О проведении смотра готовности предприятий пищевой промышленности, торговли, объектов общественного питания, водоснабжения и рынков к работе в летний период 2002 года Күшін жойған
Басқа 0
Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының, сауда, қоғамдық тамақтандыру, сумен қамтамасыз ету объектілерінің, базарлардың 2002 жылғы жазғы кезеңдегі жұмысқа дайындығының байқауын өткізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 21.12.2004 № 08-3/2691 хатымен.
"Халықтың-санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республиқасы Заңын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 30 желтоқсандағы № 751 Жарлығымен жарияланған "Денсаулық жылы" бағдарламасын іске асыру мақсатында және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарын, сауда, қоғамдық тамақтандыру және сумен қамтамасыз ету объектілерін тиісті санитарлық-техникалық қалыпқа келтіру мақсатында облыс
әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдері кәсіпорындардың, сауда, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің, базарлардың және су құбырлары ғимараттарының, жүйелерінің, су колонкаларының және шахталық құдықтарды 2002 жылғы 15 сәуірден 15 мамырға дейін жазғы кезеңдегі жұмысқа дайындығының байқауын өткізсін.
Тармақ 2
2. Меншіктің барлық түріндегі ұйымдардың және кәсіпорындардың басшыларына:
Тармақша 1
1) тамақ өнеркәсібі және сауда кәсіпорындарын, қоғамдық тамақтандыру объектілерін, базарларды, тауарлы сүт фермаларын, балалар сүт асханаларын тиісті санитарлық-техникалық қалыпқа келтіру және олардағы тоңазытқыш камераларды, қондырғыларды, сауда орындарын жөндеуден өткізу, оларды қажетті мөлшерде жуушы және дезинфекциялаушы заттармен, құралдармен және жабдықтармен қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) өндірілетін және сақталатын өнімдер сапасының зертханалық бақылауын қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Меншіктің барлық түріндегі су құбырларының, шахталық құдықтардың иелеріне:
Тармақша 1
1) істен шыққан су құбырларының жұмысын қалпына келтіру;
Тармақша 2
2) сумен қамтамасыз ететін су қоймаларының объектілерінде тиісті санитарлық тәртіп орнату, су қоймаларындағы, су құбырлары ғимараттарындағы санитарлық бақылау аймақтарын қалпына келтіру және жөндеуден өткізу;
Тармақша 3
3) құрамында хлоры бар залалсыздандыратын дәрілердің (хлорлы әк, кальций гипохлориді, сұйық хлор т. б.) қажетті мөлшерін жасау;
Тармақша 4
4) әрбір су құбырын, шахталық құдықты тазарту, жуу және дезинфекциялау;
Тармақша 5
5) су колонкаларын жөндеу және су ағарларды қалыпқа келтіру;
Тармақша 6
6) су колонкаларындағы ірге табандарды және су ағарларды қалыпқа келтіру;
Тармақша 7
7) су колонкаларының тексеріс құдықтардағы суын сорып алу және оларды жөндеу;
Тармақша 8
8) шахталық құдықтарды тиісті санитарлық-техникалық қалыпқа келтіру, қақпақтармен, қалқамен және қоғамдық шелектермен камтамасыз ету;
Тармақша 9
9) су құбырларындағы аварияларды дер кезінде жөндегеннен кейін, оның учаскелерін тазарту, залалсыздандыру;
Тармақша 10
10) ауыз су сапасының тұрақты зертханалық бақылауын қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары А. Қ. Есіркеповке жүктелсін.