Об очередном призыве граждан призывного возраста на срочную военную службу весной и осенью 2002 года Күшін жойған
Басқа 0
2002 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы
📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 02.07.2004 № 9-4 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II Заңының 6-бабы 1-тармағының 15-тармақшасына, 29 бабы 1-тармағының II-тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 13-бабы 1, 2-тармақтарына сәйкес ШЕШIМ ЕТЕМIЗ:
Тармақ 1
1. Облыстық әскери комиссариат (Мұқатаев) шақыру күнiне дейiн 18 жасқа толған, сондай-ақ шақыруды кейiнге қалдыру құқығынан айрылған жоғары жастағы ер азаматтарды Қазақстан Республикасы Президентiнiң кезектi шақыру туралы Жарлығына сәйкес 2002 жылдың сәуiр-маусымында мерзiмдi әскери қызметке шақырсын және оларды белгiленген мерзiмде әскерге жөнелтсiн.
Тармақ 2
2. Облыстық шақыру комиссиясы бекiтiлсiн (жалғанды).
Тармақ 3
3. Орал қаласының және аудандардың әкiмдерi:
Тармақша 1
1) мынадай құрамда шақыру комиссияларын құрсын:
комиссия төрағасы - қала (аудан) әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары - қалалық (аудандық) әскери комиссар, комиссия мүшелерi - қалалық (аудандық) iшкi iстер бөлiмiнiң өкiлi, дәрiгер қызметкерлерiне басшылық жасайтын дәрiгер және комиссия хатшысы;
Тармақша 2
2) азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру кезеңiнде әскери комиссариаттарға дәрiгерлiк тексеру жүргiзу үшiн жабдықталған ғимараттар, қажеттi мөлшерде техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсетушi қызметшiлердi, сондай-ақ шақырылушыларды облыстық жинақтау пунктiне тасымалдайтын автокөлiктер бөлсiн;
Тармақша 3
3) азаматтардың әскери комиссариаттарға шақыру комиссиясынан дәрiгерлiк тексеруден өтуiне келуiнiң және оларды одан әрi әскери бөлiмдерге жiберу үшiн облыстық жинақтау пунктiне жөнелтудiң барлық шараларын алсын;
Тармақша 4
4) азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру кезiнде шақыру (жинақтау) пункттерiндегi жұмыстарға бөлiнген шақыру комиссиясы мүшелерiнiң, техникалық қызметкерлердiң және қызмет көрсететiн қызметшiлердiң негiзгi жұмыс орындарындағы орташа еңбек ақысы сақталсын.
Тармақ 4
4. Жергiлiктi атқарушы органдар, меншiктiң нысаны мен ведомстволық бағыныштылығына қарамастан кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар мен оқу орындарының басшылары азаматтардың шақыру пункттерiне дер кезiнде келуiн қамтамасыз етсiн, мерзiмдi әскери қызметке шақырылушыларды салтанатты жағдайда шығарып салуды ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Мырзахметов):
Тармақша 1
1) шақыру кезеңiне арнап қажеттi мөлшерде жоғары бiлiктi тәжiрибелi дәрiгер-мамандар, медбикелер бөлсiн және облыстық әскери комиссариаттарының шақыру пункттерiн медициналық жабдықтармен және аспаптармен қамтамасыз етсiн.
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 27 қаңтардағы №135 қаулысына сәйкес шақыру комиссиялары емдеу мекемелерiне жiберген шақырылушыларды стационарлық және емханалық тексеруден өткiзсiн. Осы мақсатқа арнап аудандардың және облыстық емдеу мекемелерiнде төсектiк орындар бөлсiн.
Тармақ 6
6. Облыстық iшкi iстер басқармасы (Тыныбеков):
Тармақша 1
1) шақыру кезiнде облыстық жинақтау пунктiнде, қалалық және аудандық шақыру пункттерiнде, шақырылушылар жөнелтiлетiн темiржол және автомобиль станцияларында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) Орал қалалық және аудандық әскери комиссариаттарға жетi күн мерзiмде қылмыстық iс қозғалған шақырушылар туралы хабарласын;
Тармақша 3
3) шақырудан жалтаратын адамдарды iздестiру және тұратын орнын анықтау жөнiнде шұғыл топ құрсын.
Тармақ 7
7. Облыстық қаржы басқармасы (Хамитов) азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру, дәрiгерлiк тексеруден өткiзу және оларды әскери бөлiмшелерге жөнелту жөнiндегi шараларды орындауға байланысты шығындарға облыстық бюджеттен қаралған ақша қаражатын бөлсiн.
Тармақ 8
8. Облыстық әскери комиссар Г.Қ. Мұқатаев шақырудың барысы туралы облыс әкiмiне дер кезiнде мәлiмдеп отырсын. Қорытынды ақпаратты 2002 жылдың 15 шiлдесiнде және 2003 жылдың 15 қаңтарында тапсырсын.
Тармақ 9
9. Шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ш.Ә. Өтемiсовке жүктелсiн.
Басқа 19. Облыстық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Облыстық мәслихат пен
Батыс Қазақстан облысы
әкiмiнiң 2002 жылғы 5 сәуірдегі
№ 20-2 бiрлескен шешiмiне
Қосымша
Облыстық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Шавхат Әнесұлы Өтемiсов - облыс әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы
Геннадий Қадырұлы Мұқатаев - облыстық әскери комиссар, комиссия төрағасының
орынбасары
Комиссия мүшелерi:
Кашура Мұхтарқызы Әжiғұлова - облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының
орынбасары
Батырбек Идиатұлы Байдиев - облыстық әскери комиссариаттың 2-шi бөлiм бастығының
аға көмекшiсi, дәрiгерлiк комиссияның төрағасы
Анатолий Павлович Губанов - облыстық бiлiм басқармасы бастығының орынбасары
Бүркiт Елемесұлы Жауымбаев - облыстық iшкi iстер басқармасы бастығының орынбасары
Жасұлан Қайноллаұлы Жакуов - облыстық әскери комиссариаттың 2-шi бөлiмiнiң бастығы
Мәлiк Әбуханұлы Сапашев - облыстық жастар iсi, туризм және спорт басқармасы
бастығының орынбасары
Маржан Балжұманқызы Мерғалиева - комиссия хатшысы
Комиссияның резервтiк құрамы:
Комиссия төрағасы - облыс әкiмiнiң орынбасары
Төрағаның орынбасары - облыстық әскери комиссардың орынбасары
Комиссия мүшелерi:
Орынғали Мүбәрәкұлы Биссалиев - қалалық iшкi iстер бөлiмiнiң бастығы
Мәрия Мұқанқызы Жауымбаева - дәрiгерлiк комиссия төрағасының орынбасары,
дәрiгер-терапевт
Сұлушаш Сатыбалдықызы Тоқжанова - комиссия хатшысы