Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне 2002 года Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2002 жылғы сәуір-маусымда азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы мәслихатының мен Қостанай облысы әкімінің 16.08.2002 № 220/7бр бірлескен шешімімен. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 6-бабы 1 тармағының 14-тармақшасы мен 29-бабы 1-тармағының 11-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2002 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2002 жылғы 8 сәуірдегі № 844 Жарлығының 3-тармағын орындау мақсатымен Қостанай облыстық мәслихаты мен Қостанай облысының әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Шақыру комиссияларының жұмысы ұйымдастырылсын және 1984 жылы туған, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған одан жоғары жастағы азаматтардың мерзімдік әскери қызметке кезекті шақырылуы 2002 жылғы сәуір-маусымда жүргізілуі қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық шақыру комиссиясының құрамы 1 қосымшаға және облыстық жинақтау пунктіндегі медициналық комиссияның құрамы 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандар әкімдері:
Тармақша 1
1) қалалық және аудандық шақыру және медициналық комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін, әскери комиссариаттарға қажетті мөлшерде дәрігер-мамандар, техникалық қызметкерлер, қызмет көрсетуші адамдар бөлсін;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылғандарды уақытында хабарландыру және шақыруға келмегендерді іздестіру үшін хабарландыруды және іздестіру тобын құрсын, оларды көлік қүралдарымен және жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) әскери қызметті өтеу үшін жіберілетін әскерге шақырылғандарды салтанатты шығарып салу жөнінде іс-шаралар үйымдастырсын;
Тармақша 4
4) әскерге шақырылушыларды хабарландыру, шақыруды жүргізу, медициналық куәландыру және әскерге шақырушыларды аудандық, қалалық шақыру пункттеріне, медициналық комиссияға және әскерге жіберу үшін облыстық жинақтау пунктіне жеткізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығыстар аудандық, қалалық және облыстық бюджетттердің есебінен Қазақстан Республикасының жоғарыда корсетілген Заңының 35-бабына сәйкес қарастырылған қаражат шегінде жүргізілсін.
Тармақша 5
5) әскерге шақыру учаскелері мен облыстық жинақтау пункттерінде жұмысқа жіберілген әскерге шақыру комиссиялары мүшелерінің, медициналық және техникалық қызметкерлердің және қызмет көрсетуші адамдардың осы азаматтар жіберілген үйымдарда орташа еңбекақысы, жұмыс орны және алып отырған лауазымы сақталатыны еске алынсын;
Тармақша 6
6) әскери комиссариаттарға әскерге шақыру пункттеріне жабдықталған орындар және белгіленген талаптарға сәйкес әскерге шақыру пункттеріне жөндеу жүргізу және қайта жабдықтау үшін басқа да құралдарды бөлу жөніндегі шаралады қабылдасын.
Тармақ 4
4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Е.М. Ғалымжанов):
Тармақша 1
1) аудандық медициналық комиссияларды жетпейтін дәрігер- мамандармен, медициналық құралдар және мүліктермен, оның ішінде флюропленкалар және химиялық реактивтермен жиынтық жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын, облыстық медициналық комиссияның құрамында жұмыс істеу үшін 2 қосымшаға сәйкес дәрігер-мамандарды бөлсін;
Тармақша 2
2) облыстық әскери комиссариатпен (И.Е. Лосьев) бірлесе отырып медициналық мекемелердің әскерге шақырылушыларды алдын ала тексеру шығындарының орнын толтыру және медициналық комиссиялардың дәрігер- мамандарының еңбекақысын облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерде карастырылған қаражат есебінен толтыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. "Қазақстан темір жолы" РМК Қостанай тасымалдау бөлімшесі (Б.С. Шамиғанов) облыстық әскери комиссариаттың тапсырыстары бойынша толықтырушылары бар командаларды қызмет орнына жөнелту үшін жолаушылар поездарында қажетті орындар санын бөлсін (келісім бойынша).
Тармақ 6
6. Облыстық әскери комиссариат (И.Е. Лосьев):
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңына сәйкес әскерге шақыру пункттері мен облыстық жинақтау пунктінде азық-түлік тауарларымен сауда жасауды және ыстық асты ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылушыларды тасымалдауды қамтамасыз етсін, ақы төлеу әскерге шақыру кезінде тасымалданғандардың нақты саны туралы тапсырыстар бойынша жүргізілсін.
