баллдық шкаласы бойынша мынадай коэффициенттермен жүргізілсін: 1 балл - 0,6 2 балл - 0,8 3 балл - 1,0 4 балл - 1,2 5 балл - 1,4
Тармақ 2
2. Шикізаттың шоғырлануына (толықтығына) және жеміс бермейтін өсімдіктердің қатысу үлесіне қарай ақы төлеуді реттеу үшін мынадай төмендету коэффициенттері қолданылады: Жалпы саннан жеміс беретін өсімдіктердің пайызбен көрсеткендегі саны 0 - 19% - 0,4 20 - 39% - 0,6 40 - 59% - 0,8 60 - 79% - 0,9 80 - 100% - 1,0
Басқа 8. Ормандық жанама пайдалануға арналған
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының ХII сессиясының 2001 жылғы 21 желтоқсандағы № 12/9-II шешіміне № 2 қосымша Ормандық жанама пайдалануға арналған ТӨЛЕМ СТАВКАЛАРЫ Ескерту:
Тармақ 1
1. Шабындық учаскелерін өнімді пайдаланатын қосындардан алшақтығына байланысты белгіленген төлем ставкасына мына коэффициенттер қолданылады: 10 километрге дейін 1,5 10 км-ден 25 км-ге дейін 1,2 25,1 км-ден 40 км-ге дейін 1,0 40,1 км-ден 60 км-ге дейін 0,8 60,1 км-ден 80 км-ге дейін 0,6 80 километрден аса 0,2
Тармақ 2
2. Шөпті қолмен шабылатын учаскелерге және бұталылығы 20 пайыздан артатын учаскелерде шабындық учаскелерін пайдаланғаны үшін ақы 20 пайызға төмендейді.