О региональном плане действий по улучшению положения женщин в Карагандинской области на 2002 год Қолданыста
Басқа 0
Қарағанды облысында әйелдердің
жағдайн жақсарту жөніндегі
іс-қимылдардың 2002 жылға арналған
аймақтық жоспары туралы
📌 Ескерту. Қолданылу мерзімі өтіп кетуіне байланысты қызметі тоқтатылды - Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысының 2005.01.21 N 05-11/89 хатымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 шілдедегі “Қазақстан Республикасында Әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық іс-қимылдар жоспары туралы” № 999 Қаулысын орындау үшін және әйелдерінің өмірі мен іс-қимылдарының барлық мәселелерін шешуге жинақты қарау мақсатында:
Тармақ 1
1. 2002 жылға арналған Қарағанды облысында әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі іс-қимылдардың аймақтық жоспары бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Қалалар және аудандар әкімдері әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі іс-қимылдардың 2002 жылғы арналған осыған ұқсас аймақтық жоспарын әзірлесін.
Тармақ 3
3. Іс-қимылдар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат тоқсан сайын айдың 1 күніне облыс әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөліміне тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Е.Л.Тоғжановқа жүктелсін.
Басқа 5. Қарағанды облысында әйелдердің жағдайын
Жақсарту жөніндегі іс-қимылдардың 2002 жылға арналған аймақтық жоспары
Облыс әкімінің
2002 жылғы 26 ақпан
№ 38 шешіміне қосымша
Қарағанды облысында әйелдердің жағдайын
Жақсарту жөніндегі іс-қимылдардың 2002 жылға арналған аймақтық жоспары
Қарағанды қаласы
Қарағанды облысында әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі іс-қимылдардың
2002жылғы арналған аймақтық жоспары
Тарау i. І. Негізгі мақсаттарды мен міндеттері:
І. Негізгі мақсаттарды мен міндеттері:
Тармақ 1
1. Қарағанды облысында әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі іс-қимылдардың аймақтық жоспары Ел Президентінің Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан -2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,қауіпсіздігі және әл-ауқатынының артуы» атты Жолдауын, Қазақстан Республикасында әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі іс-қимылдардың ұлттық жоспарын жүзеге асыру мақсатында әзірленген.
Тармақ 2
2. Қарағанды облысында әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі іс-қимылдардың аймақтық жоспары:
-қоғамдық-саяси өмірдегі әйелдер белсенділігін және ролін арттыру үшін жағдайлар жасау нақты іс-шаралар тетіктерін әзірлеу, «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді стратегиясына сәйкес әйелдер жағдайын жақсарту;
-облыстағы әйелдер жағдайын жақсарту жөнінде басқарудың мемлекеттік органдары, құқық қорғау органдары, ұйымдары мен бірлестіктерінің іс-қимылын үйлестіру.
-аз қамтамасыз етілген және әлеуметтік әлсіз әйелдерді әлеуметтік қорғау және қолдауды қамтамасыз ету жүйесін жақсарту;
-тұрғындардың гендерлік білімін енгізу, әйелдердің экономикалық,құқықтық және әлеуметтік сауаттылығын арттыру;
-аймақтардағы әйелдермен балалардың денсаулығын арттыру;
-қашқын-оралмандарға көмек және оларды қолдау;
-әскердегі зорлық көрсетуді болдырмау;
- әйелдердің дербес жұмыс істеуін және әйелдер кәсіпкерлігін ынталандыру;
- әйелдердің билік құрылымына тең жетуін қамтамасыз ету және олардың шешімдер қабылдау деңгейінде саяси? әлеуметтік және экономикалык қатысуына жағдай жасау;
-әйелдер мен балаларға қайырымдылық қөмек көрсететін қоғамдық ұйымдардықолдау;
-әйелдердің қоғамдығы позитивті ролін ауқымды бейнелеу;
-қоршаған ортаның жай-күйін, әйелдердің өмір және еңбек жағдайын жақсарту;
-балаларды дискриминациядан құқықтық және әлеуметтік қорғау тетіктерін құру
Тарау ii. ІІ. Іс-қимылдардың аймақтық жоспарын орындау 1 жылға есептелген және келе І нәтижелерге қол жеткізуді көздейді:
ІІ. Іс-қимылдардың аймақтық жоспарын орындау 1 жылға есептелген және келе І нәтижелерге қол жеткізуді көздейді:
Тармақ 1
1. Облыс әйелдерінің барлық мәселелерін шешуге комплексті қараудың жүйесін құрастыру;
Тармақ 2
2. облыстық әлеуметтік-экономикалық ахуалының жақсаруына байланысты отбасы мен әйелдердің әлеуметтік қорғалуы жүйесін жетілдіру;
Тармақ 3
3. оралман әйелдерге, күш көрсетудің құрбандары болған әйелдерге нақты көмек көрсету және олардың әлеуметтік оңалуына қамтамасыз ету;
Тармақ 4
4. Әйелдердің саяси экономикалық ілгерілеуіне қамтамасыз ету;
Тармақ 5
5. Әйелдердің өз мүдделерін БАҚ арқылы білдіруін кеңейу;
Тармақ 6. Тараулар бойынша іс-шаралар жоспары
6. Адамдық, рухани, мәдени әлеуетін арттыру.
Тараулар бойынша іс-шаралар жоспары
Тармақ i. І. Әйелдер және кедейшілік
І. Әйелдер және кедейшілік
Р/с
Іс-шаралар атауы
Орындалу
мерзімі
Аяқтау
нысаны
Жауапты орындаушылар
1.
Халықаралық қайырымдылық ұйымдардың және демеушілік көмек есебінен аз қамтылған және әлеуметтік қысым көрген әйелдерге атаулы қайырымдылық және гуманитарлық көмек көрсету
Тұрақты
Тоқсан
сайын
есеп
Қалалар мен аудандар әкімдері
Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамтау және әлеуметтік қорғау басқармасы
Қоғамдық бірлестіктер (келісім бойынша)
2.
Балалары бар аз қамтылған отбасыларына жәрдемақы түрінде атаулы әлеуметтік көмек көрсету
Тұрақты
Тоқсан
сайын есеп
Қалалар мен аудандар әкімдері
Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамтау және әлеуметтік қорғау басқармасы
3.
Аз қамтылған әйелдерге шағын несие түрінде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі жұмысты жандандыру
Тұрақты
Қалалар мен аудандар әкімдерінің шешімі
Қалалар мен аудандар әкімдері
Аз қамтылған отбасыларын қолдау жөніндегі аймақтық қор
4.
Мүгедектерді қоғамға шоғырландыру және оңалту бағдарламасын әзірлеу
2002 жыл
ІІ тоқсан
Бірлескен бағдарлама
Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамтау және әлеуметтік қорғау басқармасы
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
5.
Қарағанды,Теміртау,Жезқазған калаларындағы белгілі мекен-жайы жоқ тулғаларға арналған бейімделу Орталығындағы әйелдерді үймен қамтамасыз етуге жәрдем көрсету
Тұрақты
Облыс әкімі аппаратына ақпарат беру (тоқсан сайын)
Қарағанды,Теміртау, Жезқазған қалаларының әкімдері
6.
Облыстық ІІ ББ бас бостандығынан айырыоғандар орнынан оралған әйелдердің орталықтандырылған есебін жүргізу.
Оларға түрғын үй, жұмыс беру түрінде оңалту әлеуметтік көмек көрсету
Тұрақты
Облыс әкімі аппаратына ақпарат беру (тоқсан сайын)
Қалалар мен аудандар әкімдері,Облыстық ішкі істер басқармасы
Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамтау және әлеуметтік қорғау басқармасы
7.
Жұмыссыз әйелдерге өз істерін ашуға және дербес жұмыспен қамтамасыз етуге материалдық көмек көрсету
Тұрақты
Облыс әкімі аппаратына ақпарат беру (тоқсан сайын)
Тармақ ii. ІІ. Әйелдерге білім беру және оқыту
ІІ. Әйелдерге білім беру және оқыту
1.
