О поддержке сельхозтоваропроизводителей на период проведения весенне-полевых и уборочных работ 2002 года Күшін жойған
Басқа 0
Ауылшаруашылық тауар өндірушілерді 2002 жылдың көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын өткізу кезеңінде қолдау туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 07.07.2004 № 36 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 20 ақпандағы № 229 «2002 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерді несиелендірудің кейбір мәселелері туралы» қаулысын орындау мақсатында ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Ауылшаруашылық тауар өндірушілер 2002 жылдың көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын өткізу үшін жанар-жағар материалдар, тұқым, тыңайтқыш, гербицидтер, ауылшаруашылық машиналарға қосалқы бөлшектер сатып алу және ауылшаруашылық техниканы жалдау немесе сатып алу үшін «Ауылшаруашылық тауар өндірушілерді көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын өткізу үшін несиелеу» бағдарламасы бойынша Қостанай облысының бюджет қаражаты есебінен несиелеу ережелері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Қостанай облысы әкімінің орынбасары С.А. Құланбаевқа жүктелсін.
Басқа 3. Қостанай облысының бюджет қаражатынан «Көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын өткізу үшін ауылшаруашылық тауар өндірушілерді несиелеу» бағдарламасы бойынша несиелеу ережелері
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
2002 жылғы 12 наурыздағы
№ 27 шешіміне қосымша
Қостанай облысының бюджет қаражатынан «Көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын өткізу үшін ауылшаруашылық тауар өндірушілерді несиелеу» бағдарламасы бойынша несиелеу ережелері
Осы Ережелер 2002 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын өткізу үшін жанар-жағар материалдар, тұқым, тыңайтқыш, гербицидтер, ауылшаруашылық машиналарға қосалқы бөлшектер сатып алу және ауылшаруашылық техниканы жалдау немесе сатып алу үшін ауылшаруашылық тауар өндірушілерді несиелеу тәртібін белгілейді (бұдан әрі - Ережелер).
Тарау 1. 1. Негізгі түсініктер
1. Негізгі түсініктер
Бағдарламаның әкімгері — қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы органдарымен анықталатын, бюджеттік бағдарламаның негізделуі мен іске асырылуына жауапты және тиісті бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мемлекеттік орган.
Агент - Соңғы қарызгерді бұдан - әрі несиелеу үшін тиісті бюджет қаражатынан бюджеттік несие алатын заңды тұлға.
Соңғы қарызгер - іс-әрекеті ауылшаруашылық өнім өндіру үшін жерді пайдаланумен байланысты және өндірістің негізгі құралы жер болып табылатын, заңды немесе жеке тұлға болып табылатын ауылшаруашылық тауар өндірушілер.
Несиегер — облыстық (аудандық, қалалық) әкімият.
Оператор — Соңғы қарызгерлерге өнімді жеткізуін қамтамасыз ететін анды немесе жеке тұлға.
Өнім - жанар-жағар материалдар, тұқым, тыңайтқыш, гербицидтер, ауылшаруашылық машиналарға қосалқы бөлшектер және ауылшаруашылық техника.
Тарау 2. 2. Жалпы ережелер
2. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Несие жергілікті уәкілетті органдарының шешімдерімен қарастырылған сомалар шамасында облыстық (аудандық, қалалық) бюджет қаражатынан беріледі.
Тармақ 2
2. Бюджеттік несиелеудің шарттары:
беру нысаны бойынша — қысқа мерзімді несиелер;
сыйлықақы беру мөлшері — нөлдік;
несиенің валютасы — теңге;
кепіл келісім-шарттарын және қамтамасыз етудің басқа түрлерін тіркеу - Соңғы қарызгерлердің қаражаты есебінен.
Тармақ 3
3. Несиені қайтару мерзімі, тәртібі, нысаны ( ақшалай, тауармен, бидаймен және т б.) бойынша шарттары мен міндеттемелерді қамтамасыз ету Агент және Соңғы қарызгер араларында жасалатын несиелік келісім-шартта және олардың арасындағы кепіл келісім-шартта анықталады.
Тармақ 4
4. Кепіл келісім-шартқа және қамтамасыз етудің басқа түрлеріне отыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды мемлекеттік органдарда тіркеу аудандық және қалалық әкімияттарға жүктеледі.
Тармақ 5
5. Жергілікті атқарушы органдарымен жергілікті бюджет қаражаты есебінен жасалатын несиелік келісім-шарттар Қостанай облысының қаржы департаментінде жасалған күннен бастап үш күндік мерзімде міндетті түрде тіркелуі қажет.
Тарау 3. 3. Қарыз алушыларды несиелеу тетігі
3. Қарыз алушыларды несиелеу тетігі
Тармақ 6
6. Облыс (аудан, қала) әкімияты Соңғы қарызгерлермен алынған өнім үшін жеткізушілерге төлеу жолымен Соңғы қарызгерлерді тікелей несиелеуді жүзеге асыратын Агентке бюджеттік бағдарламаның әкімгері арқылы республикалық бюджеттен және (немесе) өз қаражатынан түскен ақшалай қаражатты бөледі.
Тармақ 7
7. Соңғы қарызгердің Агент алдында берешегі несиенің толық өтегенге дейінгі сомасы болып табылады.
Тарау 4. 4. Соңғы қазыргерлерді және несиелеу шегін анықтау
4. Соңғы қазыргерлерді және несиелеу шегін анықтау
Тармақ 8
8. Облыстың аудандары мен қалалары қимасындағы облыстық бюджет қаражаты есебінен берілетін несиелік қаражаттың шекті көлемін облыс әкімияты белгілейді.
Тармақ 9
9. Несиелік қаражатты алуға құқығы бар Соңғы қарызгерлердің тізбесін және оларды несиелеу шектерін бағдарлама әкімгерімен белгіленген бырыңғай нысаны бойынша аудандар мен қалалардың әкімдері бекітеді.
Тарау 5. 5. Соңғы қарызгерлерді несиелеу жөніндегі Агентті анықтау және оның функциялары
5. Соңғы қарызгерлерді несиелеу жөніндегі Агентті анықтау және оның функциялары
Тармақ 10
10. Несиелеу жөніндегі Агентті, облыс әкімияты мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың арасынан анықтайды және жергілікті атқару органының тиісті шешімімен бекітіледі.
Тармақ 11
11. Агенттің функциялары:
Тармақша 1
1) ауылшаруашылық тауар өндірушілер — потенциалды Соңғы қарызгерлер туралы облыстың аудандары мен қалалары әкімдерінен ақпарат жинау;
Тармақша 2
2) Соңғы қарызгерлермен несиелеу келісім-шарттарына отыру;
Тармақша 3
3) Соңғы қарызгерлерді несиелеуге қаржы қаражатын тікелей бөлу;
Тармақша 4
4) Соңғы қарызгерлер несиені толық және уақытында өтеуін қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) тиісті (облыстық, аудандық, қалалық) бюджеттің кірісіне несиені толық және уақытында өтеуін қамтамасыз ету.
Тарау 6. 6. Операторларды анықтау тәртібі
6. Операторларды анықтау тәртібі
Тармақ 12
12. Операторлар конкурстық негізде анықталады.
Тармақ 13
13. Конкурсті облыс әкімияты бекітетін құрамдағы конкурстік комиссия жүргізеді. Операторларға, олар конкурста қатысу үшін қойылатын негізгі талаптар қажетті материалдық-техникалық база және жеткізу, сақтау мен өнім беру үшін инфрақұрылымы бар немесе мүмкіндігі бар (жалдау, лизинг, сақтау жауапкершілігі туралы келісім-шарт) болуы болып табылады. Сондай-ақ конкурстік құжаттамамен анықталатын басқа талаптар ұсынуға болады.
Тармақ 14
14. Конкурс жеңімпазын анықтаудың негізгі критериялары өнімнің бағасы мен оны жеткізу мерзімі болып табылады. Конкурстік комиссия қажет болған жағдайда жеңімпазды анықтаудың басқа критерияларын орнатуға құқығы бар.
Тармақ 15
15. Конкурстің нәтижелері бойынша Агент пен Оператор олардың арасындағы қатынасты реттейтін Келісім жасайды.
Тарау 7. 7. Қорытынды ережелер
7. Қорытынды ережелер
Тармақ 16
16. Агенттің бөлінетін несиелік қаражаттарды мақсатты пайдалануға және оларды белгіленген мерзімдерде өтеуіне бақылау жасау қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Соңғы қарызгерлермен несиелік қаражатты мақсатты пайдалануы мен өтеуіне бақылау жасауды Агент жүзеге асырады.