Тармақ 7
7. Қостанай облысы бойынша Бас ішкі істер басқармасы (Н.М. Дейхин) әскерге шақыру және командаларды жөнелту кезінде:
Тармақша 1
1) мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарып жүргендерді іздестіру және ұстауды жүргізсін, ұсталғандарды іздестіру және оларды жеткізу жөніндегі шығыстарды өтеу осы кісілердің есебінен жүргізілсін;
Тармақша 2
2) облыстық жинақтау пунктінде, қалалық және аудандық әскерге шақыру пункттерінде әскерге шақырылушылар арасында қоғамдық тәртіпті қалпында сақтау үшін полицияның тәулік бойғы нарядын бөлсін;
Тармақша 3
3) әскерге шақырылушыларды облыстың әскери комиссариаттарынан жөнелткен кезде, сондай-ақ Қостанай темір жол стансасында қоғамдық тәртіпті қалпында сақтауды қамтамасыз етсін және әскерге шақырылушыларды шығарып салу үшін әскери комиссариаттардың тапсырыстары бойынша автокөлік бөлсін.
Тармақ 8
8. Облыстық қаржы департаменті (М.А. Щеглова) әскерге шақыруды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды облыстық әскери комиссариаттың қаржыландыру жоспарында қарастырылған қаражат есебінен жүзеге асырсын.
Тармақ 9
9. Атқарылған жұмыстар туралы ақпарат облыс әкімінің аппаратына 2002 жылғы 10 шілдесіне дейін берілсін.
Тармақ 10
10. "Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2001 жылғы қараша -желтоқсандағы азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" облыс әкімінің 2001 жылғы 3 қазандағы № 63 шешімінің күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 11
11. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б.Б. Баймағамбетоваға облыс әкімінің әскери-жұмылдыру жұмысы жөніндегі көмекшісі А.В. Синютинге жүктелсін.
Басқа 25. Облыстық әскерге шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Қостанай облыстық мәслихаты мен Қостанай облысы әкімінің 2002 жылғы 15 сәуірі № 204/4бр шешіміне 1 қосымша Облыстық әскерге шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ Баймағамбетова Бағила Бірмағамбетқызы - облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы Лосьев Игорь Евгеньевич - облыстық әскери комиссар, торағаның орынбасары Куванова Бибігүл Төлегенқызы - әскерғе шақыру комиссиясының хатшысы Әскерге шақыру комиссиясының мүшелері Абраменко Алексей Иванович - облыстық әскери комиссариаттың 2-бөлімі бастығының аға көмекшісі, дәрігер-терапевт, медициналық комиссияның төрағасы Дудник Елена Владимировна - облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Исабеков Төлеген Өмешұлы - облыстық әскери комиссариаттың 2- бөлімінің бастығы Нүрсейітов Дидар Ассатоллаұлы - облыстық ББІІБ бастығының орынбасары
Басқа 26. Облыстық жинақтау пунктіндегі медициналық комиссияның ҚҰРАМЫ
Қостанай облыстық мәслихаты мен Қостанай облысы әкімінің 2002 жылғы 15 сәуірдегі № 204/4бр шешіміне 2 қосымша Облыстық жинақтау пунктіндегі медициналық комиссияның ҚҰРАМЫ Абраменко Алексей Иванович - облыстық әскери комиссариаттың 2-ші бөлімі бастығының аға көмекшісі, дәрігер-терапевт, комиссия төрағасы Комиссия мүшелері: Бауэр Михаил Иванович - дәрігер-хирург Васильева Яна Михайловна - дәрігер-психиатр Гончарова Людмила Констатиновна - дәрігер-рентгенолог Досмұхамбетов Мәлік Седанұлы - дәрігер-психиатр Жұмабаев Болат Абдолұлы - дәрігер-отоларинголог Жабаев Әділхан Аңсоғарұлы - дәрігер-нарколог Ким Татьяна Сергеевна - дәрігер-терапевт Садуақасов Болат Нұралыұлы - дәрігер –травматолог Садықов Абылай Садықұлы - дәрігер-фтизиатр Сатарова Гүлниса Құрбанқызы - дәрігер-терапевт Үкина Айнагүл Төлешқызы - дәрігер-невропатолог Хван Наталья Сергеевна - дәрігер-дерматолог Хороненко Галина Яковлевна - дәрігер-окулист