О кредитовании сельхозтоваропроизводителей области на проведение весенне-полевых и уборочных работ 2002 года за счет средств республиканского бюджета Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.03.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2002 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін республикалық бюджет қаржысы есебінен несиелендіру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 23.05.2003 № 106 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "2002 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерді несиелендірудің кейбір мәселелері туралы" 2002 жылғы 20 ақпандағы N 229 қаулысына және "2002 жылға арналған облыстық бюджет туралы" Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 8 қаңтардағы N 17-2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" облыстық мәслихат сессиясының 2002 жылғы 25 ақпандағы N 19-1 шешіміне сәйкес Батыс Қазақстан облыстық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2002 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге жану-жағар май материалдарын, тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, ауыл шаруашылығы машиналарына босалқы бөлшектер алу және ауыл шаруашылығы техникаларын жалдау немесе сатып алу үшін Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелендіру Ережесі бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Мыналар:
Тармақша 1
1) "Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелендіру" бағдарламасының әкімшісі облыстық ауыл шаруашылығы департаменті;
Тармақша 2
2) көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін товарлы несиемен одан әрі несиелендіру үшін несиелік қаржыны алу жөніндегі оператор "Батыссервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелендіру және оларды 2002 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге жану-жағар май материалдарымен, тұқымдармен, тыңайтқыштармен, гербицидтермен, ауыл шаруашылығы машиналары үшін босалқы бөлшектермен және ауыл шаруашылығы техникаларын жалдаумен немесе сатып алумен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен қарызға алынған 160,0 млн. теңге сомасындағы қаржы Бағдарлама әкімшісіне бөлінсін.
Тармақ 4
4. Бағдарлама әкімшісі қосымшадағы несиелендіру Ережесіне сәйкес ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелендіруді жүзеге асырсын.
Тармақ 5
5. Аудандардың әкімдері:
Тармақша 1
1) егіс алыңының көлеміне және өтемдік кепілді мүліктердің болуына қарай несие берілетін шаруашылықтардың тізбесін белгілесін;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері алған несиенің мақсатты жұмсалуына қатаң бақылау орнатсын.
Тармақ 6
6. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері алған несиенің дер кезінде қайтарылуы үшін аудандар әкімдеріне жеке дара жауапкершілік жүктелсін.
Тармақ 7
7. Облыстық қаржы басқармасы, облыстық ауыл шаруашылығы департаменті республикалық бюджеттен қаржы алу үшін құжаттардың дер кезінде ресімделуіне және оның белгіленген мерзімінде қайтарылуына бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасарлары А.Қ. Есенғалиевке және А.Қ. Нұрғалиевке жүктелсін.
Басқа 13. 2002 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге, жану-жағар май материалдарын, тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, ауыл шаруашылы машиналарына босалқы бөлшектер алу және ауыл шаруашылығы техникаларын жалдау немесе сатып алу үшін Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелендірудің ЕРЕЖЕСІ
Облыстық әкімияттың 2002 жылғы 14 наурыздағы N 56 қаулысына қосымша 2002 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге, жану-жағар май материалдарын, тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, ауыл шаруашылы машиналарына босалқы бөлшектер алу және ауыл шаруашылығы техникаларын жалдау немесе сатып алу үшін Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелендірудің ЕРЕЖЕСІ Осы Ереже Қазақстан Республикасының "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2001 жылғы 15 желтоқсандағы N 273 Заңында қаралған Қазақстан Республикасы Үкіметінің "2002 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерді несиелендірудің кейбір мәселелері туралы" 2002 жылғы 20 ақпандағы N 229 қаулысына сәйкес жану-жағар май материалдарын, тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, ауыл шаруашылығы машиналары үшін босалқы бөлшектер алуға және ауыл шаруашылығы техникаларын жалдау немесе сатып алуға арналған "Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерді несиелендіру" 84 бюджеттік бағдарламасы бойынша несие берудің тәртібін және шарттарын айқындайды.
Тарау 14. І. Жалпы ережелер
І. Жалпы ережелер
Тармақша 1
1) Осы Ережеде төмендегідей ұғымдар пайдаланылады. несие беруші - жергілікті атқарушы орган; бюджеттік несие - республикалық бюджеттен несие берушінің шұғылдық, төлемдік және қайтарымдылық шарттарымен берген ақшасы; қарыз алушы - "Батыссервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, бюджеттік несие алушы (оператор); соңғы қарыз алушы - ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер, товарлы несие алушылар; бюджеттік несие жөніндегі берешек - қарыз алушының бюджеттік несиені белгіленген күнге өтемеген және кестеге сәйкес төлемеген төлемдер сомасы; бағдарлама әкімшісі - облыстық ауыл шаруашылығы департаменті.
Тарау 2. 2. Несиелендірудің тәртібі
2. Несиелендірудің тәртібі
Тармақша 1
1) Соңғы қарыз алушыны товарлы несиелеу үшін бюджеттік несие беру туралы Қарыз алушымен шарт жасасуды Несие беруші атынан Бағдарлама әкімшісі жүзеге асырады.
Тармақша 2
2) Республикалық бюджеттен түскен 160,0 млн.теңге сомасындағы несие ресурсын Бағдарлама әкімшісі жану-жағар май материалдарын, тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, ауыл шаруашылығы машиналарына босалқы бөлшектер алу және ауыл шаруашылығы техникаларын жалдау және сатып алу үшін Қарыз алушы арқылы соңғы қарыз алушыны товарлы несиелеу үшін қайтарымдылық, шұғылдық және төлемдік шарттарымен сыйақының нөлдік мөлшерлемесі бойынша бөледі.
Тармақша 3
3) Соңғы қарыз алушыны республикалық бюджеттен қарызға алынған қаржы есебінен несиелендіруге Бағдарлама әкімшісі және Қарыз алушы қатысады.
Тармақша 4
4) Бағдарлама әкімшісі: соңғы қарыз алушыны кейіннен товарлы несиелеу үшін несие ресурстарын аударуға қарыз алушымен шарт жасасады; Қарыз алушының жану-жағар май материалдарын, тұқымдарды, тыңайтқыштарды, гербицидтерді, ауыл шаруашылығы машиналарына босалқы бөлшектерді бөлуіне, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникаларын жалдауына немесе сатып алуға арналған қаржыны бөлуіне бақылау жасайды, алынған несиенің облыстық бюджетке қайтарылуына мониторингті қамтамасыз етеді; несие ресурстары уақытында қайтарылмаған жағдайда қарыз алушыға қатысты наразылық-талап ету жұмыстарын жүргізеді; Қарыз алушыға бөлінген қаржы толық қайтарылғанға дейін Қарыз алушының соңғы қарыз алушыдан жинаған астығын товарлы несиені өтеу есебіне иеленеді. Қарыз алушыға астықты келісілген баға бойынша сатуға рұқсат береді.
Тармақша 5
5) Аудандардың әкімдері: Бағдарлама әкімшісіне және Қарыз алушыға келісу үшін соңғы қарыз алушының тізбесін береді; жану-жағар май материалдарының, тұқымдардың, тыңайтқыштардың, гербицидтердің, ауыл шаруашылығы машиналары үшін босалқы бөлшектердің түсуіне және мақсатты жұмсалуына, соңғы қарыз алушының ауыл шаруашылығы техникасын жалдауына немесе сатып алуына олардың товарлы несиені 2002 жылдық 1 қазанына дейінгі мерзімде ақшалай немесе астық өнімдерімен (егер бұл келісім-шартта көрсетілген болса) уақытында қайтаруына бақылау жасайды; соңғы қарыз алушының несие ресурстарын қайтаруы туралы Бағдарлама әкімшісіне ақпарат береді.
Тармақша 6
6) Қарыз алушы: өтемдік кепілді немесе басқалай қамтамасыз етуді көрсете отырып, соңғы қарыз алушыны товарлы несиелеуге арналған несие қаржысын алуға, Бағдарлама әкімшісімен, сондай-ақ жану-жағар май материалдарын, тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, ауыл шаруашылығы машиналары үшін босалқы бөлшектер алуға, ауыл шаруашылығы техникаларын жалдауға немесе сатып алуға соңғы қарыз алушымен шарттар жасасады; соңғы қарыз алушыны товарлы несиелеуге арналып бөлінген несиелік ресурстар мақсатты жұмсалуын және жану-жағар май материалдарының, тұқымдардың, гербицидтердің, тыңайтқыштардың, ауыл шаруашылығы машиналары үшін босалқы бөлшектердің, ауыл шаруашылығы техникаларын жалдаудың және сатып алудың көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары үшін ғана босатылуын қамтамасыз етеді; бағаға мониторинг жүргізеді, шарттар жасасады және неғұрлым төмен баға ұсынған жабдықтаушыға жану-жағар май материалдарын, тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, ауыл шаруашылығы машиналары үшін босалқы бөлшектер алу, ауыл шаруашылығы техникаларын жалдау немесе сатып алу үшін несие ресурстарын аударады; аудан әкімдері ұсынған және өтемдік кепілді немесе басқалай қамтамасыз етуді тапсырған соңғы қарыз алушыға жану-жағар май материалдарын, тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, ауыл шаруашылығы машиналары үшін босалқы бөлшектер босатуды, ауыл шаруашылығы техникаларын жалдауға немесе сатып алуға товарлы несие есебінен қаржыны нөлдік мөлшерлеме бойынша босатуды қамтамасыз етеді; есеп айырысу сүтіндегі рыноктық баға бойынша товарлы несиені өтеу есебіне астық қабылдауды жүзеге асырады; Бағдарлама әкімшісінен алған несие қаржысын шартта қаралған мерзімде қайтаруды қамтамасыз етеді, жасалған шартқа сәйкес бөлінген қаржыны уақытында қайтармағаны үшін қаржылай жауап береді; товарлы несиені уақытында қайтармаған соңғы қарыз алушыға қатысты наразылық-талап ету жұмыстарын жүргізеді; товарлы несиелендіруге байланысты пайда болған өзінің шығындарын Бағдарлама әкімшісінің рұқсатымен астықты келісілген баға бойынша сату (егер несие астықпен қайтарылатын жағдайда) есебімен жабады; соңғы қарыз алушы несиені уақытында қайтармаған жағдайда Қарыз алушы жергілікті бюджетке қаржыны өз көздері есебінен қайтаруды қамтамасыз етеді. Аталған қаржыны қайтару мерзімі Бағдарлама әкімшісі мен Қарыз алушы арасында жасалған шартта белгіленеді.
Тармақша 7
7) Соңғы қарыз алушы: товарлы несие алу үшін Қарыз алушымен шарт жасасады және оны ақшалай немесе астық өнімдерімен (егер бұл шартта көрсетілген болса) дер кезінде қайтаруды қамтамасыз етеді; көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге жану-жағар май материалдарын, тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, ауыл шаруашылығы машиналары үшін босалқы бөлшектер сатып алуға бөлінген товарлы несиенің, ауыл шаруашылығы техникаларын жалдауға немесе сатып алуға арналған қаржының мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етеді, жасалған шартқа сәйкес қаржылай жауап береді; алынған несие сомасын өтемдік кепілмен немесе басқалай жолдармен қамтамасыз етеді. Қарыз алушы өтемдік кепілдің құнын бағалайды және белгілейді.