О проведении смотра готовности предприятий торговли, общественного питания, пищевой промышленности, рынков области к работе в весенне-летний период 2002 года Қолданыста
Басқа 0
Облыс сауда, қоғамдық тамақтану, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының, базарлардың 2002 жылдың көктемгі-жазғы мерзімдегі жұмысқа дайындығы байқауын өткізу туралы
Облыс сауда, қоғамдық тамақтану, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының, базарлардың санитарлық-техникалық жағдайын және олардың көктемгі-жазғы мерзімдегі жұмысқа сапалы дайындалуын, тамақпен жаппай уланудың алдын алуды жақсарту, сонымен бірге «Денсаулық жылының» бағдарламасын ұйымдастыр мен жүзеге асыру мақсатында. Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 27-бабын басшылыққа ала отырып, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2002 жылдың 1 сәуірінен 30 сәуіріне дейін облыс бойынша сауда, қоғамдық тамақтану, тамақ өндірісі орындарының, базарлардың 2002 жылдың жазғы мерзіміндегі жұмысқа дайындығы байқауын өткізу айлығы жариялансын.
Тармақ 2
2. Байқау айлығына дайындық және оны өткізу кезінде қала және аудан әкімдерінің, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметіне басшылыққа беру және үйлестіру жөніндегі облыстық штаб құрамы бекітілсін (тіркеледі).
Тармақ 3
3. Қала мен аудан әкімдері:
Тармақша 1
1) байқау айлығын дайындау және жүзеге асыру жөніндегі тиісті штабтар құрсын;
Тармақша 2
2) нысандардың сыртқы келбетін санитарлық талапқа сай келтірудің барлық шараларын алсын (қоршау, дәліздері мен аумақ айналасын көріктендіру, жөндеу, маңдайша жазулары, контейнерлік алаң, уран орнату);
Тармақша 3
3) базарлар қоршауын тәртіпке келтіру, алаңдарын асфальттау, бетондау, тез бұзылғыш тағамдар сату сауда орындарын тоңазытқыш витпиналарымен қамту, су құбыры, канализация торабының үздіксіз жұмыс жасауын тәртіпке келтіру;
Тармақша 4
4) елді мекендердегі беталды ұйымдасқан сауда орындарының жойылуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 5
5) жергілікті бюджетте қаралған қаржы көлемінде балалар сүт кухнясын ұйымдастыру мәселесін шешсін.
Тармақ 4
4. Сауда, қоғамдық тамақтану, тамақ өнеркәсібі, базар тағы да басқа коммерциялық құрылымдар басшылары:
Тармақша 1
1) 2002 жылдың 25 наурызына дейін нысандардың санитарлық-техникалық жағдайын, өндірілетін тағамдардың сапасын жақсарту бағытында нақты іс-шаралар әзірлесін;
Тармақша 2
2) нысандарды жөндеу, су-канализация жүйелерін, технологиялық және тоңазытқыш құралдарын тексеру, өндірілетін және сатылатын тағамдардың ассортиментін келісу және жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық станциясы органдарының жұмыс жасауға ресми рұқсаттарын алу бағытында шаралар алсын.
Тармақ 5
5. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы (О.Зинуллин), облыстық ішкі істер басқармасы (Х.Хайдар) көктемгі-жазғы мерзімге дайындығы байқауын өткізу жұмыстарына үнемі бақылау жүргізіп отырсын.
Тармақ 6
6. «Атырау-Ақпарат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын (А.Татанов), облыстық телерадиокомпаниясы (А.Нұрғалиев) айлықтың барысын жүйелі түрде жариялап отырсын.
Тармақ 7
7. Қала, аудан әкімдері, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы, облыстық ішкі істер басқармасы айлықтың қорытындылары жөнінде облыстық әкімге 2002 жылдың 5 мамырына мәлімет берсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Досмағамбетке жүктелсін.
Басқа 16
Облыс әкімиятының 2002 жылғы
12 наурыз № 125 қаулысына
қосымша
Облыс бойынша сауда, қоғамдық тамақтану, тамақ өндіру кәсіпорындарының, базарлардың 2002 жылдың жазғы мерзіміне дайындығы байқауын ұйымдастыру және өткізу комиссиясының құрамы
Досмағамбет Ерғали Мұқанұлы
- облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Зинуллин Өмірзақ Зиноллаұлы
- облыстық бас мемлекеттік санитарлық дәрігер
Ким Галина Замзиевна
- облыстық экономика және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бастығы
Татанов Әлібек Жартайұлы
- «Атырау-Ақпарат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын төрағасы
Нұрғалиев Айтқали Құмарғалиұлы
- облыстық телерадиокомпаниясының төрағасы
Хайдар Халмұрат Саламатұлы
- облыстық ішкі істер басқармасының бастығы (келісім бойынша).