Әр қала және ауданда тәрбие, оқыту және еңбекке әзірлеу мәселелері жөніндегі тренингтік орталықтар құру
2002
Жылдың
ІІ тоқсаны
Орталықтар
ашу
Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамтау және әлеуметтік қорғау басқармасы, Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы; қоғамдық бірлестіктер (келісім бойынша); қалалар мен аудандар әкімдері жынындағы отбасы мен әйелдер істері жөніндегі комиссия
2.
Кәсіпкер-әйелдер арасында қолданылып жүрген соның ішінде ЕБРР, «Шағын бизнестің оқу орталығы» шетелдік кәсіпорыны арқылы несие беру жүйісі жөнінде түсіндірі жұмыстарын жалғастыру
Тұрақты
Облыс әкімі аппаратына ақпарат беру
Экономика және кәсіпкерлікті дамыту Бас басқармасы;
Қоғамдық бірлестіктер (келісім бойынша);
3.
Әйелдердің соның ішінде жүмыссыздардың біліктілігін арттыру және өз бетімен жұмысқа орналыстыру мақсатында компьютерлік білім және жаңа технологияға қол жетуін қамтамасыз етуге көмек көрсету
Тұрақты
Облыс әкімі аппаратына ақпарат беру
Қалалар мен аудандар әкімдері, Облыстық еңбек халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы;
4.
Нарықтық экономикаға қажет білімдер мен дағдыларға жұмыссыз әйелдерді үйрету жөніндегі семинар-тренингтер ұйымдастыру
Облыс кәсіпкерлері Ассоциа
Циясынаң жоспарына
Есеп беру
Қалалар мен аудандар әкімдері жынындағы отбасы мен әйелдер істері жөніндегі комиссия;
Облыс кәсіпкерлері Ассоциациясы (келісім бойынша)
Тармақ iii. ІІІ. Әйелдер және денсаулық
ІІІ. Әйелдер және денсаулық
1.
Амбулаториялық және стационарлық жүйедегі балалар және босануға қосымша мекемелердің материалдық-техникалық базасын жақсарту жөніндегі шараларды жүзеге асыру
2002 жыл бойы
Облыс әкімі бойы аппаратына есеп беру
Қалалар мен аудандар әкімдері
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2.
Ұлттық генетиқалық мониторинг пен медико-генетикалық тіркелімді енгізу, жаңа туғандарды гипотиреозға зерттеу өткізу
2002 жылдың ІІІ тоқсаны
Облыс әкімі аппаратына ақпарат беру
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
3.
«Балаға мейірімді аурухана» атты БДҰ бағдарламасының енгізілуін кеңейту
2002 жылдың І тоқсаны
Облыс әкімі аппаратына ақпарат беру
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Тармақ iv. IV. Әйелдерге қарсы зорлық
IV. Әйелдерге қарсы зорлық
1.
Заң кеңесі дағдарыс орталықтары және бұқаралық ақпарат құралдарының мұмкіндіктерін пайдалана отырып, әйелдерге қарсы зорлықтың алдын алу мәселелері бойынша халыққа кәсіби кеңес беруді іске асыру
Тұрақты
Басылым дар,
телерадио хабарлар,
кеңестер
Әділет басқармасы, Облыстық ІІББ, Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
2.
Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер үшін Теміртау, Жезқазған, Қаражал қалаларында дағдарыс орталықтарын ашу
2002 жыл бойы
Дағдарыс орталық тарын ашу
Теміртау, Жезқазған, Қаражал қалаларынның әкімдері
3.
Әйелдер мүддесін қорғайтын құқық қорғау және мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер арасындағы тиімді қарым-қатынастарды қалыптастыру мақсатында дағдылы семинарлар мен кеңестер өткізу
«Зорлықсыз өмір» ақпараттық-ағарту кампаниясының жоспарына сәйкес
Облыс әкімі аппаратына ақпарат беру
Отбасы мен әйелдер істері жөніндегі комиссия;
4.
