О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан «Об объявлении 2002 года Годом здоровья» в Западно-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Президентінің «2002 жылды Денсаулық жылы деп жариялау туралы» Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 23.05.2003 № 106 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "2002 жылды Денсаулық жылы деп жариялау туралы" 2001 жылғы 30 желтоқсандағы N 751 Жарлығын және "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "2002 жылды Денсаулық жылы деп жариялау туралы" 2001 жылғы 30 желтоқсандағы Жарлығын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 18 қаңтардағы N 59 қаулысын iске асыру мақсатында облыстық әкiмият ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Денсаулық жылын өткiзу жөнiндегi облыстық комиссияның құрамы бекiтiлсiн (N 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Батыс Қазақстан облысында Денсаулық жылында ұйымдастырылатын және өткiзiлетiн iс-шаралар жоспары бекiтiлсiн (N 2 қосымша).
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасы (Хамитов) Денсаулық жылын өткiзу жөнiндегi шараларды 2002 жылғы бюджетте қаралған қаржы шегiнде қаржыландыруды жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы (Қарағойшин), "Қазақстанның теледидары және радиосы" республикалық корпорациясы ЖАҚ-ның Батыс Қазақстан филиалы (Ғұбашев), "Орал өңiрi" газетi (Қайырғалиев) және "Приуралье" газетi (Кульпин) МКҚК Денсаулық жылы шеңберiнде қаралған шараларды кеңiнен насихаттауды және жариялауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ш.Ә. Өтемiсовке жүктелсiн.
Басқа 6. Денсаулық жылын өткiзу жөнiндегi облыстық комиссияның ҚҰРАМЫ
Облыстық әкiмияттың
2002 жылғы 25 ақпандағы
N 44 қаулысына
N 1 қосымша
Денсаулық жылын өткiзу жөнiндегi облыстық комиссияның ҚҰРАМЫ
Қырымбек Елеуұлы Көшербаев - облыс әкiмi, комиссия төрағасы
Шавхат Әнесұлы Өтемiсов - облыс әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасының
орынбасары
Бекет Тельманұлы Мырзахметов - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы,
комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелерi:
Светлана Николаевна Анищенко - облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты
әлеуметтiк қорғау басқармасының бастығы
Қабдығали Ахметұлы Ахметов - облыстық әдiлет басқармасының бастығы
Юрий Викторович Балыков - "Талап" ААҚ-ның дәрiгер-хирургi, облыстық
мәслихаттың депутаты (келiсiм бойынша)
Амангелдi Ғазисұлы Баянов - Шыңғырлау ауданының әкiмi
Алексей Иванович Бирюков - облыстық мемлекеттiк санитарлық-эпидемиялық
қадағалау басқармасының бастығы
Марат Нәбиұлы Боранбаев - ЖҚТБ-ның алдын алу және күресу жөнiндегi облыстық
орталықтың бас дәрiгерi
Еркiн Ибрайұлы Бөлегенов - денсаулық сақтау қызметкерлерi кәсiп-одағының
облыстық комитетiнiң төрағасы (келiсiм бойынша)
Александр Тоғабайұлы Бөлекбаев - салауатты өмiр салтын қалыптастыру проблемалары
облыстық орталығының директоры
Александр Константинович Гражданов - Орал обаға қарсы күресу станциясының бастығы
Асланбек Зинатұлы Ғұбашев - "Қазақстанның теледидары және радиосы"
республикалық корпорациясы Батыс Қазақстан
филиалының атқарушы директоры
Ерболат Мұхтарұлы Жұмағалиев - облыстық экономика басқармасының бастығы
Сағидолла Батайұлы Еркебаев - Бөрлi ауданының әкiмi
Қайреден Есенғалиұлы Жәкиев - облыстық ауыл шаруашылығы департаментiнiң
бастығы
Нәсiпқали Иманғалиұлы - Жәнiбек ауданының әкiмi
Қалиолла Шағиұлы Қарағойшин - облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм
басқармасының бастығы
Мәжит Қайырғалиұлы Қайырғалиев - "Орал өңiрi" газетi МКҚК-ның бас редакторы
Ғабдiрашит Қарменұлы Қарменов - Бөкейордасы ауданының әкiмi
Ермек Қасымбекұлы Қасымбеков - облыстық бiлiм басқармасының бастығы
Қуаныш Кенжеғалиұлы Кенжеғалиев - облыстық коммуналдық меншiктер басқармасының
бастығы
Кәкен Көбейсiнұлы Көбейсiнов - "Нарын" қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы
Сергей Павлович Кульпин - "Приуралье" газетi МКҚК-ның бас редакторы
Төлеген Тастайұлы Мерғалиев - Жаңақала ауданының әкiмi
Вениамин Қадырұлы Мұқатаев - Орал қаласының әкiмi
Салауат Ғаббасұлы Нұрғалиев - Тасқала ауданының әкiмi
Марат Балғазыұлы Нұрғалиев - облыстық туризм және спорт басқармасының
бастығы
Тұяқбай Зейiтұлы Рысбеков - Батыс Қазақстан мемлекеттiк университетiнiң
бiрiншi проректоры, облыстық мәслихаттың
әлеуметтiк саясат жөнiндегi тұрақты комиссиясының
төрағасы (келiсiм бойынша)
Александр Федорович Савран - Теректi ауданының әкiмi
Замир Садықұлы Сағынов - Казталовка ауданының әкiмi
Табылғали Сатқалиұлы Сапаров - Зеленов ауданының әкiмi
Әлiбек Байжанұлы Сәтбаев - Ақжайық ауданының әкiмi
Роберт Хамитұлы Сүйербаев - Батыс Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны
қорғау басқармасының бастығы
Серiк Кенжебекұлы Сүлейменов - Қаратөбе ауданының әкiмi
Әлiбек Бақтыгерейұлы Сытдықов - облыстық инфрақұрылым және құрылыс басқармасының
бастығы
Марат Кенжетайұлы Оңғарбеков - Сырым ауданының әкiмi
Юрий Александрович Федулеев - облыстық наркологиялық диспансердің бас дәрiгерi
Асқар Шәңгерейұлы Хамитов - облыстық қаржы басқармасының бастығы
Ғалинұр Ғалымқызы Шамшаева - облыстық мәслихаттың хатшысы
Басқа 7. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ ЖЫЛЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКIЗУ ЖӨНIНДЕГI ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
Облыстық әкiмияттың
2002 жылғы 25 ақпандағы
N 44 қаулысына
N 2 қосымша
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ ЖЫЛЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКIЗУ ЖӨНIНДЕГI ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
Тарау 1. 1. Мектеп жасындағы балаларды диспансерлеудi ұйымдастыру және өткiзу
1. Мектеп жасындағы балаларды диспансерлеудi ұйымдастыру және өткiзу
№ №
Шаралар атауы
Орындалу
мерзiмi
Аяқтау нысаны
Жауапты орындаушылар
1)
Облыстың жалпы бiлiм беретiн мектептерiнiң 5-11 сынып оқушыларын медициналық байқаудан өткiзу.
II тоқсан
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, аудандық денсаулық сақтау бөлімдері
2)
Облыс орта мектептерiнiң штаттық кестесiн медицина қызметкерлерi кадрларымен қосымша жабдықтау: - 22,0 дәрiгер ставкасы және 196 орта медицина қызметкерi ставкасы.
I-II тоқсан
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық қаржы басқармасы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық білім басқармасы
3)
Селолық орта мектептерде 83 дәрігерлік пунктті қалпына келтіру.
Жыл ішінде
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық білім басқармасы
4)
Тәуекелшiл топтағы балаларды анықтау, оларды диспансерлiк есепке алу, сауықтыру жоспарын жасау және оны жүзеге асыру.
Жыл iшiнде
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Тарау 2. 2. Село тұрғындарын алдын ала байқаудан өткізу және аурулардың жекелеген санаттарын диспансерлеу
2. Село тұрғындарын алдын ала байқаудан өткізу және аурулардың жекелеген санаттарын диспансерлеу
№ №
Шаралар атауы
Орындалу
мерзiмi
Аяқтау нысаны
Жауапты орындаушылар
1)
Село тұрғындарын медициналық байқаудан өткiзудiң скрининг-бағдарламасын жасау және бекiту.
Ақпан- наурыз
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2)
Алғашқы медициналық- санитарлық көмек көрсететiн дәрiгерлер үшiн семинар өткiзу.
Наурыз- сәуір
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
3)
Тәуекелшiлер тобын анықтап, кейiннен ауруларын диспансерлiк есепке алу және оларды сауықтыру.
Жыл iшiнде
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, аудандық денсаулық сақтау бөлімдері
4)
Денсаулық сақтаудың неғұрлым маңызды мәселелерi бойынша облыстық бағдарлама жасау: "2003-2007 жылдарда жедел жәрдем және кезек күттiрмейтiн медициналық көмек қызметiн жетiлдiру", "Гипертониялық аурулардың алдын алу және емдеу", "2002- 2006 жылдарда онкологиялық қызметтi жетiлдiру", "2002- 2006 жылдарда бүйрек кемшiлiгi бар және бүйрегi алып тасталған ауруларға медициналық көмек көрсетудi қамтамасыз ету", "2002-2007 жылдарда нейрохирургиялық ауруларды медициналық көмекпен қамтамасыз ету.
Жыл iшiнде
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық қаржы басқармасы
Тарау 3. 3. Әскери құрамаларды алдын ала медициналық тексеруден өткiзу және оларды кейiннен сауықтыру
3. Әскери құрамаларды алдын ала медициналық тексеруден өткiзу және оларды кейiннен сауықтыру
№ №
Шаралар атауы
Орындалу
мерзiмi
Аяқтау нысаны
Жауапты орындаушылар
1)
Орал қаласында орналасқан гарнизонның медициналық қызметiмен өзара байланыс бағдарламасын, әскери қызметшiлердi медициналық бақылаудан өткiзу кестесiн жасау.
Ақпан
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2)
Әскери қызметшiлердi медициналық байқаудан өткiзу, сауықтыруға жататын аурулар құрамын анықтау.
ІІ тоқсан
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, гарнизонның медициналық қызметі
Тарау 4. 4. Санитарлық-эпидемиологиялық қолайлылық
4. Санитарлық-эпидемиологиялық қолайлылық
№ №
Шаралар атауы
Орындалу
мерзiмi
Аяқтау нысаны
Жауапты орындаушылар
1)
Ауыз судың, тағам өнiмдерiнiң сапасына, атмосфералық ауаның, ашық су көздерiнiң, жұмыс жасайтындардың еңбек жағдайына мониторингтi қамтамасыз ету.
Ай сайын
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық мемсанэпид қадағалау басқармасы, Батыс Қазақстан аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы, «Сараптау және сертификаттау Ұлттық орталығы» ААҚ-ның Батыс Қазақстан филиалы (келiсiм бойынша), Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттiк қадағалау және мемлекеттік стандарт басқармасы
2)
Елдi мекендер аумақтарын абаттандыру және тазарту жөнiнде айлықтар өткiзу, атқарылған жұмыстар туралы БАҚ-да кеңiнен жариялау.
II-III тоқсан
Облыс әкіміне ақпарат
Аудандардың және Орал қаласының, әкімдері, облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы, облыстық мемсанэпид қадағалау басқармасы
3)
Азық-түлiк базарларының санитарлық-гигиеналық жағдайына байқау айлығын өткiзу. Базарлардың санитарлық жағдайына қатаң бақылау жасау. Атқарылған жұмыстардың нәтижесi туралы БАҚ-да кеңiнен жариялау.
Мамыр- маусым
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық мемсанэпид қадағалау басқармасы, облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
4)
Арнайы бөлiнбеген жерлерде тамақ өнiмдерiн сатуға бақылауды күшейту.
Жыл iшiнде
Облыс әкіміне ақпарат
Аудандар мен Орал қаласының әкімдері
5)
Су жинайтын қондырғыларды ауыз су тазартатын және ақпарат зақымсыздандыратын реагенттермен қамтамасыз ету.
Сәуір- мамыр
Облыс әкіміне ақпарат
Аудандар мен Орал қаласының әкімдері
6)
"2002-2003 жылдарда Батыс Қазақстан облысы тұрғындарын ауыз сумен қамтуды жақсарту" облыстық бағдарламасын жүзеге асыру шараларын алу.
Жыл iшiнде
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығы және көлік басқармасы, "Западводхоз" республикалық мемлекеттiк кәсiпорыны
7)
Суды ашық су қоймаларынан пайдаланып отырған елдi мекендер тұрғындарына ауыз суды үнемi тасып берудi ұйымдастыру.
Үнемі
Облыс әкіміне ақпарат
Аудандар әкімдері, облыстық мемсанэпид-қадағалау басқармасы
8)
Тұрғындардың тамақ ауруымен, қызылшамен, эпидпаротит, сiреспе, "В" гепатитiмен және басқа да жұқпалы аурулармен науқастануын азайту мақсатында алдын ала егiлуiн қамтамасыз ету.
Жыл iшiнде
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық санэпид-қадағалау басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы
9)
"А" вирусты гепатитi таралуының алдын алу мақсатында тұрғындардың неғұрлым осал топтарына иммунитеттеу жүргізу.
Жыл iшiнде
Облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиялық қадағалау басқармасының бұйрығы
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық мемлекеттік санитарлық эпидемиялық қадағалау басқармасы
10)
Дәрiгерлiк ұйымдарда, сол сияқты егу жүргiзетiн бригадаларда егу құралдарын тасымалдау, сақтау, егу жүргiзу жөнiнде "салқындатқыш тiзбек" сызбасын әзiрлей отырып, тұрғындарды иммунитеттеудiң сапасы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету.
Мамыр
Облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиялық қадағалау басқармасының бұйрығы
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық мемлекеттік санитарлық эпидемиялық қадағалау басқармасы
11)
Обаға қарсы алдын алу шараларын кешендi жүргiзу, тұрғындардың ауруын бақылау, поселкелерде зиянды жәндiктерге қарсы дератизация, улау жұмыстарын жүргiзе отырып, елдi мекендер төңiрегiнде қорғаныш аймағын құру.
II-IV тоқсан
Облыс әкiмiне ақпарат
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Орал обаға қарсы күресу станциясы, облыстық мемлекеттік санэпид-қадағалау
12)
Йодпен байытылған тамақ өнiмдерiн шығару жөнiндегi жаңа технологиялық желiнi енгiзу.
Жыл iшiнде
Облыс әкiмiне ақпарат
Облыстық кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаменті, облыстық мемлекеттiк санэпидқадағалау басқармасы, тамақ өнеркәсiбi кәсіпорындарының басшылары (келiсiм бойынша)
13)
Өндiрiстегi жұмыс орындарын санитарлық нормаға сәйкес келтiру жөнiнде "Таза жұмыс орны" айлығын өткiзу, оны қорытындылау және бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау.
III тоқсан
Облыс әкiмiне ақпарат
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментi, облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы, облыстық мемлекеттiк санэпид қадағалау басқармасы
14)
Қарашығанақ газконденсат кешеніне экологиялық және санитарлық-гигиеналық жағынан кешенді түрде зерттеу жүргізу.
III тоқсан
Облыс әкiмiне ақпарат
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментi, облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы, облыстық мемлекеттiк санэпид қадағалау басқармасы
Тарау 5. 5. Экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған шаралар
5. Экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған шаралар
№ №
Шаралар атауы
Орындалу
мерзiмi
Аяқтау нысаны
Жауапты орындаушылар
1)
Санитарлық-экологиялық айлық өткізу.
15 сәуірден 15 мамырға дейін
Облыс әкiмiне ақпарат
Батыс Қазақстан аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы, облыстық мемсанэпид қадағалау басқармасы
2)
"Таза ауа" операциясын өткiзу.
Сәуiр- қыркүйек
Облыс әкiмiне ақпарат
Облыстық жол полициясы басқармасы, Батыс Қазақстан аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы
3)
Бөкейордасы және Жаңақала аудандарында "Капустин Яр" әскери сынақ аймағының тұрғындар денсаулығына және қоршаған ортаға әсерiн бағалау жөнiндегi зерттеу жұмыстарының барысын бақылау, осы аудандар тұрғындарын сауықтыру жөнiнде материалдар әзiрлеу.
Жыл iшiнде
Облыс әкiмiне ақпарат
Батыс Қазақстан аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Батыс Қазақстан облысының үкіметтік емес экологиялық ұйымдарының ассоциациясы, "Нарын" қоғамдық қозғалысы
4)
Дүниежүзiлiк қоршаған ортаны қорғау күнiн мерекелеуге арналған шаралар өткiзу.
5 маусым
Облыс әкiмiне ақпарат
Батыс Қазақстан аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы, Батыс Қазақстан облысының үкiметтiк емес экологиялық ұйымдарының ассоциациясы
5)
"Жайық табиғаты" экологиялық хабаршысын шығаруды жалғастыру
Тоқсан сайын
Облыс әкiмiне ақпарат
Батыс Қазақстан аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы, Батыс Қазақстан облысының үкiметтiк емес экологиялық ұйымдарының ассоциациясы
6)
"Жасыл толқын" операциясын өткізу.
Қыркүйек- қазан
Облыс әкiмiне ақпарат
Облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы, облыстық орман және биоқорлар басқармасы
7)
"Табиғат және экология" мұражайының экспозициясын көбейту жөнiнде жұмыстар жүргiзу.
IV тоқсан
Облыс әкiмiне ақпарат
Облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы, облыстық орман және биоқорлар басқармасы, Батыс Қазақстан облысының үкiметтiк емес экологиялық ұйымдарының ассоциациясы
Тарау 6. 6. Дәрi-дәрмектердiң сапасы мен жеткiлiктi болуын қамтамасыз ету
6. Дәрi-дәрмектердiң сапасы мен жеткiлiктi болуын қамтамасыз ету
№ №
Шаралар атауы
Орындалу
мерзiмi
Аяқтау нысаны
Жауапты орындаушылар
1)
Бiр жасқа дейiнгi балаларды дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету.
Жыл ішінде
ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне ақпарат
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2)
Село тұрғындарына дәрi- дәрмек көмегiн жақындата түсу үшiн алғашқы дәрiгерлiк-санитарлық көмек ұйымдары жанынан дәрiхана пункттерiн ашу.
Жыл ішінде
ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне ақпарат
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, аудандардың денсаулық сақтау бөлімдері
3)
Дәрi-дәрмектер сапасын жақсартуға бақылауды күшейту, оларды заңсыз жолмен айналымға түсуiнiң жолын кесу.
Жыл ішінде
ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне ақпарат
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
4)
Қант диабетiмен, туберкулезбен, қатерлi iсiк ауруларымен ауыратындарды, бүйрек ауыстыру операциясынан шыққандарды дәрi-дәрмекпен, бүйрек кемшiлiгi созылмалы сырқаттарды диализаторлармен қамтамасыз ету.
Жыл ішінде
ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне ақпарат
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Тарау 7. 7. Тұрғындардың әлеуметтiк әлсiз топтарын қорғау жөнiндегi бағдарламаны жүзеге асыру
7. Тұрғындардың әлеуметтiк әлсiз топтарын қорғау жөнiндегi бағдарламаны жүзеге асыру
№ №
Шаралар атауы
Орындалу
мерзiмi
Аяқтау нысаны
Жауапты орындаушылар
1)
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 29 желтоқсандағы N 1758 қаулысымен бекiтiлген 2002-2005 жылдарда мүгедектердi сауықтыру бағдарламасын жүзеге асыру бағытында:
Ортопедиялық аяқ киiмдермен, аппараттармен, корсеттермен және басқа да ортопедиялық бұйымдармен, техникалық құралдармен, есту және көру және коммуникациялық қолдау құралдарымен қамтамасыз ету;
Кәсiпорындарда қазiргi талаптарға сай келетiн протез жасауға қажеттi жабдықтар өндiретiн импорт алмасу технологиясын енгiзу.
Жыл iшiнде
Облыс әкiмiне ақпарат
Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, мүдделі кәсіпорындардың басшылары (келісім бойынша)
2)
Мүгедектердiң тұрғын үйлерге, өндiрiстiк ғимараттарға, әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне кiруiне жағдайлар жасау, кiрме жолдар, пандустар, мүгедектер арбалары үшiн қондырғылар құрылысын жасау.
Жыл ішінде
Облыс әкiмiне ақпарат
Аудандардың және Орал қаласының әкімдері, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы
3)
Мүгедектерге қызмет көрсететiн мекемелер орналасқан орындарда, сондай-ақ адамдар көп болатын, мүгедектер болатын жерлерде арнаулы синхронды дыбыстары бар бағдаршамдар, жол сiлтегiштерiн және белгiлерiн әзiрлеу және орнату.
Жыл ішінде
Облыс әкiмiне ақпарат
Аудандардың және Орал қаласының әкімдері, жол полициясы басқармасы, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы
4)
Табысы төмен отбасылардың мектепте оқитын балаларына тегiн ыстық тамақ ұйымдастыру мәселесiн шешу.
Оқу жылы ішінде
Облыс әкiмiне ақпарат
Аудандардың және Орал қаласының әкімдері, облыстық білім басқармасы
5)
Аудан орталықтарында балалар сүт кухняларын ашу.
Жыл iшiнде
Облыс әкiмiне ақпарат
Аудандардың әкiмдерi, облыстық денсаулық сақтау басқармасы
6)
Орал қаласында "Сенiм телефоны" бойынша шұғыл психологиялық көмек көрсетудi ұйымдастыру.
Қазан
ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне ақпарат
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
7)
Емханаларда Халықаралық Қариялар күнiне арналған "Ашық есiк күнiн" ұйымдастыру.
1 қазан
ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне ақпарат
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
8)
Мосқал жастағы адамдарға адрестi дәрiгерлiк көмек көрсету.
Жыл ішінде
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы
9)
Балалар үйлерiн және кәрияларға арналған интернаттарды қолдау жөнiнде акциялар өткiзу.
Жыл ішінде
Облыс әкiмiне ақпарат
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы, аудандардың және Орал қаласының әкімдері
10)
Туберкулезбен, қант диабетiмен, қатерлi iсiк ауруларымен ауыратын адамдарды дәрiгерлiк және дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етуге, ана мен баланы қорғауға бағытталған бағдарламаны енгiзу.
Жыл ішінде
ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне ақпарат
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Тарау 8. 8. Балалар мен жасөспiрiмдердiң салауатты демалысын ұйымдастыру
8. Балалар мен жасөспiрiмдердiң салауатты демалысын ұйымдастыру
№ №
Шаралар атауы
Орындалу
мерзiмi
Аяқтау нысаны
Жауапты орындаушылар
1)
Орал қаласында жүзу бассейінін салу.
III-тоқсан
ҚР Үкiметiне ақпарат
Облыс әкімінің құрылыс мәселесi жөнiндегi кеңесшiсi
2)
Орал қаласындағы П.Атоян атындағы орталық стадионды қайта жаңғырту.
III-тоқсан
ҚР Үкiметiне ақпарат
Облыс әкімінің құрылыс мәселесi жөнiндегi кеңесшiсi
3)
Орал қаласындағы "Жастық" стадионын қайта жаңғырту.
III-тоқсан
ҚР Үкiметiне ақпарат
Облыс әкімінің құрылыс мәселесi жөнiндегi кеңесшiсi
4)
Спортта дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп- интернат ашу.
III-тоқсан
Облыстық әкімияттың қаулысы
Облыстық туризм және спорт басқармасы
5)
Олимпиадалық резерв орталығын ашу.
I-тоқсан
Облыстық әкімияттың қаулысы
Облыстық туризм және спорт басқармасы
6)
"Спорт мұз айдыны сарайы" балалар спорт мектебiн ашу.
I-тоқсан
Облыстық әкімияттың қаулысы
Облыстық туризм және спорт басқармасы
7)
Аулалық клубтар жүйесiн дамыту жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру.
Жыл ішінде
Облыс әкіміне ақпарат
Аудандардың және Орал қаласының әкімдері, Облыстық туризм және спорт басқармасы,
8)
Әрбiр ауданда жазғы каникул кезiнде балалардың тәулiк бойы болатын қала сыртындағы лагерлерiн ұйымдастыру
ІІ-ІІІ тоқсан
Облыс әкіміне ақпарат
Аудандардың және Орал қаласының әкімдері, облыстық білім басқармасы
9)
"Евразия" туристiк кешенi базасында дарынды балаларға арналған жыл бойы iстейтiн кешен ашу.
ІІ тоқсан
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық білім басқармасы
10)
38 мың балалар мен жасөспiрiмдердi салауатты демалыспен және толық дәрежеде демалумен қамту.
ІІ-ІІІ тоқсан
Облыс әкіміне ақпарат
Аудандардың және Орал қаласының әкімдері, облыстық білім басқармасы
11)
Оқушы жастар арасында спорттық шараларды спартакиадаларды ұдайы өткiзудi қамтамасыз ету.
Жыл ішінде
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық туризм және спорт басқармасы, облыстық білім басқармасы
Тарау 9. 9. Денсаулық сақтау жүйесiн қолдау. Алғашқы дәрiгерлiк-санитарлық көмектi нығайту.
9. Денсаулық сақтау жүйесiн қолдау. Алғашқы дәрiгерлiк-санитарлық көмектi нығайту.
№ №
Шаралар атауы
Орындалу
мерзiмi
Аяқтау нысаны
Жауапты орындаушылар
1)
Алғашқы дәрiгерлiк-санитарлық көмек ұйымдарына күрделi және ағымдағы жөндеулер жүргiзу.
Жыл ішінде
Облыс әкіміне ақпарат
Аудандардың және Орал қаласының әкімдері, облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2)
Зеленов ауданы Январцев ауылында отбасылық дәрiгерлiк емхана ашу.
Жыл ішінде
Облыс әкіміне ақпарат
Аудан әкімі, облыстық денсаулық сақтау басқармасы
3)
Зеленов ауданы Краснов ауылында селолық учаскелiк аурухана ашу.
Жыл ішінде
Облыс әкіміне ақпарат
Аудан әкімі, облыстық денсаулық сақтау басқармасы
4)
Зеленов ауданы Үлкен Шаған ауылында селолық учаскелiк аурухана ашу.
Жыл ішінде
Облыс әкіміне ақпарат
Аудан әкімі, облыстық денсаулық сақтау басқармасы
5)
Орал қаласыдағы N 3 облыстық перзентхана жанынан әйелдерге-балаларға кеңес беретiн жылжымалы бригада ұйымдастыру.
ІІ тоқсан
Облыс әкіміне ақпарат
Аудан әкімі, облыстық денсаулық сақтау басқармасы
6)
Консультативтiк көмек көрсету үшiн облыстық аурухана және облыстық балалар ауруханасы мамандарының шалғайдағы елдi бұйрығы пункттерге шығуын ұйымдастыру.
Тоқсан сайын
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
7)
Бала табатын жастағы әйелдердi алдын ала ақпарат скринингтiк тексеруден өткiзудi енгiзу.
Жыл ішінде
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, аудандық денсаулық сақтау бөлімдері
8)
"Алғашқы дәрiгерлiк-санитарлық көмектi үздiк ұйымдастырушы" атағы үшiн облыстық конкурс өткiзу.
Қазан
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, аудандық денсаулық сақтау бөлімдері
9)
Облыстық емдеу-профилактикалық ұйымдары арқылы ауылдық жерде тұратын әйелдерге ұдайы консультативтiк-диагностикалық көмек көрсету.
Жыл ішінде
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Тарау 10. 10. Денсаулық сақтау жүйесiн нығайту жөнiндегi шаралар
10. Денсаулық сақтау жүйесiн нығайту жөнiндегi шаралар
№ №
Шаралар атауы
Орындалу
мерзiмi
Аяқтау нысаны
Жауапты орындаушылар
1)
Мына ғимараттарға күрделi және ағымдағы жөндеу жүргiзу:
облыстық терi- венерологиялық диспансер;
қалалық шұғыл дәрiгерлiк көмек станциясы;
ЖҚТБ-ның алдын алу және күресу жөнiндегi облыстық
орталық;
облыстық қан орталығы;
дәрiгерлiк колледж.
Жыл ішінде
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2)
Қазiргi стандартқа сәйкес тұрғындардың стационарлық- дәрiгерлiк көмек түрiне қажеттiлiгiн ескере отырып, емдеу ұйымдарының төсектiк қоры қуатын қалыпқа келтiру.
Жыл ішінде
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, аудандық денсаулық сақтау бөлімдері
3)
Облыстың денсаулық сақтау құрылымына қайта құруды жүргiзу.
Жыл ішінде
Облыстық әкімияттың қаулысы
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
4)
Ақсай қаласында ЖҚТБ-ның алдын алу және күресу жөнiндегi орталық ашу.
І тоқсан
Облыстық әкімияттың қаулысы
Аудан әкімі, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, аудандық денсаулық сақтау бөлімі
5)
Зеленов ауданы Переметный поселкесiндегi аудандық аурухананы қайта жаңғырту.
ІІІ тоқсан
Облыс әкіміне ақпарат
Аудан әкімі, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық қаржы басқармасы
Туберкулезге қарсы қызметтi нығайту жөнiндегi шаралар
6)
Ақсай қаласында, Жымпиты, Казталовка поселкелерiнде туберкулез ауруханаларын салудың жобалық-сметалық құжаттарын әзiрлеу.
І-тоқсан
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық қаржы басқармасы
7)
Туберкулезге қарсы қызметтердiң мынадай бөлiмшелерiн күрделi жөндеуден өткiзу:
аудандардың туберкулез бөлiмшелерi;
облыстық туберкулезге қарсы диспансер;
облыстық "Орал" туберкулез санаториясы;
облыстық "Ивушка" туберкулез балалар санаториясы;
ІІ-ІІІ тоқсан
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық қаржы басқармасы
8)
Теректi ауданындағы Федоровка поселкесiндегi ғимаратты туберкулез ауруханасы ретiнде қайта жобалау.
ІІ-ІІІ тоқсан
Облыс әкіміне ақпарат
Аудан әкімі, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық қаржы басқармасы, аудандық денсаулық сақтау бөлімі
9)
Туберкулез ауруларын емдеу үшiн облыстық мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемесiне жалғап құрылыс салу.
ІІІ-ІV тоқсан
ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне ақпарат
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
10)
Облыстың туберкулезге қарсы мекемелерiн рентгендiк құрал-жабдықтармен жабдықтау.
ІІІ-ІV тоқсан
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық қаржы басқармасы
11)
Облыстың туберкулезге қарсы мекемелерi үшiн дәрiгерлiк және зертханалық жабдықтар сатып алу.
ІІІ-ІV тоқсан
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық қаржы басқармасы
Тарау 11. 11. Салауатты өмiр салтын насихаттау
11. Салауатты өмiр салтын насихаттау
Ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету
№ №
Шаралар атауы
Орындалу
мерзiмi
Аяқтау нысаны
Жауапты орындаушылар
1)
Денсаулық сақтау жылына арналған телерадио хабарлары әзiрлеу.
Жоспар бойынша
Облыс әкіміне ақпарат
Салауатты өмір салтын қалыптастыру облыстық орталығы
2)
Дүниежүзiлiк Денсаулық сақтау жылына арналған үгiт-насихат бейнероликтерiнiң облыстық телерадио фестивалiн өткiзу.
III тоқсан
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, "Қазақстанның теледидары және радиосы" республикалық корпорациясының Батыс Қазақстан филиалы, салауатты өмір салтын қалыптастыру облыстық орталығы
3)
Темекi тартумен күресу Дүниежүзiлiк күнiне арналған облыстық телерадио акциясын өткiзу.
І тоқсан
Облыс әкіміне ақпарат
"Қазақстанның теледидары және радиосы" республикалық корпорациясының Батыс Қазақстан филиалы, салауатты өмiр салтын қалыптастыру облыстық орталығы
4)
"Денсаулық сақтау жылын ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету туралы" тақырыпта журналистер мен насихатшылар тобы басшыларының облыстық кеңесiн өткiзу.
Жоспар бойынша
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
5)
Мемлекеттiң денсаулық сақтау саласындағы нормативтiк-құқықтық кесiмдерiн және саясаты туралы облыс тұрғындарын ақпаратпен қамтамасыз ету.
Ұдайы
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
6)
Басылымдарда Денсаулық сақтау жылына арналған арнайы айдарлар ұйымдастыру.
Ұдайы
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
7)
Бұқаралық аппарат құралдарында салауатты өмiр салтын насихаттауға, облыс тұрғындарына дәрiгерлiк қызмет көрсетудiң жағдайына арналған мақалалар жариялауды жалғастыру.
Ұдайы
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
8)
Дәрiгерлiк мекемелермен және басқа да мүдделi ведомствалар қызметкерлерiмен жүйелi түрде баспасөз конференцияларын, брифингтер өткiзудi ұйымдастыру.
Ұдайы
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
9)
Салауатты өмiр салтын қалыптастыру тақырыбына бейне және аудиороликтер сериясын әзiрлеу.
Жыл ішінде
Облыс әкіміне ақпарат
Салауатты өмір салтын қалыптастыру облыстық орталығы, "Қазақстанның теледидары және радиосы" республикалық корпорациясының Батыс Қазақстан филиалы
10)
Облыста Денсаулық сақтау жылын ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету жөнiндегi жарияланымдарға жүйелi түрде мониторинг жүргiзу.
Тоқсан сайын
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
11)
Ақпараттық насихаттық топтардың облыс аудандарына шығуын ұйымдастыру.
Тоқсан сайын
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
Тарау 12. 12. Ұйымдастыру шаралары
12. Ұйымдастыру шаралары
№ №
Шаралар атауы
Орындалу
мерзiмi
Аяқтау нысаны
Жауапты орындаушылар
1)
"Денсаулық сақтау жылын" өткiзу жөнiндегi облыстық комиссияны бекiту.
Ақпан
Облыстық әкімияттың қаулысы
Облыс әкімі аппаратының әлеуметтік-даму бөлімі
2)
"Денсаулық сақтау жылын" өткiзу жөнiндегi облыстық комиссия жанынан сараптау тобын құру.
Ақпан
ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне ақпарат
Облыс әкімі аппаратының әлеуметтік даму бөлімі, облыстық денсаулық сақтау басқармасы
3)
Басқармалар мен мекемелер басшыларының, аудандардың және Орал қаласы әкімдері, Денсаулық сақтау жылына арналған жоспардың iске асырылу барысы туралы есептерi.
Тоқсан сайын
Қазақстан Республикасы Үкіметіне ақпарат
Аудандардың және Орал қаласының әкімдері, облыстық баскармалар мен мекемелердің басшылары
4)
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "2002 жылды Денсаулық сақтау жылы деп жариялау туралы" Жарлығында алға қойылған мiндеттердi кеңiнен насихаттау және түсiндiру.
Ұдайы
Қазақстан Республикасы Үкіметіне ақпарат
Аудандардың және Орал қаласының әкімдері
5)
Дәрiгерлiк көмектiң жеткiлiктiлiгi мен тиiмдiлiгi мәселелерi бойынша социологиялық зерттеулер жүргiзу.
1-31 наурыз
1-30 қараша
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы