О проведении весеннего двухмесячника по санитарной очистке и благоустройству населенных пунктов, смотра готовности объектов водоснабжения и канализации к летнему сезону 2002 года Қолданыста
Басқа 0
Облыс елді мекендерін санитарлық тазалау, көріктендіру жөнінде, ауыз сумен қамту және канализация объектілерінің 2002 жылдың жазғы маусымға дайындығы байқауының көктемгі екі айлығын өткізу туралы
Облыс елді мекендерінің санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару» туралы Заңының 27-бабын басшылыққа ала отырып, облыстық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2002 жылдың 15 наурызынан 15 мамырға дейін облыс елді мекендерінде көктемгі санитарлық тазалау, көріктендіру жөнінде ауыз сумен қамту және канализация объектілерінің 2002 жылдың жазғы маусымына дайындығы байқауының көктемгі екі айлығы жариялансын.
Тармақ 2
2. Айлыққа дайындық және оны өткізу кезінде қала және аудан әкімдерінің, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметіне басшылық ету және үйлестіру жөніндегі облыстық штабтың құрамы бекітілсін (тіркеледі).
Қала мен аудан әкімдері:
Тармақша 1
1) тиісті штабтар құрып, кәсіпорын, ұйымдар және мекемелермен бірлесе отырып, облыстың қала, елді мекендерін санитарлық тазалау мен көріктендіру жөнінде нақты шаралар әзірлеп, жүзеге асырсын;
Тармақша 2
2) меншік түріне қарамастан кәсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға аумақтарды, көшелерді, алаңдарды бекітіп беру мәселесін шешіп, бұл жұмысқа пәтер иелерінің кооперативтерін оқу орындарын қатыстырсын;
Тармақша 3
3) бөлінген бюджеттік қаражат шегінде:
- тіркелген тұрмыстық және басқа беталды пайда болған қоқыс үйінділері түрлерін, металл сынықтарын, құрылыс қалдықтарын елді мекендер аумағынан шығаруды және құлаған ғимараттар орындарын тегістеуді қамтамасыз етсін;
- жетіспейтін қоқыс жинайтын контейнерлер сатылып алынуын, қосымша контейнерлік алаңдардың әзірленуін және бұрынғыларын жөндеуді қамтамасыз етсін;
- үйлердің, аулалардың қоршауын, дәліздері мен қас беттерін тәртіпке келтірсін;
- су құбырлары, канализация және басқа инженерлік жүйелер апаттарын жойып, көп қабатты үйлердің төлелерін тазалау мен кептіру жөніндегі жұмыс кестесін әзірлеу арқылы нақты шаралар алсын, бұл жұмысқа барлық пәтер иелері кооперативтерін және коммуналдық қызметтерді қатыстырсын;
- бұралқы иттер мен мысықтардың атылуын ұйымдастырсын;
- барлық елді мекендерде көшелер жарығын, жарнамалық маңдайша жазуларын, билбордтарды тексеріп, жөндеу жүргізсін;
- жасыл желек егу және күту жұмыстарын қамтамасыз етсін.
- көше бойындағы автокөлік жолдарын тазалау және жуу мәселесін шешіп және осы жұмысты атқарсын.
Тармақ 4
4. Сумен қамту және канализация объектілерінің басшылары су құбыры және канализация жүйелерін, байқау құдықтарын, су алу колонкаларын тексеріп, олардың дұрыс жұмыс істеуін қалпына келтірсін.
Тармақ 5
5. Коммуналдық меншік, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы департаменті (В.Оспанов), ауыз су нысандарының иелері, өздеріне қарасты ауыз су тазарту қондырғыларында залалсыздандыру, реагенттер ұнтақтары қорын 3 айға жетерліктей мөлшерде қамтамасыз етсін. Ауыз су тазартатын қондырғылар мен құбырларды тазарту және залалсыздандыру жұмыстарын жүргізсін.
Тармақ 6
6. Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (Б.Сапуанов), облыстық ішкі істер басқармасы (Х.Хайдар), облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы (Ө.Зинуллин):
Тармақша 1
1) бас автокөлік жолдарындағы, автотұрақтардағы, көшелердегі атмосфералық ауаның ластану деңгейін жылжымалы зертханалар арқылы тексеру, сонымен қатар меншік түріне қарамастан автокөліктерден ауаға шығарылатын газ мөлшерін қадағалау және тексеру жұмыстарын ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) облыс елді мекендеріндегі санитарлық тазалық және көріктендіру жұмыстарына үнемі бақылау жүргізіп отырсын.
Тармақ 7
7. «Атырау-Ақпарат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын (А.Татанов), облыстық телерадиокомпаниясы (А.Нұрғалиев) айлықтың барысын жүйелі түрде жариялап отырсын.
Тармақ 8
8. Қала, аудан әкімдері, облыстық ішкі істер басқармасы, қоршаған ортаны қорғау басқармасы және облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы айлықтың жүргізу барысы мен қорытындылары жөнінде облыстық штабқа әр апта сайын мәлеметтер беріп отырсын.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдарамын.