О тарифном соглашении по оплате бесплатного гарантированного объема медицинской помощи в рамках государственного заказа на первое полугодие 2002 года Күшін жойған
Басқа 0
2002 жылдың 1 жартыжылдығына арналған мемлекеттік тапсырыс шегінде тегін кепілді медициналық көмек көлеміне төлем төлеу жөніндегі тарифтік келісім туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысы әкімдігінің 24.03.2006 № 07-4/670 хаты.
«Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңына және «Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орындалатын республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру ережесін бекіту түралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 қарашадағы № 1675 қаулысына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) 2002 жылдың 1 жартыжылдығына арналған мемлекеттік тапсырыс шегінде тегін кепілді медициналық көмек көлеміне төлем төлеу жөніндегі тарифтік келісім;
Тармақша 2
2) 2002 жылдың 1 жартыжылдығында Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік тапсырыс шегінде тегін кепілді медициналық көмек көлеміне төлем төлеу тәртібі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары А. Есіркеповке жүктелсін.
Басқа 5
Облыс әкімиятының 2002 жылғы
1 сәуірдегі № 45 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
2002 жылдың 1 жартыжылдығына арналған мемлекеттік тапсырыс шегінде тегін кепілді медициналық көмек көлеміне төлем төлеу жөніндегі ТАРИФТІК КЕЛІСІМ
Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының атынан басқарма бастығы Қ. Әлжанова облыстың медицина ұйымдары меншік нысанына қарамастан «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралың Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырындағы Заңына және «Мемлекеттік тапсырыс шегінде орындалатын республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру Ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 қарашадағы № 1675 қаулысына сүйене отырып, төмендегі келісім жасады:
Бөлім 1. 1. Келісім негізі
1. Келісім негізі
Тармақ 1
1. Мемлекеттік тапсырыс шегінде тегін кепілді медициналық қызметтер тізіміне кіретін медициналық қызметтерге төлем төлеу бойынша айлық тариф мөлшерін анықтау.
Бөлім 2. 2. Медицина қызметкерінің тарифін анықтау шарты
2. Медицина қызметкерінің тарифін анықтау шарты
Тармақ 2
2. Медициналық қызметтерге төлем төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 6 қарашадағы № 1675 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік тапсырыс шегінде орындалатын республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру Ережелерінең және «Медициналық көмекке жұмсалған шығындарды өтеудің ережесін бекітуң жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 мамырдағы № 806 қаулысына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 3
3. 2002 жылдың 1 жартыжылдығында бүкіл облыс аумағында төлем төлеудің төмендегідей тәсілдері қолданылады:
стационарлық кәсіпорындар үшін клиникалық-шығындар топтары бойынша;
амбулаториялық-емханалық көмек науқастың дәрігерге көрінгені, амбулаториялық - емханалық тарификатор бойынша және жас басына шаққан норматив бойынша;
амбулаториялық-емханалық - стоматологиялық көмек жасалған еңбегі мөлешерінің шартты бірлігі бойынша (ЕШБ);
алғашқы медициналық-санитарлық көмек - жан басына шаққан норматив бойынша;
салауатты өмір салтын қалыптастыру және статистикалық ақпараттарды жинау - өткізілген іс-шаралар саны бойынша.
Тармақ 4
4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы емдеу - сауықтыру кәсіпорындары мен мекемелерінде мемлекеттік тапсырыс шегінде көрсетілген медициналық көмектерге төлем төлеу үшін айлық қаржыландыру сомасынан қаржы бөледі.
Бөлім 3. 3. Тарифтер
3. Тарифтер
Тармақ 5
5. 2002 жылдың 1 жартыжылдығына медициналық қызметтерге орташа тарифтер бекітілсін:
стационарлық көмек көрсету жөнінде емделуге жатқызылғандағы орташа бағасы:
жергілікті деңгейдегі халыққа - 7000 теңге
балаларға - 8000 теңге
жүкті, босанган және босшатын әйелдерге - 5000 теңге
тері-венерологиялық аурулармен ауыратындарға – 8000 теңге
онкологиялық аурулармен ауыратындарга - 8000 теңге
медициналық ұйымдардың клиникалық-шығындық топтардың және медициналық ұйымдар деңгейінің коэффициенттері бойынша;
кеңес беру-диагностикалық емханаларда қаралғаны үшін:
науқасына байланысты - 110 теңге,
профилактикалық тексеруден өткені үшін - 85 теңге,
стоматологиядағы ЕШМ құны - 85 теңге,
жан басына шаққандағы норматив:
қала тұрғындары үшін - 30 теңге;
село түрғындары үшін - 38,80 теңге.
1 кг қанның (қан орнына пайдаланатындардың) бағасы – 4000 теңге.
статистикалық ақпаратты жинаудың бір іс-шарасының орташа бағасы - 20000 теңге
салауатты өмір салтын қалыптастыру іс-шараларының орташа бағасы - 4793 теңге
Аурухана деңгейінің коэффицентін анықтау бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің құқығы болып табылады.
Бөлім 4. 4. Мерзімдер
4. Мерзімдер
Тармақ 6
6. Осы келісім 2002 жылдың 1 шілдесіне дейін, күшін сақтайды.
Басқа 16
Облыс әкімиятының 2002 жылғы
1 сәуірдегі № 45 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
2002 жылдың 1 жартыжылдығына арналған Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік тапсырыс шегінде тегін кепілді медициналық көмек көлеміне төлем төлеудің тәртібі туралы ЕРЕЖЕ
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 қаршадағы № 1675 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік тапсырыс шегінде орындалатын республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру Ережелеріне» сәйкес жасалды.
Тармақ 2
2. Ереже облыстық медициналық ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс шегінде көрсететін тегін кепілді медициналық көмек көлеміне облыстық денсаулық сақтау басқармасы арқылы меншік нысанына қарамастан төлем төлеудің қағидалары мен тәртібін белгілейді.
Тармақ 3
3. Белгіленген үлгідегі лицензиясы бар және медициналық қызмет көрсету нысанына Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасымен келісім-шарттық қатынаста тұрған меншіктің кезкелген нысанындағы медициналық ұйымдар медициналық көмектің көрсетушілері (жеткізушілері) бола алады.
Тармақ 4
4. Медициналық қызметтерге төлем төлеудің бұл жүйесінің ерекшеліктері:
қаржыландырудың қалыптасқан құрылымының және медициналық ұйымдардың әр түрлі төптарында ресурстарды тұтыну жүйесі пропорциясының есебін жүргізу;
медициналық ұйымдардың әкімшілік, экономикалық және емдеу-сауықтыру қызметтерін іштей қайта ұйымдастыруда ынталандыруды енгізуі;
медициналық көмектің көлемін, сапасын және ыңғайлылығын арттыру мақсатында медициналық қызметтер нарығы мен бәсекелестік тетіктерін дамыту арқылы медициналық көмек көрсету жүйесінін тиімділігін арттыру.
Бөлім 2. 2. Медициналық көмекке төлем төлеу тәсілдері
2. Медициналық көмекке төлем төлеу тәсілдері
Тармақ 5
5. Облыс аумағында медициналық көмекке төлем төлеудің төмендегідей тәсілдері қолданылады:
стационарда емделген ауруларға көмекке төлем төлеу бекітілген базалық ставка бойынша (емделуге жаткізудің орташа бағасы) клиникалық-шығындар топтарын медициналық ұйымдар деңгейінің облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бекітілген коэффицентіне дифференциялау бойынша жасалады;
кеңес беру-диагностикалық емханаларында көрсетілген медициналық қызметтерге төлем төлеу бекітілген тарифпен және амбулаториялық-емханалық тарификатор бойынша жасалады.
Есептеудің негізі - дәрігерге көріну және көрсетілген қызмет көлеміне жұмсалған шығынын коэффициентіне бөлгенде шығатын сан болып саналады. Тариф емханаға көріну түрлеріне (ауырып баруы, профилактикалық тексерілуі) байланысты бөлінеді. Ақтөбе қаласындағы алгашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін кеңес беру-диагностикалық емханалар жан басына шаққан
норматив бойынша қаржыландырылады.
стоматологиялық емханалардағы медициналық қызметтерге төлем төлеу бекітілген тариф бойынша жұмыс көлемінің шартты бірлігіне жасалады;
амбулаториялық-емханалық мекемелердің алғашқы буындарында көрсетілген медициналық қызметтер көлеміне төлем төлеу бекітілген әрбір 1 тұрғынға есептеліп, жан басына шаққан норматив бойынша жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Медициналық ұйымдарды қаржыландыру кезінде медициналық қызметтер сапасын сараптау қорытындысы есепке алынады. Сараптауды облыстық денсаулық сақтау басқармасы жүргізеді.
Бөлім 3. 3. Қаржыландыру тәртібі
3. Қаржыландыру тәртібі
Тармақ 7
7. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы медициналық ұйымдарда мемлекеттік тапсырыс шегінде көрсетілген медициналық қызметтерге төлем төлеу үшін, сол тиісті кезеңге бюджеттен бөлінген қаржы сомасына сәйкес, қажетті қаржылар бөледі. Медициналық қызметтерге төлем төлеу үшін бюджеттен қаржы толық түспеген жағдайларда, облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарифті азайту үшін қайта есеп жүргізуге құқылы.
Тармақ 8
8. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы толық қаржыны облыс әкімиятынвщ қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тапсырыс шегінде көрсетілген тегін кепілді медициналық көмектерге төлем төлеу жөніндегі тарифтік келісімге сәйкес стационарлық және амбулаториялық-емханалық мекемелерді бөлек қаржыландыру үшін бөледі.
Тармақ 9
9. Әрбір медициналық ұйымға тиісті қаржы сомасы стационарда емделген аурулар, емханаға барып дәрігерге көрінгендер және көрсетілген медициналық қызметтер көлемі, жұмыстың шартты бірліктері және 1 тұрғынға есептелген жан
басына шаққан норматив бойынша, медициналық ұйымдардың жұмыс тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштерді қоса есептегенде тарифтермен есептеледі.
Тармақ 10
10. Негізсіз емделіп шыққан науқастар реестрлері төленбейді.
Тармақ 11
11. Толық емделген науқастар реестрлері тиісті клиникалық шығын топтарына сәйкес бағаның 20%-і көлемінде төленеді.
Тармақ 12
12. Негізсіз емделгендер мен толық емделмегендітің нақты белгілерін облыстық денсаулық сақтау басқармасы анықтайды.
Тармақ 13
13. Әскерге шақыру комиссияларының жолдамасымен тексерулерге жіберілген әскер қатарына шақырылғандар реестрлері тиісті клиникалық-шығын топтарына сәйкес бағаның 50%-і көлемінде төленеді.
Бөлім 4. 4. Медициналық қызметтерге төлем төлеу кестесі
4. Медициналық қызметтерге төлем төлеу кестесі
Тармақ 14
14. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен медициналық ұйымдардың келісімімен белгіленген тәртіпте және мерзімде, медициналық қызмет көрсетуші (жеткізуші) көрсетілген медициналық қызметтерге төлем төлеу үшін есеп-реестрлерін, атқарылған жүмыстар актілерін, басқа да қажетті жолдама - құжаттарды облыстық денсаулық сақтау басқармасы тапсырады.
Тармақ 15
15. Даулы мәселелерді шешу тәртібі медициналық ұйымдар мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы арасындағы келісім-шарт баптарына сәйкес белгіленеде және жүргізіледі.
Тармақ 16
16. Әр тоқсан сайын облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен емдеу ұйымдары арасында өткен тоқсанның қорытындылары бойынша салыстыру актілері жасалады.