О проведении призыва граждан на срочную военную службу в 2002 году Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.04.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2002 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты Қарағанды облысы әкімшілігінің аппарат Басшысының 2005.01.21 N 05-11/89 хатымен. Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес, 2002 жылы мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдасқан түрде өткізу үшін:
Тармақ 1
1. Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері:
Тармақша 1
1) қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссияларын құрсын. Комиссиялардың төрағалары етіп тиісті қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарларын тағайындасын;
Тармақша 2
2) әскеиге шақыру комиссияларының жұмысын және 2002 жылы мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын 1975-1984 жылдары туған барлық азаматтардың әскерге шақыру пункттеріне ұйымшылдықпен келуін қамтамасыз етсін.
Тармақша 3
3) әскерге шақырылғандарды медициналық куәландыру және жеткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын: тұрғылықты жерлерінен қалалық/аудандық әскери комиссариаттардың шақыру комиссияларына дейін және кері қарай; тұрғылықты жерлерінен облыстық медициналық комиссиядан өту үшін Қарағанды қаласының облыстық жиналу пунктіне дейін және кері қарай және тұрғылықты жерлерінен әскерлерге аттандыру үшін Қарағанды қаласының облыстық жиналу пунктіне дейін.
Тармақ 2
2. Аудандық және қалалық әскерге шақыру комиссияларының қызметін басқару және бақылау үшін облыстық әскерге шақыру комиссиясы мына құрамда құрылсын: Тоғжанов Е.Л. – облыс әкімінің орынбасары – комиссия төрағасы Түлекбаев М.Ә. – облыстық әскери комиссар – комиссия төрағасының орынбасары Комиссия мүшелері: Әуезов А.Т. – облыстық әскери комиссариаттың 2-ші бөлімі орынбасары – медициналық комиссия төрағасы Кенжебаев Н.Ж. – областық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Походяев А.С. – ішкі істер бас басқармасы бастығының орынбасары Шинкорук Т.В. – комиссия хатшысы
Тармақ 3
3. Облыстық туризм және спорт комитеті (Громов В.Л.) облыстың әскери шараларын өткізу ұшін әскерге шақырылатын жастармен әскери- спорттық комиссариаттарымен бірлесіп әскери-патриоттық және тәрбие жиындар өткізсін, соғыс, енбек және Қарулы Күштер ардагерлерімен, әскери қызметшілермен кездесулер ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Облыстық мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім департаменті (Омарбекова Р.К.) әскерге шақырылғандарды салтанатты шығарып салған күндері әскерге шақырылған жастар алдында көркемөнерпаздар мен шығармашылық ұжымдардың өнерің, әскери-патриоттық тақырыптарға көркем фильмдерді көрсетуді ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Облыстық телекоммуникациялар дирекцияся (Кәленок С.Ж.) облымтық жиын пунктінде байланыс құралдарының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Облыстық әскери комиссар (Түлекбаев М.Ә.) әскерге шақыру мәселелері бойынша белгіленген шараларды (медициналық комиссияларды қамтамасыз ету, шақырылғандарды жеткізу және оларды тамақтандыру, мекен- жайларды санитарлық тазалау, байланыстың үздіксіздігі, ғимараттар мен мекен-жайларды жөндеу және т.б.) орындау үшін «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңына сәйкес тиісті ұйымдармен және мекемелермен келісім шарттар жасасын.
Тармақ 7
7. Облыстық санэпидстанциясы (Сәтеков С.Т.) облыстық жиын пункті мекен-жайларының күйіне санитарлық бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Облыстық денсаулық бақылау жасауды жүзеге асырсын, облыстық, аудандық және қалалық медициналық шақыру комиссияларын маман-дәрігерлермен және орта медициналық құраммен жасақтасын (мемкәсіпорындар бойынша – келісім шарттар негізінде).
Тармақ 9
9. Ішкі істер Бас басқармасы (Курбатов В.Н.) әскерге шақырылудан жалтарғандардың іздестірілуін және ұсталуын, әскерге шақырылғандар командаларын аттандыру кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын ұйымдастырсын.
Тармақ 10
10. Облыстық қаржы басқармасы (Нүгербеков С.Н.) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастырумен байланысты шараларды осы мақсатқа бөлінген қаржылар шектерінде қаржыландыруды жүргізсін.
Тармақ 11
11. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Е.Л.Тоғжановқа жүктелсін.