О предупреждении и ликвидации чрезвычайных ситуаций в период паводка 2002 года Күшін жойған
Басқа 0
2002 жылға су тасқыны кезіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою туралы
📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 23.05.2003 № 106 қаулысымен.
Өткен жылдардың су тасқыны жағдайларын талдау байқатқанындай шаруашылық кешендерi объектiлерiн, өзендердi, су қоймаларын және суару-суландыру жүйелерін тасқын суды апатсыз өткiзуге дер кезiнде әзірлеу қажеттiгiн көрсетіп отыр.
Алынған шараларға қарамастан жыл сайын елдi мекендер мен аумақтарды су басып кету, гидротехникалық құрылыстардың қирап бүлiну қаупi туындайды, көлiк қатынастарының үзiлу фактiлерi орын алды.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы 5 шiлдедегi № 19 Заңдарын, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң "Қазақстан Республикасының аса маңызды мемлекеттiк және стратегиялық объектiлерiнiң, сондай-ақ тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" 2001 жылғы 25 желтоқсандағы № 101 өкiмiн басшылыққа ала отырып, тасқын суды апатсыз өткiзу, көлтабандарға су жiберу және негiзгi су қоймаларында су қорларын жасап алу мақсатында облыстық әкiмият ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысы аумағында су тасқынына қарсы шаралар бекiтiлсiн (№ 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Облыс әкiмiнiң орынбасары С.П. Качалоның төрағалық етуiмен су тасқынына қарсы комиссия құрылсын (№ 2 қосымша).
Тармақ 3
3. Плотиналардың, бөгеттердiң техникалық жағдайын анықтау және оларды апатсыз пайдалану жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу үшiн барлық жасанды су қоймаларын паспорттаудан өткiзудi жүргiзетiн жұмысшы тобы құрылсын (№ 4 қосымша).
Жұмыстың орындалуы нәтижесi 2002 жылдың 1 мамырында тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Орал қаласының, аудандардың әкiмдерi, шаруашылық субъектiлерiнiң басшылары меншiктiң нысанына қарамастан су тасқыны кезiнде ведомстволық бағынышты объектiлердiң халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн жүйелердiң тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз етсiн. Тасқын суға қарсы шаралардың орындалу мерзiмiн сақтасын. Алынған шаралардың барысы туралы 2002 жылдың 1 сәуiрiне дейiн хабарласын.
Тармақ 5
5. Облыстық қаржы басқармасы (Хамитов) облыстық төтенше жағдайлар басқармасына (Маючий) тұрғындарды және аумақты су тасқынынан қорғау жөнiндегi шараларды iске асыру, алдын ала болжанбаған басқа да шараларды орындау үшiн алдын ала жасалған есепке сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар резервiнен 47 000 мың теңге қаржы бөлсiн (№ 3 қосымша).
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары С.П. Качалоға жүктелсiн.
Басқа 7. Батыс Қазақстан облысының халқын және аумағын 2002 жылғы су тасқынынан қорғау жөнiндегi шаралар
Облыстық әкiмияттың
2002 жылғы 25 ақпандағы
№ 45 қаулысына
№ 1 қосымша
Батыс Қазақстан облысының халқын және аумағын 2002 жылғы су тасқынынан қорғау жөнiндегi шаралар
Шаралар
Жауапты орындаушылар
Орындалу мерзiмi
Су тасқынына қарсы комиссияның дербес құрамы бекiтiлсiн.
Ведомстволық қарасты аумақтарда тасқын суды апатсыз өткiзу жөнiнде шаралар әзiрленсiн және iске асырылсын.
Қорғаныш құрылыстарын, бөгеттердi, плотиналарды беркiту, қажеттi материалдық- техникалық қорлар мен басқа да резервтер жасалсын.
Шұғыл бағдарлау отряды дайындыққа келтiрiлсiн.
Тасқын су өту кезiнде жауапты адамдардан тәулiк бойы кезекшiлiк белгiленсiн.
Қала және елдi мекендер аумағынан ерiген суларды ағызу, қардан тазарту жөнiнде бригадалар ұйымдастырылсын. Ғимараттар мен құрылыстардан суларды бұрып жiберу жөнiндегi жұмыстар үшiн инженерлiк техникалардың кезекшiлiгi қамтамасыз етiлсiн.
Ауыл шаруашылығы мақсаттары үшiн тасқын суды жинақтап алуды қамтамасыз ететiн жергiлiктi маңызы бар бөгеттер қалпына келтiрiлсiн.
Аудандардың, Орал қаласының әкiмдерi
10.03
Автомобиль жолдары су тасқынына әзiрленсiн, суды құбырлар мен көпiр құрылыстары арқылы өткiзу қамтамасыз етiлсiн.
