О противопаводковых мероприятиях в весенний период 2002 года Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2002 жылғы көктем кезіндегі қызылсуға қарсы шаралар туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімиятының 2003 жылғы 25 ақпандағы қаулысымен. Зайсан ауданының жазық жерлерінде қардағы су қоры нормадағыдан 9 пайыз артық, қалған аудандарда нормадан аспайды. Қара Ертіс, Қалжыр, Бұқтырма, Тұрғысын, Күршім өзендері мен оларға құятын бұлақтардың су ағынын қалыптастыратын аймағында қардағы судың қоры нормадағыдан 18 пайыз кем, Үлбі мен Уба өзендерінде нормадағыдан 30-60 пайыз кем. Солай бола тұрса да, қардың қарқынды еруі өзендердегі су деңгейінің күрт көтерілуін туғызуы ықтимал. Шара қолданбаған жағдайда, елді мекендер, кәсіпорындар мен әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық белгідегі объектілер, жолдар, көпірлер, тау-кен кәсіпорындарының қалдық сақтайтын қоймалары, жасанды және табиғи су қоймаларының қауіпті жағдайда қалуы мүмкін. "Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңын орындау және көктемгі су тасқыны мен қар көшкінінен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, облыс экономикасына келетін зиянды азайту мақсатында Шығыс Қазақстан облыстық Әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Су тасқынына қарсы 2002 жылға арналған іс-шаралар бекітілсін (қосымша). Олардың орындалуына жауапкершілік қалалар мен аудандардың әкімдеріне, Шығыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының (Савин И.И.), Шығыс Қазақстан облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолдарды дамыту басқармасының (Бекторов А.Е.), Шығыс Қазақстан облыстық автомобиль жолдары басқармасының (Мыңбаев М.Т.), республикалық "Шығыссушар" мемлекеттік кәсіпорнының (Ағажаев Ө.А.), "Қазселденқорғау"-дың Шығыс Қазақстандағы пайдалану басқармасының (Момбаев М.А.), гидрометеорология жөніндегі Шығыс Қазақстан орталығының (Кондратьев В.П.), Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың (Темный Г.В.), меншіктің барлық нысандарындағы ұйымдар мен кәсіпорындардың басшыларына жүктелсін.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан гидрометеорология орталығы (Кондратьев В.П.), "Қазселденқорғау"-дың Шығыс Қазақстандағы пайдалану басқармасы (Момбаев М.А.), Шығыс Қазақстан облыстық тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық және жолдарды дамыту басқармасы (Бекторов А.Е), республикалық "Шығыссушар" мемлекеттік кәсіпорны (Ағажаев Ө.А.), Шығыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы (Савин И.И.), Шығыс Қазақстан облыстық автомобиль жолдары басқармасы (Мыңбаев М.Т.) объектілер мен елді мекендер үшін қызылсу, сел және көшкін болуы ықтимал қауіпті аймақтардағы жағдайды тұрақты түрде бақылауды ұйымдастырсын. Қалыптасқан жағдайды бағалау, оның дамуын болжау және алдын ала ескерту шараларын қолдану мақсатында төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқармаға апта сайын ахуалды баяндап тұрсын.
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандардың әкімдері қызылсулық жағдай туралы ақпарат алудың айқын схемасын белгілеп, төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқармаға 2002 жылғы 25 наурызға дейін тапсырсын, қызылсу кезеңінде жағдайға оперативті басшылық жасау жөніндегі әкім орынбасарының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық комиссия төрағасының басшылық етуімен жұмысшы топтарын құрсын, олардың дербес құрамын, тұрақты болатын орнын белгілесін, кезекші көлік бекітсін. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға көзделген қалалық және аудандық бюджеттердің қаражаттары есебінен әрбір ауданда жанар-жағар май материалдарының қорлары жасалсын. Қардың қарқынды еруі және қауіпті су тасқыны басталысымен әкімдердің аппараттарында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылсын, ақпарат күн сайын төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқармаға беріліп тұрсын. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға көзделген қалалық және аудандық бюджеттердің қаражаттары есебінен жағалауларды бекіту және дамбаларды тазарту жұмыстарын орындау, балласт, инертті және кен емес материалдар, темірбетон конструкцияларын және басқа материалдар олар қажет болатын жерлерге дер кезінде жеткізіліп, қорлар жасау жөнінде шаралар қолданылсын, карьерлер, көлік және тиеу техникасы дайындалсын.
Тармақ 4
4. Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бастығы (Темный Г.В.) апаттан құтқару қызметтері құрамаларының міндеттерді орындауға әзірлігін қамтамасыз етсін және оларды қатты су тасқыны аудандарына жедел жеткізудің әдістерін пысықтасын. Қызылсуға қарсы күрес үшін Азаматтық қорғаныстың инженерлік құрылымдарын қатыстыру жоспарында облыстың қызылсу қаупі туатын аудандарында пайдалану үшін Өскемен, Зырян, Семей қалаларында резервтер ұстау көзделсін.
Тармақ 5
5. Республикалық мемлекеттік "Шығыссушар" кәсіпорнының (Ағажаев Ө.А.), Ертіс бассейнді су шаруашылығы бірлестігі Шығыс Қазақстан басқармасының (Вотяшов А.И.), "KEGOC" ААҚ "Шығыс аймақаралық энергетика жүйесі" филиалының (Недовесов В.С.), "Шығыс Қазақстан аймақтық энергетика компаниясы" ЖАҚ (Чонков И.К.) басшылары, қалалар мен аудандардың әкімдері 2002 жылғы 30 наурызға дейін су қоймаларын, оның ішінде иесіз су қоймаларын зерттеп, су өткізетін, су төгетін қорғаныс және басқа құрылыстардың, электр берілістері желілерінің бағандары мен трансформаторлық подстанциялардың сенімділігін комиссиямен тексеріп, тексеру актілерін төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқармаға 2002 жылғы 10 сәуірге дейін тапсырсын. 2001 жылы өткізілген түгендеу мен төлқұжаттаудың нәтижелерін ескере отырып, су қоймаларын, қалдықтар қоймаларын, су айдындарын, қызылсуды қабылдауға және өткізуге арналған жинақтаушы тоғандарды бекіту мен әзірлеу жұмыстарын аяқтап, бұл туралы төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқармаға 2002 жылғы 25 сәуірге дейін баяндасын.
Тармақ 6
6. Шығыс Қазақстан облыстық автомобиль жолдары басқармасы (Мыңбаев М.Т.), "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Инфрақұрылым" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Семей бөлімшесі Защита кіші бөлімшесінің (Шкуратский В.Ф.), "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Инфрақұрылым" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Семей бөлімшесінің (Қажығұлов О.) басшылары, Шығыс Қазақстан облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолдарды дамыту басқармасы (Бекторов А.Е.), қалалар мен аудандардың әкімдері 2002 жылғы 10 сәуірге дейінгі мерзімде автомобиль және темір жолдары мен инженерлік құрылыстарды қызылсулардың және мұздардың ықпалынан қорғау, тазалау жұмыстарын орындасын, осы себептерден жолдардағы қозғалыстың үзілуіне жол берілмесін.
Тармақ 7
7. Қалалар мен аудандардың әкімдері, облыстық судан құтқару қызметі орталығының бастығы (Витязев О.Ф.) 2002 жылғы 10 сәуірге дейін ықшам жүзу құралдары мен құтқарушылардың мобильді топтарын әзірлесін.
Тармақ 8
8. "Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы (Андағұлов Қ.Б.) зардап шеккен халыққа алғашқы медициналық көмек көрсету үшін қалалар мен аудан орталықтарында дәрі-дәрмектер қорын жасасын.
Тармақ 9
9. Облыс Әкімінің төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюға және басқа да күтпеген шығындарға көзделген резервтік қорынан облыс өзендеріндегі сең бууды жою жөніндегі жарылыс жұмыстарын атқару және осы мақсат үшін пайдаланылатын авиация техникасына ақы төлеу үшін Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаға (Темный Г.В.) 1 миллион теңге бөлінсін.
Тармақ 10
10. "Қазақтелеком" ААҚ Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясының бас директоры (Дьяченко А.С.) қызылсу қаупі туатын аймақтағы елді мекендермен тұрақты телефон байланысын орнатсын. Қызылсу кезеңі басталысымен аудан орталықтарымен тәулік бойы "кезекшілік қабылдау режимінде" тұрақты радиобайланысын ұйымдастырсын.
Тармақ 11
11. Облыстық мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының бастығы (Коншу В.П.) қызылсу кезеңі басталысымен барлау, жарылыс және құтқару жұмыстарын жүргізу үшін тікұшақтарды әзірлікте ұстасын.
Тармақ 12
12. Облыстық сауда және қызметтер көрсету департаментінің бастығы (Шәкенов М.Ш.) облыстың қалалары мен аудандарында 2002 жылғы 30 наурызға дейін азық-түлік пен алғашқы қажеттілік тауарлары қорының жасалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық басқармасы (Томашенко А.П.) жұқпалы аурулардың бұрқ ете түсуін болдырмау мақсатында мал қорымдарын күзету мен қашылауды күшейту шараларын қолдансын.
Тармақ 14
14. Қызылсуларға қарсы шараларға жедел басшылық жасау және облыс Әкімінің осы шешімін орындауға бақылау жасау төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық ведомствоаралық комиссияның төрағасы А.Қ.Қажыбаевқа, ол болмаған кезде оның орынбасары Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бастығы Г.В. Темныйға жүктелсін.
Басқа 15. Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі облыстық ведомствоаралық комиссияның қызылсуға қарсы іс-шаралары
Шығыс Қазақстан облыстық Әкімиятының 2002 жылғы 19 наурыздағы N 106 қаулысына қосымша Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі облыстық ведомствоаралық комиссияның қызылсуға қарсы іс-шаралары Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың бастығы