О проведении очередного призыва граждан на срочную военную службу в апреле-июне 2002 года Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2002 жылдың сәуір-маусым айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметіне кезекті шақыруды өткізу жөнінде 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 05.01.2005 № 1 шешімімен. Қазақстан Республикасының 19.01.1993 жылғы «Әскери қызмет және әскери міндеттер туралы» Заңының 13-бабы мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы № 844 «2002 жылдың сәуір - маусым айларында Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру және мерзімді әскери қызметін атқарып шыққан әскери қызметшілерді запасқа шығару туралы» жарлығын негізге ала отырып Ақмола облысының әкімі шешім қабылдады:
Тармақ 1
1. Қалалық және аудандық шақыру комиссиясының қызметін бақылау және басшылық ету үшін бірінші қосымшаға сәйкес облыстық шақыру комиссиясы және оның резерв құрамы құрылсын. Аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдері Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңның 14 - бабы негізінде шақыру комиссияларын құрсын, олардың қызметін қамсыздандыруды және жоғарыда аталған Заңның 35 - бабын негізге ала отырып, керекті дәрігерлер мен медбикелер және басқа қызметкерлер бөлінуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы әскери қызметке шақыру кезінде қалалық, облыстық медициналық комиссияларын жоғары білікті дәрігер мамандармен, орташа медициналық құрамды іріктеп алу, әскерге шақырылушы азаматтарды кезектен тыс медициналық бақылаудан, стационарлық тексеруден өткізу үшін қажетті орын бөлсін. Қазақстан Республикасы «Жалпыға бірдей әскери қызмет және әскери міндеттілік туралы» Заңының 35 бабына сәйкес дәрігер мамандардың, орташа дәрігерлік құрамның, техникалық қызметкерлердің шақыру комиссиясында жұмыс істеген уақытында жалақысы жұмыс орны бойынша сақталатынын мәліметке алсын.
Тармақ 3
3. Бюджет қаржыларын үнемдеу мақсатымен Көкшетау қаласының стационарлық жиналатын жерінің қашықтығын ескере ала отырып, бақылау медициналық комиссиясы қызметі аудандық, қалалық әскери комиссариаттарына тікелей шығуын жоспарласын: Атбасар қалаласында (Атбасар ауданы) 2002 жылдың 10-13 сәуір аралығында. Көктал ауылына (Целиноград ауданы) 2002 жылдың 15-18 сәуір аралығында. Көкшетау қаласында (Ақмола облысы) 2002 жылдың 19 сәуірден 30 маусымға дейін.
Тармақ 4
4. «Қазақстан темір жолы» РМК-ның Ақмола бөлімшесі әскерге шақырылушыларды тағайындалған пунктке уақытында жөнелтуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Облыстық ішкі істер басқармасы әскери комиссариаттары мен облыстық жинақтау пунктінде, жөнелту станцияларында, әскерге шақыру пунктерінде тәртіпті қамтамасыз ету, әскери міндетін орындаудан қашушыларды іздестіру үшін бірлесіп іс қимылдар жүргізуді ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Облыстық қаржы басқармасы әскерге шақырудың облыстық бюджетте қарастырылған көлемде облыстық әскери комиссардың өтініші бойынша белгіленген мерзімде қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Ақмола облысы мен Көкшетау қаласының әскери комиссары әскерге шақырылушыларды тікелей Көкшетау қаласының стационарлық пунктіне жинап жөнелтуді жоспарлап ұйымдастырсын.
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары облыстық шақыру комиссиясының төрағасы А.Сейітжановқа жүктелсін.
Басқа 9. КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ:
Ақмола облысы әкімінің «09» «04» 2002 ж. № 34 шешіміне № 1 қосымша. ОБЛЫСТЫҚ ШАҚЫРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТІЗІМІ: Сейітжанов Аманжол Сейітжанұлы - облыс әкімінің орынбасары, шақыру комиссиясының төрағасы. Нұрманов Абай Жорабекұлы - облыстық әскери комиссары, шақыру комиссия төрағасының орынбасары. КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ: Кәжкенов Ақан Сәтібайұлы - Облыстық ІІБ бастығының орынбасары. Кәкенов Серік Қабдөшұлы - денсаулық сақтау басқарма бастығының орынбасары. Жақабаев Бағдат Бағытжанұлы - Ақмола облыстық әскери комиссариатының 2-ші (шақыру) бөлімінің бастығы. Дәуітбаев Асан Жақсылықұлы - шақыру бөлімі бастығының аға көмекшісі, медициналық комиссияның төрағасы. Мұхамеджанова Әсемгүл Өмірханқызы - облыстық аурухананың медбикесі, медициналық комиссияның хатшысы. ОБЛЬІСТЫҚ ШАҚЫРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ РЕЗЕРВ ҚҰРАМЫ: Жалмағамбетова Светлана Жақиянқызы - облыс әкімінің орыбасары, шақыру комиссиясының төрағасы. КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ: Нұрғалиев Дәуітбек Аманжолұлы - облыстық ІІБ бастығының орынбасары. Сейдұманов Манат Тұрарұлы - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы. Мартазанов Макшарип Баматгиреевич - облыстық аурухананың дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы.