О кредитовании сельхозтоваропроизводителей для приобретения ГСМ, семян, удобрений, гербицидов, запчастей для сельскохозмашин, аренды или покупки сельскохозяйственной техники на проведение весенне-полевых и уборочных работ 2002 г. Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.03.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2002 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына ЖЖМ, тұқымдық дәндә дақылдарды,тыңайтқыш және гербицидті, ауыл шаруашылығы машиналарының қосалқы бөлшектерін техникаларды сатып алуға несие бөлу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты Қарағанды облысы әкімшілігінің аппарат Басшысының 2005.01.21 N 05-11/89 хатымен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 20 ақпандағы “2002 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерді несиелендірудің кейбір мәселелері туралы” №229 қаулысы мен Қарағанды облыстық Мәслихатының 2002 жылғы 14 наурызындағы “Облыстық Мәслихаттың 2002 жылғы 28 желтоқсанындағы “2002 жылғы облыстық бюджет туралы” XV сессиясының № 2-5/7 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” XVI сессиясының шешімі негізінде:
Тармақ 1
1. “Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2002 жылғы көктемгі дала және егін орағы жұмыстарын жүргізу үшін несие беру” туралы бюджеттік Бағдарламаның әкімгері-облыстық ауыл шаруашылығы департаменті (Т.Алтынбеков) болып бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қоса тіркеліп отырған Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жанар-жағармай материалдардарын, тұқымды, тыңайтқыш және гербицидті ауылшаруашылығы машиналарының қосалқы бөлшектерін, техникаларды сатып алу және оны жалға беруге несие бөлу Ережесі бекітілсін (қосымша).
Тармақ 3
3. 2002 жылғы көктемгі дала және егін орағы кезінде ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерге жанар-жағармай, тұқым, тыңайтқыш және гербицид, ауылшаруашылығы машиналарының қосалқы бөлшектерін, техникасын сатып алуға және оны жалға беруге пайдалану үшін Бағдарламаның әкімгеріне Республика бюджетінен бөлінген 186 млн.теңге берілсін.
Тармақ 4
4. Конкурстық негізінде белгіленген (сайланған) операторлар арқылы ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерге несие беру Бағдарламаның әкімгеріне тапсырылсын.
Тармақ 5
5. Бағдарламаның әкімгеріне республикалық бюджеттен бөлінген несие ресурстарының өз мақсатында қолданылуы мен қайтарылуын қадағалау тапсырылсын.
Тармақ 6
6. Экономика және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы (Е.Сыздыков) және облыстық ауыл шаруашылығы департаменті (Т.Алтынбеков) конкурска қатысуға тілек білдіруші кәсіпорындар арасынан операторларды іріктеу үшін конкурс өткізсін
Тармақ 7
7. Аудан әкімдері: - дәнді дақыл себетін алқаптардың мөлшерін және өтімді кепілдік мүлікті еске ала отырып ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтініші бойынша несие берілетін шаруашылықтардың тізімін белгілесін; - ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің алынған несиені өз мақсатына жұмсауын қатты қадағаласын; - ауыл шаруашылығы таурын өндірушілерінің мезгілінде несиелерді қайтаруына тікелей жауап берсін.
Тармақ 8
8. Облыстық қаржы басқармасына (С.Нөгербеков) және облыстық ауыл шаруашылығы департаментіне (Т.Алтынбеков) республикалық бюджеттен түскен қаржы құжаттарының уақытында алынуы және олардың 01.12.02 жылы қайтарылуын қадағалау тапсырылсын.
Тармақ 9
9. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасарлары С.Б. Өтешевке және С.Т.Тұңғышбековке жүктелсін.
Басқа 10
Облыс әкімінің 2002 ж.03.21 № 47шешіміне қосымша Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жанар-жағармай материалдарын, тұқымды, тынайтқыш және гербицидті ауылшаруашылығы машиналарының қосалқы бөлшектерін, техникаларды сатып алу және оны жалға беруге несие бөлу Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының “2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы” 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңында көзделген “Kөктемгі дала және егін орағы жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджеттерге несие беру” жөніндегі 84-ші бюджеттік Бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің “2002 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерді несиелендірудің кейбір мәселелері туралы” 2002 жылғы 20 ақпандағы № 229-шы қаулысына сәйкес жанар-жағармай, тұқым, тынайтқыштар, гербицидтер, ауыл шаруашылығы машиналарының қосалқы бөлшектерін сатып алу үшін несие беру тәртібі мен шарттарын анықтайды.
Тарау 2. 2. Несие беру тәртібі
2. Несие беру тәртібі
Тармақ 2
2. Республикалық бюджеттен түскен 186 млн.теңге несие қоры Бағдарлама әкімгері – облыстық ауыл шаруашылығы департаментіне бөлінеді, әрі қарай тауарлық несие операторлар арқылы қайтару міндеттілігі, ақылы, мерзімді негізде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне нөлдік қаутару ставкасы бойынша жанар-жағармай тұқым, тынайтқыш, гербицид, қосалқы бөлшектер, ауылшаруашылығы техникасын сатып алу немесе жалға беру жұмыстарына жұмсалады.
Тармақ 3
3. Ауыл шаруашылығы тауаррын өндірушілерге несие конкурстік негізде белгіленген операторлар арқылы жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Республика бюджетінен түскен несие қаржысы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге Бағдарлама әкімгері мен операторлардың қатысуымен бөлінеді. Аудан әкімдері түскен өтініш бойынша несие алатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізімін жасап ұсынады.
Тарау 3. 3. Бағдарламаның әкімгері
3. Бағдарламаның әкімгері
Тармақ 5
5. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне несие қорын беру үшін бағдарламаны орындаушы операторлармен шартқа отырады;
Тармақ 6
6. Жана-жағармайдың, тұқымның, тынайтқыш пен гербицидтердің, ауылшаруашылығы машиналарының құрамабөлшектерінің түсуін және олардың операторлармен бөлінуін қадағайды;
Тармақ 7
7. Операторлар алған несие қорының облыс бюджетіне қайтарылуына бақылау жасайды;
Тармақ 8
8. Несие уақытында қайтарылмаған және өз мақсатына жұмсалмаған жағдайда операторлармен қуылым-талап жұмыстарын жүргізеді.
Тарау 4. 4. Аудан әкімдері
4. Аудан әкімдері
Тармақ 9
9. Түскен өтімдер бойынша жасалған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізімін Бағдарлама әкімгері мен операторларға келісуге ұсынады және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен операторлар арасында келісім шарт жасауға басшылық етеді;
Тармақ 10
10. Жанар-жағармайдың, тұқымдық дәнді дақылдардың, тынайтқыштардың, гербицидтердің, қосалқы бөлшектердің сатып алынған, жалға берілген ауыл шаруашылығы техникасының уақытылы түсуін, мақсатты пайдалануын, тауар өндірішілердің несиені уақытында ақшамен немесе азық-түліктік астықпен 2002 жылдың 1-ші қарашасына дейін қайтаруына бақылауды қамтамасыз етеді;
Тармақ 11
11. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің несие қорын кайтаруы мен олардың облыстық бюджетке түсуін облыстық ауыл шаруашылығы департаментіне хабарлап отырады.
Тарау 5. 5. Операторлар
5. Операторлар
Тармақ 12
12. Банк кепілдемесін (немесе басқа кепілдеме) ұсына отырып ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне тауарлық несие беру үшін арналған несие қаражатын алуға Бағдарлама әкімгерімен келісім-шарт жасайды, сонымен қатар, тауарлық несиелерді алу үшін (жанар-жағармай, тұқымдық дәнді дақылдар, тынайтқыш, гербицид, ауыл шаруашылығы машиналарының қосалқы бөлшектері, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілермен шартқа отырады;
Тармақ 13
13. 2002 жылғы көктемгі дала және егін орағын өткізуге жанар-жағамай, тұқымдық дәнді дақылдар, тынайтқыштар, гербицидтер, қосалқы бөлшектер ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу мен жалға беру арқылы бөлінген несиелік қорлардың мақсатты пайдалануын қамтамасыз етеді;
Тармақ 14
14. Бағаларды бақылайды, келісімдер жасайды және Бағдарламаның әкімгеріне хабарлай отырып ең төменгі баға ұсынған жеткізушілерге материалдар алу үшін (жанар-жағармай, тыңайтқыштар, гербицидтер, ауыл шарашылығы машиналарының қосалқы бөлшектері, ауыл шаруашылығы техникасын жалдау немесе сатып алу) несиелік қорларды аударады.
Тармақ 15
15. Аудан әкімгерінің ұсынысы боынша кепілдік берген ауыл шаруашығы тауарын өндірушілерге жанар-жағармай, тұқым, тынайтқыштар, гербицидтер, қосалқы бөлшектердің бөлінуін, ауыл шаруашылығы техникасының сатылуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 16
16. Бөлінген тауарлық несиенің қайтарымы ретінде тапсырылған күнгі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің курсы бойынша 3 класты жұмсақ бидайға шаққанда бір тоннасын АҚШ-тың 75 долларынан кем болмайтын бағамен астық алуды жүргізеді;
Тармақ 17
17. Бағдарлама әкімгерінен алынған несие қаржысын 2002 жылдың 20 желтоқсанына дейін ақшамен қайтарылуын қамтамасыз етеді;
Тармақ 18
18. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі және бекітілген келісім бойынша берілген қаржының уақытында қайтарылмауына (немесе өз мақсатында пайдаланбауына) жауап береді;
Тармақ 19
19. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қайтармаған (уақытында қайтарылмаған) тауарлық несиелері үшін қуалым-талап жұмыстарын жүргізеді;
Тармақ 20
20. Тауарлық несие беруге байланысты шаққан шығындарын астықты сату арқылы жабады (егер берілген несие астықпен жабылса).
Тарау 6. 6. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер
6. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер
Тармақ 21
21. Несиені алуға және оның уақытында қайтарылуына (2002 жылдың 1 қарашысынан кешіктірмей) операторлармен келісім шарт жасайды;
Тармақ 22
22. Алынған тауарлық несиенің (жанар-жағармай, тұқымдық дәнді дақыл, тыңайтқыш, гербицид, қосалқы бөлшектер, ауылшаруашылық техникаларын сатып алу және жалға беру) көктемгі дала және егіс орағы жұмысына мақсатты қолданылуын қамтамасыз етеді;
Тармақ 23
23. Жасалған келісім шарттар мен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодіксіне сәйкес қайтарылмаған, уақытында қайтарылмаған, мақсатсыз жұмсалған несиелік қорлар үшін жауап береді;
Тармақ 24
24. Тауарлық несиені оператормен жасаған шартта қаралған болса 3 кластық азық-түлік бидайымен немесе ақшамен қайтарылуын қамтамасыз етеді.