О мерах по предупреждению чрезвычайных ситуаций в период весеннего паводка 2002 года Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.02.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2002 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлардың алдын-алу жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Заңының 13 бабына сәйкес және көктемгі су тасқыны кезеңінде облыстың экономикасы инфрақұралымның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыста су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары бекітілсін (1, 2 қосымша).
Тармақ 2
2. Қала және аудан әкімияттары 2002 жылғы 11 наурызға дейінгі мерзімде: су тасқынының алдын-алу, көктем кезінде экономиканың тұрақты қызмет істеуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлесін және бекітсін және төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқармаға берсін; су тасқынына қарсы іс-шараларды жүзеге асыру үшін бақылау жасау жөнінде комиссиялар құрсын; баланстарында су қоймалары және канализациялық ағын суларының су жинақтағыш-буландырғыштары, олардағы бөгеттер мен су шығарғыштары бар ұйымдардың басшыларына оларға кезектен тыс байқау жүргізұді, апаттық су шығаруларға жол бермеу жөнінде нақты шаралар қабылауды, су тасқыны өтетін кезеңде басшылар мен апаттық бригадалардың теулік бойы кезекшіліктерін белгілеуді, оларды қажетті механизмдермен және материалдармен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныс жасасын.
Тармақ 3
3. Аудан әкімдері облыстық экономика, индустрия және сауда департаментімен бірлесіп (Д.Т. Әбенов ) су тасқыны басталғанға дейін осы тасқындарға ұшырайтын елді мекендерге осы мерзімге қажет болатын азық түлік, ең бірінші қажет болатын тауарларды алдын-ала жеткізуді ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Қаржы департаменті (М.А. Щеглова ) - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуге Қостанай облысы әкімінің резервтік қорынан 6500000 теңге қаражат бөлсін, оның ішінде: инфрақүрылым және құрылыс департаментіне - 6000000 теңге; облыстық суда қорғау орталығына - 500000 теңге.
Тармақ 5
5. Су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізу жұмыстары облыстық ТЖ жөніндегі комиссияға басшылық ететін төраға-облыс әкімінің бірінші орынбасары В.В. Мейстерге жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыстық ТЖ жөніндегі басқармаға (Е.В. Ватов) жүктелсін.
Басқа 7. Облыстағы су тасқынына қарсы іс-шаралардың ЖОСПАРЬІ
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 18 ақпандағы № 41 қаулысына 1 қосымша Облыстағы су тасқынына қарсы іс-шаралардың ЖОСПАРЬІ Іс-шаралардың атауы Орындалу мерзімді Жауыптылар 1. Тобыл өзеніндегі су қоймаларында және суды өткізу қасқадттарын толтыру жөніндегі кешенді шараларды орындау. Су тасқыны кезеңінде Қостанайсушар РМК Ж.Р. Райымқұлов (келісім бойынша) 2. Автомобиль және темір жолдарында су жіберетін құбырларды тазалау және ағынды суларды өткізуді қамтамасыз ету. Су тасқыны басталғанға дейін Қостанай облыстық автожолдар басқармасы Ізтілеуов Ж.Г. (келісім бойынша) «Қостанай облысының жол шаруашылығы және көлік департаменті» ММ Қазақавтожол РМК А.С. Демеев (келісім бойынша) «Амангелді жолы» ЖШС Е.А. Амантаев (келісім бойынша) Қазақстан темір жолы РМК – Қостанай тасымалдау бөлімшесі Б.С. Шамиганов (келісім бойынша) 3. Автомобиль жолдарының жер қыртысының еруі мерзімінде ауыр жұкті көлік құралдары қозғалысына уақытша тыйым салу. Қостанай облыстық автожол басқармасы Ж.Г. Ізтілеуов (келісім бойынша) «Қостанай облысының жол шаруашылығы және көлік департаменті» ММ Көлікті бақылау басқармасы С.С.Жұнісов (келісім бойынша) ІІБ Жол полициясы Б.Ж.Бектаев 4. Болатын аса катерлі су тасқыны апаттарды туралы дер кезінде және сапалы түрде хабарлар алу және олар туралы мәліметтерді қала, аудан әкімдеріне, онымен қоса басқа да мүдделі ұйымдарға жеткізу Барлық мерзімде ЕМК «Гидрометеорология бойынша «Қостанай орталығы» А.Н. Толканев (келісім бойынша) 5. Қорғалау стансаларын дайындау, жүзу құралдарында кезекшілік және күзету жұмыстарын ұйымдастыру. Барлық мерзімде Су каупінен құтқару қызметі Қостанай облыстық орталығы А.И. Решетняков 6. Елді мекендерді және шаруашылық объектілерін су тасқыны жағдайларында тұрақты байланыс және электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету. Барлық мерзімде Облыстық телекоммуникациялық дирекция Л.С. Пак (келісім бойынша) А.Қ. «Қостанайэнерго» А.А. Чегодаев (келісім бойынша) Оңтүстік электр желілері М.Х. Мұсабеков (келісім бойынша) 7. ЖЖМ қажетті қорларын жасау, көлік және техника жұмыстарын сапалы және апатсыз қызмет етуін қамтамасыз ету. Тасқын басталғанға дейін Қостанай облыстық автожолдары басқармасы Ж.Г. Ізтілеуов (келісім бойынша) «Қостанай облысының жол шаруашылығы және көлік департаменті» ММ Қазақавтожол А.С. Демеев (келісім бойынша) «Қостанайжолдары» ААҚ В.Я.Дирксен (келісім бойынша) 8. Облыс аумағында ұшып шығуға және су тасқыны жағдайын бағалау үшін ұшақтын әрдайым дайын болуын қамтамасыз ету. Барлық мерзімде «Арайавиа» Авиа-компаниясы ЖШС О.Ю. Калибров (келісім бойынша) 9. Мұз жүретін кезеңдерде өзендер бойындағы тиесілі жарғыш жұмыстары мөлшерін айқындау. Төтенше жағдайларда шартты негізде Қостанайвзрывпром еншілес мемлекеттік кәсіпорнымен келісіп алып, мүмкін болатын жарылыс жұмыстарына алдын-ала дайындалу. Су тасқыны басталғанға дейін Қостанай облыстық ТЖ жөніндегі басқармасы Е.В.Батов 10. Кәсіпорындар, ұйымдар мен тұрғындарды хабарландыру, адамдарды апатты жерлерден тасымалдау жөніндегі маршруттарды дайындап қою. Су тасқаны басталғанға дейін 11. Төтенше жағдайлар бола қалған қезендердегі, су тасқынына дайын болу үшін жергілікті жағдайларға бейімделген нақты тиесілі жаттығу жұмыстарын тұрғындарға үйрету. Су тасқаны басталғанға дейін 12. Су тасқынына және осы мерзімдерге арналған дайындық туралы іс-шараларды әрбір жеті сайын ТЖ жөніндегі облыстық комиссияның төрағасына баяндап отыру. Барлық мерзімде
Басқа 8. Су тасқынына қарсы іс-шаралдарды жүзеге асыру шығындарының СМЕТАСЫ
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 18 ақпандағы № 41 қаулысына 2 қосымша Су тасқынына қарсы іс-шаралдарды жүзеге асыру шығындарының СМЕТАСЫ Шаралар өлшемі саны Бір дана құны сомасы (теңге) Мұз тұрып қалған жерлердегі жарылыс жұмыстары 1500000 Гидрометеоорталығы қызметінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге кететін шығындар 350000 Судан құтқару қызметі орталығының шығындары 500000 Телефон-телеграф қызметінің шығыны 300000 Кезекші ұшақ немесе тік ұшақ қызметі үшін төлем төлеу сағ. 40 2800000 Кезекші машинаға керекті ЖЖМ шығынын өтеу 50000 Есептелінбеген басқа да шығындар 1000000 ЖИЫНТЫҒЫ: 6500000