О финансировании Программы обеспечения занятости населения Атырауской области на 2002 год Қолданыста
Басқа 0
2002 жылға арналған Атырау облысы халқын жұмыспен қамтамасыз ету бағдарламасын қаржыландыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын жүзеге асыру шаралары туралы» қаулысын орындау мақсатында облыстық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналар бекітілсін:
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібі; (№1 қосымша)
Тармақша 2
2) жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібі (№2 қосымша)
Тармақ 2
2. Облыстық қаржы басқармасы (А.Әжіғалиева) 2002 жылға жергілікті бюджетте қаралған қаржы есебінен жұмыспен қамту бағдарламасын қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Мүрсәлиеваға жүктелсін.
Басқа 6
Атырау облысы әкімиятының
21 ақпан 2002 жылғы №103
қаулысына №1 қосымша
Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыздардың еңбекақысын төлеу тәртібі
Осы тәртіп Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын жүзеге асыру шаралары туралы» қаулысын орындау мақсатында жасалды.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыты бар және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдардың жолдамасымен азаматтар орындайтын еңбек қызметінің түрлері қоғамдық жұмыстар деп түсініледі.
Тармақ 2
2. Ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамсыздандыру, сақтандыру туралы заңнамалық актілері қолданыланды.
Тармақ 3
3. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға олардың келісімімен жібереді.
Тарау 2. 2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
Тармақ 4
4. Жергілікті атқарушы органдар аймақтық қажеттілігін ескере отырып, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты анықтайды және мекемелерде қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады. Қоғамдық жұмыстар жергілікті бюджет қаржысы және жұмыс берушілер қаражаты есебінен қаржыландырылады.
Тармақ 5
5. Жұмыспен қамту уәкілетті органдары жұмыс берушілермен 1 айдан 6 айға дейін мерзімге ақылы жұмысты ұйымдастыруға келісім-шарт жасайды.
Тармақ 6
6. Ақылы қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылады және оның мынадай ерекшеліктері болады:
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыс тек қана жұмыссыздарға арналады;
Тармақша 2
2) қоғамдық жұмыс уақытша жүргізіліп, жұмыс орнының саны шектелмейді және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орны мен бос жұмыс орындары пайдаланылмайды;
Тармақша 3
3) қоғамдық жұмысты жарты күн және де жылжымалы кесте бойынша ұйымдастыру мүмкіндігі бар (жұмыссыздың еңбек ақысына қосымша төлемді төлейтін жағдайы бар кәсіпорындар толық жұмыс күнін бекітеді);
Тармақша 4
4) жергілікті аймаққа экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тұрғыдан пайдалы;
Тармақша 5
5) арнаулы білімі жоқ жұмыссыздарға уақытша жұмысқа орналасуға мүмкіндік беріледі.
Тармақ 7
7. Өз қаражаты есебінен қоғамдық жұмысты ұйымдастырам деуші жұмыс берушілер, жергілікті уәкілетті атқарушы органдарға тапсырыс береді.
Тарау 3. 3. Қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу
3. Қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу
Тармақ 8
8. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру облыстық бюджет қаржысы есебінен жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Қоғамдық жұмыспен қамтылған жұмыссыздардың еңбекақысы жергілікті бюджет есебінен сәйкесті жылға арналған Республикалық бюджет туралы Заңда анықталған ең төменгі еңбек ақының 1,0-1,5 еселенген мөлшерінде, жасалған жұмыстың санасына, сапасына, күрделілігіне қарай төленеді.
Тармақ 10
10. Қоғамдық жұмыспен қамтылған жұмыссыздардың есептелген еңбекақысына қолданыстағы Заңдар тәртібімен салықтар салынады және уәкілеті жұмыспен қамту органдарының тапсырысы бойынша қаржы екінші деңгейдегі банкілерге, сол жерден жұмыссыздың жеке есеп шотына аударылады.
Тармақ 11
11. Жұмыссызға қоғамдық жұмыста жүрген уақытта денсаулығына зақым келсе, уақытша жұмысқа жарамсыздыққа ұшыраса және жұмыста жүріп зиян шеккен жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақы қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес жұмыс берушінің есебінен төленеді.
Тарау 4. 4. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу
4. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу
Тармақ 12
12. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жұмыссыздарды мекемелердегі қоғамдық жұмыстарға жіберуді жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган тіркелу күніне сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Мақсатты топтарға кіретін жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға басым тәртіппен қатысуға құқығы бар.
Тармақ 15
15. Жұмыс беруші мен қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыз арасында еңбек туралы заңнамаға сәйкес жеке еңбек шарты жасалады.
Тармақ 16
16. Қоғамдық жұмыстарға қатысуды дәлелсіз себептермен, өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздар жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда қайтадан тіркелген күннен бастап үш ай өткеннен кеін ғана қоғамдық жұмыстарға қайтадан жіберілуі мүмкін.
Тарау 5. 5. Қоғамдық жұмысты қаржыландыру, есеп-қисап және бақылау тәртібі
5. Қоғамдық жұмысты қаржыландыру, есеп-қисап және бақылау тәртібі
Тармақ 17
17. Қоғамдық жұмысты қаржыландыру облыстық бюджетте осы мақсатқа қаралған қаржы есебінен жүргізіледі.
Тармақ 18
18. Қоғамдық жұмысты ұйымдастырып отырған кәсіпорын жергілікті уәкілетті органдарға әр айдың 5-жұлдызына дейін өткен ай үшін барлық заңдылықтар тәртібіне сәйкес есеп беріп отырады (жұмыс уақыты есебінің тізбесі, атқарылған жұмыстарды есебі).
Тармақ 19
19. Жергілікті уәкілетті органдар кәсіпорындар есебін тексеріп, ақылы қоғамдық жұмысты қаржыландыруға қажетті қаржының есебін анықтап, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментіне тапсырыс жолдайды.
Тармақ 20
20. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті жергілікті уәкілетті органдар тапсырысы негізінде жинақтап, қажетті қаржының есебін анықтап, әр айдың 10-жұлдызына дейін облыстық қаржы басқармасына тапсырыс түсіреді.
Тармақ 21
21. Облыстық қаржы басқармасы еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментінен түскен сұраныстар негізінде жергілікті бюджетте осы мақсатқа қаралған қаржы есебінен ашады.
Тармақ 22
22. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті есеп шотына қаржы түскеннен кейін, екі күннің ішінде оны әр жұмыссыздың өз есеп шотына аударады.
Тармақ 23
23. Жергілікті уәкілетті органдар ай сайын өтіп кеткен айда жұмсалған қаржы (ұлттық банк филиалымен жасалған тексеру актілері) туралы еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментіне, соңғы облыстық қаржы басқармасына барлық заңдылықтарға сәйкес мәлімет беріп тұрады.
Тармақ 24
24. Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен оны қаржыландыру тәртібі еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті, қаржы органдары және қаржыны бақылау органдары бақылау жасайды.
Тармақ 25
25. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырған кезде:
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарды есепке алуды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) статистика жөніндегі мемлекеттік орган белгіленген нысан бойынша қоғамдық жұмыстар жөнінде айлық, тоқсандық, жарты жылдық және жылдық статистикалық есептерді жүргізеді;
Тармақша 3
3) белгіленген мерзімде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық атқарушы органға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі статистикалық есептілікті ұсынады.
Басқа 45
Облыс әкімиятының 2002 жылғы
21 ақпан №103 қаулысына
№2 қосымша
Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлуды қаржыландыру тәртібі
Осы тәртіп Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 «Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңын орындау шаралары туралы» қаулысын іске асыру мақсатында әзірленді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау шарасы болып табылады және олардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
Тармақ 2
2. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау:
Тармақша 1
1) мамандығы жоқ, мамандық алғысы және сол мамандық бойынша жұмыс істегісі келетін жұмыссыздарды даярлауды (бастапқы кәсіби білім беру);
Тармақша 2
2) жұмыссыздардың кәсіби шеберлігін жетілдіру, неғұрлым жоғары разрядтар (сыныптар, санаттар) алу және өндірістік қажеттілікті ескере отырып, үдемелі техника мен технологияны зерттеу және игеру мақсатында олардың біліктілігін арттыруды (қосымша білім);
Тармақша 3
3) егер жұмыссыздарға кәсіптері (мамандықтары) бойынша лайықты жұмыс ұсынылмайтын болса, не олар белгілі бір кәсіптер (мамандықтар) бойынша жұмысты орындау қабілетін жоғалтқан болса, оларды жаңа кәсіптер (мамандықтар) алу мақсатында қайта даярлауды (қайта оқыту) қамтиды.
Тарау 2. 2. Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру
2. Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру
Тармақ 3
3. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау уәкілетті органның білім беру ұйымдарында немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйке жолдамасы бойынша білім беру құқығы бар кәсіпорындарда жүргізеді.
Тармақ 4
4. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыру, қайта даярлаудың ұзақтығы, тараптардың құқықтары мен міндеттері шарттарға сәйкес оқу бағдарламасына қарай белгіленіп:
Тармақша 1
1) жұмыссыздарды бастапқы даярлау мен қайта даярлау ұзақтығы алты айдан;
Тармақша 2
2) жұмыссыздардың біліктілігін арттыру үш айдан аспауы тиіс.
Кәсіптік даярлауда жүрген жұмыссыздарды оқудан шығару оқу орны белгіленген тәртіппен жергілікті уәкілетті органды алдын ала жүргізеді.
Жұмыссызды оқудан шығарған кезде білім беру ұйымы оқу ақысына қайта есептеу жүргізеді. Бұл ретте көрсетілген қызметтердің нақты көрсетілген қызмет көлеміне ғана ақы төленеді.
Тарау 3. 3. Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды қаржыландыру
3. Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды қаржыландыру
Тармақ 5
5. Жұмыссыздарды кәсіби оқыту құнын төлеу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Жұмыссызды кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау құнына оқумен тікелей байланысты шығындардан басқа тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға, аймақ шегінде оқу орнына барып-келу жолына шыққан шығындар енгізіледі.
Тармақ 7
7. Жұмыссыздарды кәсіби оқыту құны білім беру мекемесінің шотына ай сайын аудару арқылы төленеді.
Тармақ 8
8. Уәкілетті органдар мен білім беру ұйымдарына немесе кәсіпорындарға жіберген жұмыссыздарды (мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі оқуды қоспағанда) кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлауға байланысты шығындар кәсіби дайындау бойынша қызмет көрсету шарттарына сәйкес белгіленген тәртіппен жұмыспен қамтудың жергілікті бюджеттік бағдарламасы шеңберінде қаржыландырылады.
Тармақ 9
9. Уәкілетті органдармен мемлекеттік білім беру мекемелеріне жіберген жұмыссыздарды бастапқы кәсіби даярлаумен байланысты шығындар осы мемлекекттік мекемелерді ұстауға қаралған шығыстар сметасында ескеріледі.
Тарау 4. 4. Бақылау және есептілік
4. Бақылау және есептілік
Тармақ 10
10. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар оқу орындарының оқыту мерзімдері мен сапасын сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Жергілікті білім беруді басқармасының органдары оқу орындарының оқу жоспарлары мен бағдарламалардың орындауын бақылауды жүзеге асырады, жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі жұмысқа талдау жүргізуді және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарға ақпарат береді.
Тармақ 11
11. Кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру кезінде уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздардың есебін жүргізеді;
Тармақша 2
2) белгіленген нысан бойынша айлық, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық статистикалық есептілікті жүргізеді;
Тармақша 3
3) белгіленген мерзімдерде кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі статистикалық есептілікті жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық атқарушы органға ұсынады.