Әйелдерді жәбірлеудің қайталану фактісінің алдын алу мақсатында олардың ОІІБ екінші рет шағымдануына байланысты екі жақты табыстыру немесе жәбірленушінің шағымының болмауына қарамай (37 баптың 16.5тармақшасына, 37 баптың 16.5 тармақшасы)қылмыстық іс қозғаулдан бас тартуына жол бермеу
Тұрақты
Облыс әкімі аппаратына талдау және ақпарат беру
Облыстық ІІББ
5.
«Тұрмыс» және «Құқықтық тәртіп» операциялары шеңберінде әйелдерді қатысты зорлықтың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізу
Рейдтік іс-шаралар жоспары бойынша
Облыс әкімі аппаратына ақпарат беру
Облыстық ІІББ
6.
Қоғамдық тұсінігіндегі әйелдердің әлеуметтік статусына өзгертуге бағытталған әлеуметтік статусының дәстүрлі стреотипінің қоғамдық түсінігін өзгертуге бағытталған жүйелі ақпараттық насихат жұмысын өткізуді қамтамасыз ету
Тұрақты
Басылым
дар,
телерадио
хабарлар;
Облыс
әкімі
аппаратына
ақпарат беру
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы қалалар және аудандар әкімдері жынындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия;
7.
Аталған құқық бұзушылықты туғызатын жағдайларды болдырмаудың тиімді жолдары мен әдістерін әзірлеуге әйелдерге қатысты қылмыстардың жағдайын жүйелі түрде қорытындылауды қамтамасыз ету
Жарты
жылдықтың
қорытындысы
бойынша
Облыс
Әкімі аппаратына
Ақпарат беру
Облыстық ІІББ
Тармақ v. V. Әйелдер және қарулы жанжалдар
V. Әйелдер және қарулы жанжалдар
1.
Оралмандар – босқындарды, оның ішінде әйелдерді жұмысқа орналастыру. Жұмыс орындарын ашу
Тұрақты
Облыс
әкімі аппаратына
ақпарат беру
Облыстық көші-қон және демография жөніндегі басқарма
2.
Оралмандар мен басқа да шетелден келушілермен бейімдеу орталықтарында құқықтық түсіндіру жұмыстарын өткізуді қамтамасыз ету
Тұрақты
Облыс
әкімі аппаратына
ақпарат беру
Әділет басқармасы,
Облыстық көші-қон және демография жөніндегі басқарма
3.
Әскердегі зорлық –зомбылықты болдырмау мақсатында солдаттар аналарының қоғамы мүшелерінің, қалалар мен аудандар әкімдері жанындағы отбасы және әйелдер жөніндегі комиссияның әскери бөлімшелерге, гарнизондарға баруын ұйымдастыру
Облыс
әкімі аппаратына
ақпарат беру
Областың отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссиясы
Облыстық әскери комиссариат
Солдаттар аналарының комитеті (келісім бойынша)
Тармақ vi. VI. Әйелдер және экономика
VI. Әйелдер және экономика
1.
Атқарылатын қызметтер тізімін көрсете отырып шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымдары жөніндегі көрсекіштер базасын тұрақты түрде жаңару
Тұрақты
Мәліметтер базасы
Қалалар мен аудандар әкімдері
Экономика және кәсіпкерлікті дамыту Бас басқармасы
«Бизнес-инкубатор» КМК
2.
Әйелдер арасындағы шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жұмыстарын жандандыру
Тұрақты
Жиналыстың
хаттамалары
Қалалар мен аудандар әкімдері
3.
Қалалар мен аудандар бюджеттерінде жергілікті жердегі әйелдер кәсіпкерлігін қолдау мен ұйымдастыруға қаржы бөлуді жоспарлау
2002 жылдың
4
тоқсаны
Бекітілген жергілікті бюджет
Қалалар мен аудандар әкімдері
4.
Кәсіпкер әйелдердің жобаларына несие беруді кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың қоғамдық Қоры арқылы жүзеге асыру
Тұрақты
(Қор
Қаржысына
сәйкес)
Жобалар
тізілімі
Кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың қоғамдық Қоры
5.
Облыстық бюджет есебінен несиелеу жөнінде қаржы қарастыру және несие берілетін жобалардың тізілімін белгілеу
Жыл
бойы
Бизнес-
Жоспарлардың тізілімі
Экономика және кәсіпкерлікті дамыту Бас басқармасы:
Екінші деңгейдегі банкілер;
«Бизнес-инкубатор» КМК
6.
Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мониторингін өткізу
Тоқсанына
1 рет
Облыс әкімі
аппаратына
ақпарат
беру
Қалалар мен аудандар әкімдері
Экономика және кәсіпкерлікті дамыту Бас басқармасы:
7.
Өз бизнесін жаңа бастаған әйелдерге семинар-тренингін ұйымдастыру
Жыл
Бойы
(келісім
бойынша)
Облыс әкімі
аппаратына
ақпарат
беру
Экономика және кәсіпкерлікті дамыту Бас басқармасы Қарағанды облысы кәсіпкерлерінің Ассоциациясы (келісім бойынша)
8.
Ауыл шаруашылығы өндірісі мен кәсіпкерлігін ұйымдастыруағ кәсіпкер әйелдерге жер учаскесін сатып алуға жағдай жасауды қамтамасыз ету
Тұрақты
Облыс әкімі
аппаратына
ақпарат
беру
Облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті
9.
Жұмыссыз әйелдерге қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру мен жұмысқа орналастыруды жалғастыру
Тұрақты
Облыс әкімі аппаратына ақпарат беру
қалалар мен аудандар әкімдері, облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы
10.
Тұрмысы төмен әйелдер мен оларды отбастарына шағын несие беру жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастыру
Тұрақты
Несиелер,
Облыс әкімі аппаратына ақпарат беру
Тұрмысты төмен азаматтарды қолдау жөніндегі аймақық Қор
Тармақ vii. VII. Әйелдер өкімет құрылымдарында
VII. Әйелдер өкімет құрылымдарында
Әйелдерді ілгерілетудің ұстындық (институционалдық) тетіктері
1.
Мемлекеттік қызметтегі лауазымдық бос орындарға жарияланған конкурсқа қатысу үшін әйелдердің мүмкіндіктерін ұлғайту жөнінде іс-шаралар қабылдау
Тұрақты
Облыс әкімі аппаратына ақпарат беру
Мемлекеттік қызмет жөніндегі Агенттік (келісім бойынша), Облыстық отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия
2.
Халықаралық ұйымдар жаттықтырушыларын қатыстыра отырып, әйелдердің саяси кампаниялар, көпшілік алдында сөз сөйлеу және т.б. дағдыларға жаппай үйрету жөніндегі семинарлар мен білім беру бағдарламасын өткізу
Жыл
бойы
(халықаралық
ұйымдар мен
келісім бойынша)
Семинарлар, білім беру бағдарламалары
Облыстық отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия, қоғамдық бірлестіктер (келісім бойынша)
3.
Шешім қабылдау деңгейіндегі әйелдер деңгейіндегі әйелдер туралы көрсеткіштер банкін жасау
2002 жыл
2 тоқсан
Көрсеткіштер банкі
Қалалар мен аудандар әкімдері жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия
4.
Әйелдердің саяси ілгерілеу мүддесін қорғайтын қоғамдық бірлестіктер іс-қимылдарына көмек көрсету
Тұрақты
Облыс әкімі
аппаратына
ақпарат беру
Әділет басқармасы,
Қалалар мен аудандар әкімдері жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия
Тармақ viii. VIII. Әйелдер және бұқаралық ақпарат құралдары
VIII. Әйелдер және бұқаралық ақпарат құралдары
1.
Қазақстан Республикасындағы әйелдер жағдайын жақсарту жөніндегі іс-қимылдардың Ұлттық жоспарын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі тұрақты басылымдар мен ақпараттық, тақырыптық телерадио хабарларын беруді қамтамасыз ету
Тұрақты
Басылымдар, телерадио хабарлары
Облыстық отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия, Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
2.
Облыстық «Орталық Қазақстан». «Индустриальная Караганда», «Криминальные новости» гезеттерінде «Құқық және әйелдер» атты жаңа арнайы айдар ашу
Турақты
БАҚ- тағы
айдарлар
Әділет басқармасы, Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
Отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия
3.
Облыстық теледидардан «Әйел, Әсемдік, Әлем» хабарын ұйымдастыру
Айына
1 рет
телехабарларм
Облыстық отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия
Облыстық телерадиокомпаниясы
4.
Әйелдердің қоғамдағы орны туралы мәліметтер мен фактілерді жан-жақты бейнелеу. Әйелдердің адамдық қасиеьін қорлайтын хабарларды болдырмау іс-шараларын қолдану
Тұрақты
Басылымдар, ұсыныстар
Әділет басқармасы, Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия
5.
Бұқаралық ақпарат құралдарында гендерлік теңдік принциптерін тарату
Тұрақты
Басылымдар, телерадио-хабарлар
Қалалар мен аудандар әкімдері жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия
6.
«Қазіргі қоғамдағы әйелдердің құқықтық, әлеуметтік, мәдени және біліми тұрғыдағы (аспектері) орны» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізу
2002 жыл
4 тоқсан
Конференция
Облыстық отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия
КарМУ, ҚарЭУ,СМУ,Қазақстанның іскер әйелдері Ассоциациясы (келісім бойынша)
Тармақ ix. IX. Әйелдер және қоршаған орта
IX. Әйелдер және қоршаған орта
1.
Облыстық мектептері мен басқа да оқу орындарында экологиялық білім беру жүйесін жетілдіруге ықпал жасау
Тұрақты
Іс-қимылдардың
бірлескен жоспары
Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы;
Облыстық білім беру департаменті
2.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шолу есебін әзірлеу
2002 жыл
4 тоқсан
Облыс әкімі
аппаратына
ақпарат
беру
Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы;
Тармақ x. X. Қыздар
X. Қыздар
1.
2002-2003 жылғы жаңа оқу жылынан бастап өнегелілік пен жыныстық тәрбие жөніндегі мектеп бағдарламасына қыздарға қатысты зорлық-зомбылықпен кұрес туралы бөлім енгізуге даярлық жұмысын өткізу
2001 жылдың 1 тоқсанынан
Әр тоқсан сайын даярлық жұмысының барысы
Облыстық білім беру департаменті
Облыстық ІІББ
2.
Ұлттық тәрбие ерекшеліктерін ескере отырып, СПИД-тің алдын алу және онымен кұрес, «Сен туралы» жас ерекшелігінің гигиенасы жөніндегі бағдарламаларды оқу орындарына енгізуді қамтамасыз ету
Тұрақты
Іс-қимылдардың бірлескен жоспары Облыс әкімі аппаратына ақпарат беру
Облыстық білім беру департаменті ҚАРМУ-дың валеология кафедрасы
3.
Өсу қабілеті шектеулі балаларды әлеуметтік қорғауға көмек көрсету
Тұрақты
Облыс әкімі
аппаратына
ақпарат
беру
Облыстық білім беру департаменті
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
4.
Балалар мен жасөспірімдердің психикасын зерттеу, психикалық ауытқулардың диагностикасы, оларды оқыту, тәрбиелеу және емдеу мәселелерін шешу жөніндегі облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар жұмысын жандандыру
Тұрақты
Облыс әкімі
аппаратына
ақпарат
беру
Облыстық білім беру департаменті
5.
Балалар еңбегін қорғауды қамтамасыз ету іс-шараларын қабылдау
Тұрақты
Іс-қимылдардың бірлескен жоспары
Қалалар мен аудандар әкімдері Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы
6.
Қыздар қауіпсіздігін және оларды коммерциялық қорғау қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды қабылдау
Тұрақты
Іс-қимылдардың бірлескен жоспары
Облыстық білім беру департаменті
Облыстық ІІББ