О формировании и использовании государственных ресурсов зерна на 2002 год Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2002 жылға арналған мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру және пайдалану туралы "Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы N 394 P010394_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. 2002 жылға арналған көлем: мемлекеттік азық-түліктік астық резерві 500 000 (бес жүз мың) тонна мөлшерінде; мемлекеттік жемдік астық ресурстары 15 000 (он бес мың) тоннаға дейінгі мөлшерде; мемлекеттік тұқымдық астық ресурстары 120 000 (бір жүз жиырма мың) тоннаға дейінгі мөлшерде; мемлекеттік сатылатын астық ресурстарына сатып алу 450 000 (төрт жүз елу мың) тонна мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. 2002 жылға арналған пайдалану көлемі: мемлекеттік жемдік астық ресурстары 15 000 (он бес мың) тоннаға дейінгі мөлшерде; мемлекеттік тұқымдық астық ресурстары 120 000 (бір жүз жиырма мың) тоннаға дейінгі мөлшерде белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.