Об установлении ставок платы за загрязнение окружающей среды на 2002 год по Южно-Казахстанской области Қолданыста
Басқа 0
Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша 2002 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлем ставкаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 10 бабына және Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Кодексiнiң 462 бабына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШТI:
Тармақ 1
1. Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша 2002 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлем ставкалары қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
Тармақ 2
2. Осы шешiм 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырыла бастайды.
Басқа 3. Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша
2002 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшiн
төлем ставкалары
Облыстық мәслихаттың
2002 жылғы 29 қаңтар
N 16/175-II шешiмiне қосымша
Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша
2002 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшiн
төлем ставкалары
Ластайтын заттарды тастағаны, өндiрiс және тұтыну қалдықтарын белгiленген лимиттер шегiнде орналастырғаны үшiн төлем ставкалары 2002 жылға келесi мөлшерлерде белгiленсiн:
Тармақша 1
1) Тұрақты көздерден атмосфераға тасталған ластайтын заттардың бiр шартты тоннасы үшiн - 350 теңге;
Тармақша 2
2) Жылжымалы көздерiнен атмосфераға тасталған ластайтын заттардың бiр шартты тоннасы үшiн - 300 теңге;
Тармақша 3
3) Табиғи объектiлерге төгiлген шайынды сулардың құрамындағы ластайтын заттардың бiр шартты тоннасы үшiн - 7000 теңге;
Тармақша 4
4) Қалдықтарды арнайы белгiленген жерге (полигондарда, қалдықтар қоймасына, жинағыштарға және арнайы рұқсат етiлген қоқыс жинайтын орындарға) орналастырғаны үшiн:
Қалдықтардың
атауы
Токсикологиялық зияндылық класы
Өлшем бiрлiктері
Бiр өлшем
бiрлiгi үшiн
төлем ставкасы, теңге
төтенше қауiптi
жоғарғы қауiптi
шектеулi қауiптi
аз қауiптi
зиянды емес
I
II
III
IV
V
тн
тн
тн
тн
тн
3200
1600
400
200
100