О предоставлении права на промысел рыбы, распределении участков и лимита вылова рыбы между природопользователями на Капшагайском водохранилище на 2002 год Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Балық кәсіпшілігіне құқық беру, 2002 жылы Қапшағай су қоймасынан табиғат пайдаланушылар арасында балық аулау учаскелері мен лимитін бөлу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 30.01.2004 № 1-14 шешімімен. Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсіріп-өндіру және пайдалану туралы» Заңының 14,16 баптары , негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002ж. 3-ақпандағы «2002 жылы балық шаруашылығы айдындарынан теңіз аңдарын (тюлень) ұстау және балық аулау лимиттерін бекіту туралы» № 158 Қаулысына сәйкес және 2002 жылғы 12 наурыздағы «Балық кәсіпшілігі учаскелерін бекіту және балық аулау лимиттерін (квота) бөлу мәселелері жөніндегі» тендерлік комиссияның мәжіліс хаттамасы негізінде Алматы облысының Әкімі ШЕШІМ кабылдады:
Тармақ 1
1. Балық аулау лимитін белгілеу арқылы қосымшаға сәйкес балық өндіруші ұйымдарға Қапшағай су қоймасынан учаскелер бекітілсін және балық аулау кәсіпшілігіне құқық берілсін.
Тармақ 2
2. Мелиоративтік, ғылыми-зерттеу және спорттық-әуесқой балық аулау мақсатында Іле өзенінің жоғарғы сағаларынан және Қапшағай су қоймасы бойынша 150 тонна көлемінде балық аулау лимиті белгіленсін.
Тармақ 3
3. Алматы облыстық аумақтық орман және биоресурстар басқармасы (Ж.Н. Дүйсенбеков): - балық аулау учаскелерінің шекараларын көрсету арқылы және көсіпшілік учаскесінің төлқұжатын ресімдей отырып, табиғат пайдаланушылармен шартқа отырсын; - төлемдердің түсуіне, табиғат пайдаланушыларға бөлінген лимиттің игерілуіне, бекітілген суаттарда (учаскелерде) санитарлық тазалықтың сақталуына және бригадасы (звеносы) журналының жүргізіліуіне бақылауды қамтамасыз етсін. -балық аулаушы ұйымдар шарттың міндеттемелері орындамаған, табиғат пайдаланушы балық аулауға белгіленген лимиттен асып кеткен, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемдер төленген мерзімге сәйкес ауламаған және Қазақстан Республикасының т.б. заңдарын бұрмалаған жағдайларда балық аулауды тоқтата тұрсын немесе тоқтатсын, шартты бұзып, рұқсат беру құжатын алып алсын; -«табиғатпайдаланушы» өзіне балық аулауға белгілұнген лимитті игермеген, жарты жылдың қортындысы бойынша жылдық лимиттің жартысын да игере алмаған жағдайда оны белгіленген тәртіппен қайта бөлсін; - белгіленген балық аулау лимиті толық игерілмеген жағдайда және бюджетті толықтыру мақсатында табиғат пайдаланушыларға өтініш жасаған лимитіне толық төлем жасау шартымен берген тапсырысына сәйкес Іле өзенінің жоғарғы ағысынан мемлекеттік шекараға 120 км жерге дейінгі учаскелерде балық кәсіпшілігін жүргізуге рұқсат берсін.
Тармақ 4
4. Алматы облыстық аумақтық жануарлар және өсімдіктер дүниесін мемлекеттік бақылау басқармасы (Б.Ұлдарбеков): - жануарлар дүниесін қорғауға мемлекетгік бақылауды жүзеге асырсын
Тармақ 5
5. Облыстық балық қорларын қорғау инспекциясы (Ж.Тойшыбеков): - тыйым салынған учаскелерден балықтың аулануына және кәсіпшілік жүргізілетін жерден есепке алынбаған балық өнімін тасуға жол бермесін.
Тармақ 6
6. Қапшағай қаласының әкімі (С.Зеленский); -табиғат пайдаланушылардың Қапшағай су қоймасында балық аулаудың белгіленген лимитін игеруіне жәрдем жасасын.
Тармақ 7
7. Осы шсшіцнің орыңдалуын бақылау Алматы облысы Әкімінің орынбасары Ө.Ә. Тойбаевқа жүктелсін.
Басқа 8
Облыс әкімінің 2002 ж. наурыз 27 № 3-58 шешіміне қосымша № р/с Табиғат пайдаланушылардың аталуы Балық кәсіпшілігі учаскелерінің аталуы Балық аулау лимиті (тонна) 1 «Достар-Маркет» ЖШС 8 н/с-нан 85км. Дейін (оң жақтағы жағалау) 200 2 «Лори» ЖШС Шеңгелді суару алқабының 5-ші н/с 7-ші н/с дейін 100 3 «Нәбира» ЖШС с Шеңгелді суару алқабының 3-тең 5-ке дейінгі н/с, 85-87 км. Оң жақтағы жағалау 200 4 «Айдын» ЖШС Асфапьт жолдан бастап «Утюги» шыңына дейін (сол жақ жағалау), 87-90 км. 300 5 КазНИИРХ Қарашеңгельді ГОХ-ң сол жақ қоршауынан Балтабай өзеніне дейін 40 6 КазПАС НВХ-ң сол жақтағы каналынан Балтабай өзеніне дейін 100 7 Қапшағай судан құтқару орталығы «Металлург» демапыс аймағынан Каскеленка өзенін қоса 50 8 «Мусин» ЖК Карашеңгельді ГОХ-ң сол жақ қоршауынан бастап 3 км. жоғары 30 9 «Шлейник» ЖК «Мусин» ЖК учаскесіне Шибұқты өзеніне дейін 50 10 «Елена» ШҚ Шибұқты өзенінен асфальт жолға дейін 50 11 «Арна-балық» ЖШС Қаскелең өзенінен Есік өзеніне дейін 200 12 «Шляхов» ЖК Ін/с-нан бастап Ікм. төмен 20 13 «Табиғат» ЖШС «Металлург» демалыс аймағынан «Шляхов» ЖК-ң учаскесіне дейін 20 14 «Достык» ЖШС Шеңгелді суару апкабының 7-8 н/с 50 15 «Жетісу» ЖШС 1 н/с-нан 3 н/с-ка дейін, 90-96 км. 200 16 «Езубенко» ЖК Есік өзенінен НВХ-ң сол жақтағы қаналына дейін 30 Жиынтығы: 1640