Об открытии весенней охоты на водоплавающую дичь в Атырауской области в 2002 году Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.03.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2002 жылы Атырау облысында суда жүзетін құстарды көктемгі аулаудың ашылуы туралы Қазақстан Республикасы «Жануарлар әлемін қорғау, ұдайы өсіп-өнуі мен пайдалану туралы» Заңының 14-бабына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыс аумағында 2002 жылғы 16-26 наурыз аралығында 10 (он) күнтізбелік күнге (демалыссыз) аталық үйректерге көктемгі аңшылық етуге рұқсат етілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық орман және биоресурстар басқармасы (Б.Таубаев) жануарлар және өсімдік әлеміне бақылау жөніндегі мемлекеттік басқармасы (М.Көргенов) суда жүзетін құстарды әуесқойлықпен аулау ережелерінің қатаң сақтауын бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуы облыс әкімінің орынбасары Қ.Ищановқа жүктелсін.