Самара-Шымкент жолының 209 км, , Подстепный-Федоровка-Ресей шекарасы жолының 5, 41, 55 км, Казталовка-Жәнiбек жолының 51 км. су шайып кетуiнiң алдын алу жөнiнде шаралар алынсын.
Құм, қиыршық тас, құралдар дер кезiнде әзiрленсiн, инженерлiк техникалар дайындыққа келтiрiлсiн және олар бағыттар бойынша бекiтiлсiн.
Подстепный-Федоровка-Ресей шекарасы автожолының 51,96 км, Орал-Теплое жолының 32 км. су басуы мүмкiн болған жағдайларда қозғалысты дер кезiнде шектеу және техникалық себептермен жабу ұйымдастырылсын.
Су тасқынынан бұзылған автожолдар өткелдерi тез қалпына келтiрiлсiн.
Облыстық автомобиль жолдары басқармасы, облыстық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық және көлік басқармасы, облыстық ішкі істер басқармасы
10.03
Темiр жолдардағы жасанды құрылыстардың, жер төсемдерiнiң енсiз жерлерiнiң, дренажды қондырғылар мен су жиналуға қарсы құрылыстардың жағдайы тексерiлсiн.
Станция аумағын қар мен мұздан, шағын көпiрлердi, құбырларды су өткiзу құрылыстарын тазалау.
Су тасқыны кезiнде айналып өтетiн жолдар және қауiптi учаскелерде кезекшiлiктер белгiленсiн.
Талов-Семиглавый Мар, Вавилов-Шипов, Родник-Деркөл, Шипов-Родник жолдарындағы қозғалыс қауiпсiздiгiне айрықша көңiл бөлiнсiн.
"Қазақстан темiр жолы" РМК-нің Орал тасымалдау бөлімшесі
1.03
Мынадай кезек күттiрмейтiн жөндеу-қалпына келтiру жұмыстары жүргiзiлсiн:
- Киров су қоймасының жағалауларын және су өту бөлiгiн бекiту;
- Шаған су қоймасының жоғарғы және төменгi бьефтерiн бекiту.
Сарышаған су қоймасы құрылысындағы ақаулы топсалар мен винткөтергiштердi ауыстыру жұмыстары орындалсын.
Казталовка екiншi су торабының, Киров, Дөңгелек су қоймаларының, Сары өзен - Сокрыл каналдарының апатты объектiлерiне тас төсеу жөнiнде шаралар алынсын.
Орал өзенi бойымен қар суын өткiзу мәселесi бойынша Орынбор облысының, Сарыөзен және Қараөзен бойынша Саратов облысының үкiметтерiмен өзара iс-әрекеттестiк ұйымдастырылсын.
Орал-Көшiм жүйесiнiң су тораптарында мамандар мен техниканың кезекшiлiгi ұйымдастырылсын.
"Батыссушаруашылығы" републикалық мемлекеттік кәсіпорны
Жұмыс кестесіне сәйкес
Тасқын су өту кезеңiнде электр, байланыс, газ құбырлары желiлерiн қорғау, сақтау және сенiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiнде нақты шаралар әзiрленсiн және iске асырылсын.
"Оралэнерго" АҚ, "Оралоблгаз" АҚ, "Орал" магистралды газ құбырлары басқармасы, облыстық телекоммуникация дирекциясы
1.03.
Облыс орталығындағы ағынды су жинағыштардың тиiмдi пайдаланылуы жөнiнде тексерулер жүргiзу және шаралар алу.
"Суканал" АҚ
10.03.
Су тасқынына қарсы шараларды жалпы үйлестiрiп отыру және орындалуын бақылау. Заңнамаларға сәйкес су тасқыны кезiндегi төтенше жағдайларды жою кезiнде меншiктiң нысанына қарамастан материалдық-техникалық ресурстар жұмылдырылсын.
Құтқару, апаттық және басқа жұмыстарды жүргiзу үшiн жану-жағар май материалдарының қоры жасалсын.
Гидрологиялық жағдайды анықтау мақсатында өзен арнасы бойымен барлаулық ұшулар жүргiзiлсiн.
Құтқару және басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзу, адамдарды және материалдық құндылықтарды дер кезiнде көшiру үшiн шұғыл бағдарлау отрядының даярлығы тексерiлсiн.
Барлаулық ұшуларға және қажет болған жағдайларда азық-түлiк, дәрi-дәрмек материалдарын тастауға, сондай-ақ адамдарды су басу аймағынан шұғыл көшiруге әуе көлiгi құралдарын тарту қамтамасыз етiлсiн. Өзендерде мұз кептелiп қалған жағдайлар туындағанда, оны жою үшiн жарғыш мамандар тартылсын.
Облыстық төтенше жағдайлар басқармасы
20.03.
Суда құтқару жұмыстарын орындау үшiн ТЖ жөнiндегi облыстық басқармасының есебiне сәйкес жүзу құралдары, құтқару жейделерi және басқа да жабдықтар әзiрленсiн.
"Облыстық судан құтқару" қызметі, "Оралөзенфлоты" АҚ
20.03.
Су басу қаупi бар елдi мекендердiң емдеу мекемелерiнде дәрi-дәрмектердiң, дәрiгерлiк мүлiктердiң және азық-түлiктiң қоры жасалсын және тұрғындар арасында жұқпалы аурулардың шығуы мен таралуының алдын алу мақсатында олардың санитарлық-гигиеналық жағдайына бақылау күшейтiлсiн.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
1.03.
Су тасқыны басталғанға дейiн, өзендердегi судың деңгейiн бақылайтын барлық гидрологиялық бекеттер iске қосылсын.
Елдi мекендердi су басу қаупiн туындататын қатты дауылдар тез арада хабарлансын.
Апта сайын су тасқынына қарсы комиссияға қордың көлемi, өзендердегi және басқа су объектiлерiндегi гидрологиялық жағдай хабарланып отырылсын.
Батыс Қазақстан облыстық гидро- метрологиялық орталық
10.03.
Плотиналардың бөгеттердiң техникалық жағдайын анықтау және оларды одан әрi пайдалану жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында облыстағы көлемi 1 млн. текше метрден асатын барлық жасанды су айдындары паспорттаудан өткiзiлсiн.
Облыстық ауыл шаруашылығы департаменті, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегi басқарма
1.05.
Владимир поселкесiнде ағысты бағыттаушы бөгет құрылысы ауданында су тасқынына мониторинг жүргiзiлсiн.
"Оралсужобалау" ЖШС (келiсiм бойынша)
1.06.
Оқу орындарын, денсаулық сақтау, мәдениет объектiлерiн су тасқыны кезiнде бүлiнуден қорғау жөнiнде қажеттi жұмыстар жүргiзiлсiн.
Облыстық бiлiм беру, денсаулық сақтау, мәдениет басқармалары
1.03.
Автомобиль жолы қатынасы тоқтауы мүмкiн жағдайларда елдi мекендерде ауыл шаруашылығы малы үшiн жемшөп қоры жасалсын.
Облыстық ауыл шаруашылығы департаментi аудан әкiмдерiмен бiрлесiп
1.03.
Басқа 8. Су тасқынына қарсы облыстық комиссияның ҚҰРАМЫ
Облыстық әкiмияттың
2002 жылғы 25 ақпандағы
№ 45 қаулысына
№ 2 қосымша
Су тасқынына қарсы облыстық комиссияның ҚҰРАМЫ
Станислав Павлович КАЧАЛО - облыс әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы
Александр Федорович МАЮЧИЙ - облыстық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы,
комиссия төрағасының орынбасары
Талғат Сарыұлы ҚАРАСАЕВ - облыс әкiмi аппаратының отын-энергетикалық кешен
мәселелерi жөнiндегi бас инспекторы, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелерi:
Александр Құмарұлы ӘЖIҒАЛИЕВ - "Алау" ЖШС бас директоры (келiсiм бойынша)
Олег Ибатұлы АМАНҒАЛИЕВ - "Ақжол" ААҚ президентi (келiсiм бойынша)
Алексей Иванович БИРЮКОВ - облыстық мемлекеттiк санитарлық- эпидемиялық қадағалау
басқармасының бастығы
Бекет Тельманұлы МЫРЗАХМЕТОВ - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы
Ғайса Хамидоллаұлы ҚАПАҚОВ - Орал қаласы әкiмiнiң орынбасары
Қазбек Оразайұлы КЕНЖЕҒАЛИЕВ - "Батыссушаруашылығы" республикалық мемлекеттiк
кәсiпорының төрағасы
Геннадий Қадырұлы МҰҚАТАЕВ - Орал әскери гарнизонының бастығы
Мәрия Мұқашқызы МҰҚАШЕВА - Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест қоғамының төрағасы
Қайсар Әбiлкеұлы СҰЛТАНБАЕВ - облыстық жол полициясы басқармасының бастығы
Қайреден Есенғалиұлы ЖӘКИЕВ - облыстық ауыл шаруашылығы департаментiнiң бастығы
Құрманғазы Сидқанұлы ҚАЖИДЕНОВ - "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк
кәсiпорның Орал тасымалдау бөлiмшесiнiң директоры
Роберт Хамитұлы СҮЙЕРБАЕВ - облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының
бастығы
Тауғазы Сәтбайұлы ӘБДIҚҰЛОВ - облыстық телекоммуникация дирекциясының бас директоры
Нұрлан Рамазанұлы ҒАЙСИН - облыстық автомобиль жолдары басқармасы бастығының
мiндетiн атқарушы
Жетiбай Жолдасұлы ОТАРБАЕВ - "Батыс Қазақстан РЭК" акционерлiк қоғамының президентi
Асқар Шәңгерейұлы ХАМИТОВ - облыстық қаржы басқармасының бастығы
Арғын Мергенұлы ШАЛЕНОВ - "Оралөзенфлоты" акционерлiк қоғамының президентi
(келiсiм бойынша)
Басқа 9. 2002 жылғы су тасқынына қарсы бағдарламаны қамтамасыз етуге арналған ақша қаражатының ЕСЕБI
Облыстық әкiмияттың
2002 жылғы 25 ақпандағы
№ 45 қаулысына
№ 3 қосымша
2002 жылғы су тасқынына қарсы бағдарламаны қамтамасыз етуге арналған ақша қаражатының ЕСЕБI
1.
Өзендер арнасы бойымен барлаулық ұшуларға және қажет болған жағдайларда тамақ өнiмдерiн, дәрi-дәрмектер, жарылғыш материалдарын тастауға, сондай-ақ су басқан аймақтардан адамдарды шұғыл көшiру үшiн тiкұшақтарды тарту.
2000 мың теңге
2.
Шағын өзендердегi, Орал өзенiндегi тасқын суды болжайтын, өзендердегi судың көтерiлу деңгейi туралы күн сайын мәлiметтер берiп отырған облыстық гидрометеорологиялық орталықпен шарт жасасу.
500 мың теңге
3.
Төтенше жағдайлар аймағына күш пен жабдықтарды жеткiзу, төтенше жағдайлар басқармасының және "Батыссушаруашылығы" РМК-ның есебiне сәйкес шұғыл бағдарлау жасайтын ұтқыр топтарды қосымша жабдықтау шығындары (техникалар, автоқызметтер тарту, жану-жағар май, материалдар, жабдықтар, жұмыс киiмдерiн, қапшықтар сатып алу).
5477 мың теңге
4.
Арнаулы әуе көлiгiн қатыстыра отырып, кептелген мұздарды жою жөнiнде жарғыштар бригадаларының кезекшiлiгiн ұйымдастыру және жарылыс жұмыстарын жүргiзу.
500 мың теңге
5.
"Оралсужобалау" институтының күшiмен Владимир поселкесi маңындағы Орал өзенiнiң арнасының және жағалауының өзгеруiне тәулiк бойы мониторинг ұйымдастыру.
1697 мың теңге
6.
"Батыссушаруашылығы" РМК, "Оралсужобалау" институтының есебiне сәйкес тасқын суды өткiзудi қамтамасыз етуде гидротехникалық құрылыстарда, плотиналарда, су жинағыш тоғандарда болжанбаған апаттық жұмыстарға, соның iшiнде:
Казталовка екiншi су торабындағы, Киров, Дөңгелек су қоймаларындағы, Сарыөзен - Сокрыл каналындағы апатты объектiлерге iрi тастар сатып алу және төсеу;
Киров, Шаған, Саршаған су қоймаларының су жiберу құрылыстарындағы апаттық-қалпына келтiру жұмыстарына;
Теректi және Зеленов аудандарындағы шаруашылық iшiлiк су қоймаларының плотиналары мен бөгеттерiндегi апаттық-қалпына келтiру жұмыстарына, облыс орталығындағы су жинағыш және қорғаныш бөгеттерiне.
33950 мың теңге
1423 мың теңге
17527 мың теңге
15000 мың теңге
7.
Облыстық су шаруашылығы объектiлерiне тексеру жүргiзу, техникалық жағынан бағалау және паспорттау жұмыстарына, "Оралсужобалау" институтының сараптау қорытындысын алу үшiн.
1346 мың теңге
8.
Казталовка және Жаңақала аудандарында тасқын суды жайылымға шығару мақсатында бөгеттер салу.
1530 мың теңге
ЖИЫНТЫҒЫ:
47000 мың теңге
Басқа 10. Су шаруашылығы объектiлерiн құжаттау жөнiндегi жұмыс тобының ҚҰРАМЫ
Облыстық әкiмияттың
2002 жылғы 25 ақпандағы
№ 45 қаулысына
№ 4 қосымша
Су шаруашылығы объектiлерiн құжаттау жөнiндегi жұмыс тобының ҚҰРАМЫ
Сергей Валентинович ВЫДРИН - ауыл шаруашылығы департаментi бастығының орынбасары,
төраға
Евгений Николаевич ШЕСТАКОВ - "Оралсужобалау" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң
бас инженерi
Мұқан Керейұлы СЕРҚАЛИЕВ - "Батысушаруашылығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
бастығының орынбасары
Александр Александрович ИВАНОВ - облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармасының
бөлiм бастығы
Су шаруашылығы объектiлерi орналасқан аумақтардың аудандық және селолық әкiмияттарының өкiлдерi (келiсiм бойынша)