О некоторых вопросах кредитования сельхозтоваропроизводителей области на организацию проведения весенне-полевых и уборочных работ 2002 года Қолданыста
Басқа 0
2002 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді несиелендірудің кейбір мәселелері туралы
"2002 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерді несиелендірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 20 ақпандағы № 229 қаулысын және облыстық Мәслихат сессияның осы мәселе бойынша 2002 жылғы 27 ақпандағы шешімін орындау, сондай-ақ облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау және көктемгі егіс жұмыстарын уақытында жүргізу мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына (Е. Ы. Әжібаев) 152000,0 мың теңге бөлінсін.
Тармақ 2
2. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге несие беру жөніндегі бағдарламаның әкімші мекемесі болып облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) 2002 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді несиелендірудің ішкі ережелері;
Тармақша 2
2) Қатысу үшін банктерді іріктеу және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді несиелендіру және бөлінген несиелердің мақсатты пайдаланылуын және уақытында қайтарылуын бақылайтын қаржы агентінің қызметын орындау жөніндегі комиссия құрамы бекітілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары Қ. Ж. Елеусізовке жүктелсін.
Басқа 7
Облыс әкімиятының
2002 жылғы 07 наурыздағы
№ 34 қаулысымен бекітілген
2002 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді несиелендірудің ІШКІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тармақ 1
1. Осы Ережелер "2002 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерді несиелендірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 20 ақпандағы № 229 қаулысына және "Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға ауыл шаруашылығын несиелендіру" бюджеттік бағдарламасына сай облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 27 ақпандағы сессиясының шешіміне сәйкес бөлінетін 152,0 (жүз елу екі) миллион теңге сомасындағы несиелерді пайдалануға берудің және қайтарудың тәртібі мен шарттарын анықтайды.
Тармақ 2
2. 152,0 (жүз елу екі) миллион теңге сомасындағы несиелер өндірістің негізгі құралы жер болып- табылатын облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне сыйақының нөлдік ставкасы бойынша 2002 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары үшін жанар-жағар май материалдарын, тұқымдар,
тыңайтқыштар, гербицидтер, ауыл шаруашылығы машиналары үшін босалқы бөлшектер алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жалдауға және сатып алуға қатаң мақсатты нысанда бөлінеді.
Тармақ 3
3. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер алған несиелерін 2002 жылғы 1 қарашаға дейін қайтаруға міндетті.
Тармақ 4
4. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бағдарламаның әкімшісі мекемесі болып табылады.
Тармақ 5
5. Облыстық қаржы басқармасы қаржыларды бағдарлама әкімші мекемесінің есеп-шотына аударады.
Тармақ 6
6. Қатысу үшін банктерді іріктеу және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді несиелендіру және бөлінген несиелердің мақсатты пайдаланылуын және уақытында қайтарылуын бақылайтын қаржы агентінің қызметін орындау жөніндегі комиссия қатысу үшін банктерді іріктеуді және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді несиелендіру жөніндегі қаржы агентінің қызметін жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Бағдарлама әкімші мекемесі комиссиямен анықталған екінші деңгейдегі Банкпен агенттік келісім жасайды, бұдан кейін бағдарлама әкімші мекемесі несиелік қаржыларды осы Банкке аударады.
Банк Әкімші мекеме ұсынған тізімге сәйкес сыйақының нөлдік ставкасы бойынша ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге ағымдық есеп-шоттар ашу үшін Әкімші мекеме тапсырмасы бойынша алынған ақшаларды есепке алу жөнінде өзіне міндеттеме алады және қарыз алушылармен несиелік келісім-шарттарын жасайды.
Тармақ 8
8. Бағдарлама әкімші мекемесі астық дақылдарын егудің болжамды көлемдері бойынша аудандар әкімдерінің берген ұсыныстарына сәйкес ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің қаржылық, несиені кепілдікпен қамтамасыз ету жай-күйін ескере отырып, 2002 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жанар-жағар май материалдарын, тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, ауыл шаруашылығы машиналары үшін босалқы бөлшектер алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жалдауға және сатып алуға ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің тізімін жасайды.
Тармақ 9
9. Несиелер алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер тізімі Бағдарлама әкімшГ мекемесімен бекітіледі және несиелер беру үшін Банкке беріледі.
Тармақ 10
10. Бағдарлама әкімші мекемесі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кепілдік келісім-шартын жасайды.
Тармақ 11
11. Банк несиелік келісім-шарттарды жасағаннан кейін несие сомасын жабдықтаушы кәсіпорындардан жанар-жағар май материалдарын, тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, ауыл шаруашылығы машиналары үшін босалқы бөлшектер алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жалдауға және сатып алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің ағымдық есеп-шоттарына аударады.
Тармақ 12
12. Аудандардың әкімдері мен бағдарлама әкімші мекемесі алынған несиелердің мақсатты пайдаланылуын және уақытында қайтарылуын бақылауды қамтамасыз етеді.
Басқа 20. Комиссия мүшелері:
Облыс әкімиятының
2002 жылғы 7 наурыздағы
№ 34 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Қатысу үшін банктерді іріктеу және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді несиелендіру және бөлінген несиелердің мақсатты пайдаланылуын және уақытында қайтарылуын бақылайтын қаржы агентінің қызметін орындау жөніндегі комиссия құрамы
Елеусізов Қайырқожа Жұмағалиұлы - облыс Әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Әжібаев Ерсайын Ысқақұлы – облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Витюк Николай Тимофеевич - облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары
Аманбаев Жолдымұрат Ермұханұлы - облыстық Қазынашылық басқармасының бастығы
Сартаев Есет Ағысұлы - облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары