О ставках платежей за лесные пользования на 2002 год Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Орманды пайдаланғаны үшін 2002 жылға арналған төлемақылар туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 29.05.2004 № 8-22 шешімімен. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-2 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы N 209-2 "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексіне (473 бабының 1 тарауы "Төлемақы ставкалары") және Қазақстан Республикасының Орман Кодексінің 31, 32-баптарына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Орман қорындағы шалғынды жерлерді жалға беру, шабылған орман ағаштарын отынға беру, бұтақша-шабықтарды сату, жерді күту, санитарлық кесу арқасында жиналған ағаштарды, жаңа жылға кесілетін қарағайларды сатудың төлемақылары бекітілсін (N 1, 2, 3, 4 қосымшалар).
Тармақ 2
2. Орман қорындағы жерлерден шөпке шабу ақы төлеуден Ұлы Отан соғысына қатысушылар және орман иелері босатсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 14 қазандағы N 1021 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасының орман қоры аумағында шөп шабу мен мал жаюдың ережесіне" сәйкес орман қоры жерлерінің құрамына кіретін шабындықтар мен жайылымдарды жалға алғаны үшін төлемақы мөлшерін азайту қалалық және аудандық мәслихаттарға тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы N 209-2 "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 4 бабына сәйкес орманды пайдаланғанынан түскен төлемақылар жергілікті бюджетке жолдансын.
Тармақ 5
5. Осы шешім 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енеді.
Басқа 6. Санитарлық күту үшін кесілген кезде отын үшін берілетін ағаштарға калькуляциясы
Қосымша N 1 2001 жылғы 22 желтоқсандағы N 17-5 облмәслихаттың шешіміне Санитарлық күту үшін кесілген кезде отын үшін берілетін ағаштарға калькуляциясы Мазмұны 1 куб.м бағасы/теңгемен/ Тұмар өсімінің төлемі 67-25 Орманды өрттен қорғаушылардың жалақысы 25 теңге Қосымша жалақы 40 пайыз 10 теңге Әлеуметтік салық 21 пайыз 7,35 Үстеме салық төлемі 16 пайыз 35 Барлығы бағасы 144,60 Пайда 25-50 Барлығы: 172-50 Үстеме салық төлемі 16 пайыз 27-50 Үстеме салық төлем бағасы 1 тығыз куб.м бойынша 200 Облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқарма бастығы М.Н.Оразғалиев
Басқа 7. Отын үшін жіберілетін қурап қалған және құлап жатқан ағаштардың калькуляциясы
Қосымша N 2 2001 жылғы 22 желтоқсандағы N 17-5 облмәслихаттың шешіміне Отын үшін жіберілетін қурап қалған және құлап жатқан ағаштардың калькуляциясы р/н Мазмұны 1 куб.м бағасы/теңгемен/ 1 Тұмар өсімінің төлемі 26 2 Орманды өрттен қорғаушылардың жалақысы 25 3 Қосымша жалақы 40 пайыз 10 4 Әлеуметтік салық 21 пайыз 7-35 5 Үстеме салынатын шығындар 35 6 Барлық құны 103-35 7 Пайда 17-60 Барлығы: 120-95 8 Үстеме салық төлемі 16 пайыз 19-35 9 Үстеме салық төлем бағасы 1 текше метр 140-30 140 Облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқарма бастығы М.Н. Оразғалиев
Басқа 8. Жаңа жылға кесілетін шыршалары және санитарлық кесуден жинақталған ағаштарға сату калькуляциясы /1 дана теңге есебімен
Қосымша N 3 2001 жылғы 22 желтоқсандағы N 17-5 облмәслихаттың шешіміне Жаңа жылға кесілетін шыршалары және санитарлық кесуден жинақталған ағаштарға сату калькуляциясы /1 дана теңге есебімен Мазмұны 1,5 м дейін 1,5-3,0 м дейін 3 метр дейін 1 Өсіруге арналған бұтақшалар/бұған тұқым, орман зиянкестерінен өртке қарсы шаралар кіреді/ 160 250 900 2 Кесу, тасу, тиеу, орманды қорғау жалақы 15 25 50 3 Қосымша жалақы 40 пайыз мөлшерінде 6 10 20 4 Әлеуметтік салық 2 пайыз 4-40 7-35 14-70 5 Үстеме салынатын шығындар 21 35 70 6 Барлық өнімдер бағасы 20-40 325-35 1054-70 7 Пайда 52-20 69-20 238-40 БАРЛЫҒЫ: 258-60 396-55 1293-10 8 Үстеме салық төлемі 16 пайыз 41-40 63-45 206-90 9 Үстеме салық төлем бағасы 300 460 1500 Облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқарма бастығы М.Н. Оразғалиев
Басқа 9. 1 гектар шабындық калькуляциясы
Қосымша N 4 2001 жылғы 22 желтоқсандағы N 17-5 облмәслихаттың шешіміне 1 гектар шабындық калькуляциясы Мазмұны Бағасы/теңге/ 1 Жер салығы 2 Шабындықтарды қорғау 3 Өртке қарсы жер жырту 100 метр немесе 500 шаршы метр немесе 0,05 га кеткен жанармай -сұйық жанармай 0,05 га х18,5х32,0 теңге -қою жанармай 0,05 га х0,55х100 29,60 2,75 4 Культивация /сындырма жырту/ -сұйық май 0,05 га х9,25х3200 теңге -қою май 0,05 га х27х100 14,80 1,35 5 4 разрядты тракторшы /сағаттық ставкасы - 25,50/ нормасы 5 га/см болғанда жалақысы 0,10 -қосымша жалақысы 40 пайыз 3 разрядты тіркеушінің /сағаттық ставкасы 23,70/ 0,24 -қосымша жалақысы 40 пайыз 0,10 6 Тракторды екінші ауданға көшіру /егер жолға 3 сағат жұмсаса/ 15,30 -қосымша жалақысы 40 пайыз 6,12 7 Жалақыға қосымша /әлеуметтік салық/ - 31 пайыз 5,24 8 Үстеме салынатын шығын 4,99 9 Барлығы 85,19 10 Экология фондасына 0,48 11 Барлық баға 85,67 12 Пайда 8,58 Барлығы 94,25 13 Үстеме салық төлемі 16 пайыз 15,08 14 Барлығы 109,33 Шабындық жерлер а/өнімі 3 цент-га дейін болса 110 ә/өнімі 3 цент-га-дан 5 цент/га болса 130 б/өнімі 5 цент-га-дан 8 цент/га болса 150 в/өнімі 8 цент-га-дан 11 цент/га болса 180 г/өнімі 11 цент-га-дан жоғары болса 200 Егер шабындық алаңы қолдан /орақ арқылы/ шабылса, жерді пайдалану 25 пайызға дейін арзандатылады. Облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқарма бастығы М.Н. Оразғалиев