О создании тендерной комиссии по закреплению рыбопромысловых участков за природопользователями области, распределению лимитов (квот) вылова рыбы по Бухтарминскому, Шульбинскому водохранилищам на 2002 год Күшін жойған
Басқа 0
Облыстың табиғатпайдаланушыларына балықкәсіпшілік учаскелерін бекіту, Бұқтырма, Шульба су қоймалары бойынша балық аулаудың 2002 жылға арналған лимиттерін (квоталарын) бөлу жөніндегі тендерлік комиссия құру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімиятының 2003 жылғы 21 мамырдағы N 71 қаулысымен.
"Жануарлар дүниесін қорғау, үдемелі өсіру және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21 қазандағы ТН N 2463-XII Заңына , "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі Заңына , "Балық шаруашылық су айдындарында балық ұстаудың және теңіз аңын (итбалықты) аулаудың 2002 жылға арналған лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әкіметінің 2002 жылғы 2 ақпандағы N 158 қаулысына , "Қазақстан Республикасының су айдындарындағы балық қорларын қорғау және балық аулауды реттеу туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 сәуірдегі N 414 қаулысына , "Қазақстан Республикасында балық және басқа су жануарларын аулау Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 04 желтоқсандағы N 1480 қаулысына сәйкес және балықшаруашылық су айдындарында қажетті тәртіп орнату, балық шаруашылығының тиімділігін арттыру, облыстың балық ресурстарын кешенді және ұтымды пайдалану мақсатында Шығыс Қазақстан облысының Әкімияты "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабы 1 тармағы 9 тармақшасын басшылыққа алып, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бұқтырма, Шульба су қоймаларында балықкәсіпшілік учаскелерін бекіту және балық аулау лимиттерін (квоталарды) бөлу жөніндегі облыстық тендерлік комиссия N 1 қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
Тармақ 2
2. Бұқтырма, Шульба су қоймаларында облыстың табиғатпайдаланушылары арасында балықкәсіпшілік учаскелерін бекіту, балық ұстау лимиттерін (квоталарын) бөлу жөніндегі тендер (конкурс) өткізу Ережелері бекітілсін (N 2 қосымша).
Тармақ 3
3. Шығыс Қазақстан облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармаға (Қалмақов А.Ғ.) тендер (конкурс) өткізу Ережелерін табиғатпайдаланушыларға таныстыру және жоғарыда аталған балықшаруашылық су қоймаларында бір ай мерзім ішінде табиғатпайдаланушылар арасында балық кәсіпшілік учаскелерін бекіту мен балық ұстаудың лимиттерін (квоталарын) бөлуді аяқтау тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқарма (Қалмақов А.Ғ.), балық қорларын қорғау жөніндегі Шығыс Қазақстан инспекциясы (Ґлмесеков М.Қ.) "Қазақстан Республикасының су айдындарында балық қорларын қорғау және балық аулауды реттеу туралы" Қағиданың, Қазақстан Республикасында балық және басқа су жануарларын аулау Ережелерінің қатаң сақталуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқарманың бастығы (Қалмақов А.Ғ.) балық аулауға бөлінген лимиттерді табиғатпайдаланушылардың игеруі және балық қорларын алғаны үшін бюджетке төлемдердің түсуі туралы облыс Әкімінің аппаратына тоқсан сайын ақпарат берсін.
Тармақ 6
6. Облыс Әкімінің "Облыстың табиғатпайдаланушыларына балықшаруашылық су айдындары мен кәсіпшілік учаскелерін бекіту, 2001 жылға арналған балық аулау лимиттерін (квоталарын) бөлу жөніндегі тендерлік комиссия құру туралы" 2001 жылғы 28 наурыздағы, "Облыс Әкімінің 2001 жылғы 28 наурыздағы N 1015 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 03 мамырдағы ешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің орынбасары Ю.П.Швайченкоға жүктелсін.
Басқа 8. 2002 жылға Бұқтырма, Шульба су қоймасына балық аулау учаскесін бекіту және лимит (квотаны) бөлу бойынша тендерлік комиссияның
Шығыс Қазақстан
облысы Әкімиятының
2002 жылғы 23 сәуірдегі
N 139 қаулысына
N 1 қосымша
📌 Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2002 жылғы 12 қыркүйектегі N 250 қаулысымен .
2002 жылға Бұқтырма, Шульба су қоймасына балық аулау учаскесін бекіту және лимит (квотаны) бөлу бойынша тендерлік комиссияның
ҚҰРАМЫ
Облыс Әкімі аппаратының басшысы
Басқа 9. Бұқтырма және Шульба су қоймаларындағы балық және басқа да су
жәндіктерін аулау учаскелерін бекіту мен балық аулау лимитін
(квотаны) бөлу мәселесі бойынша конкурсқа (тендерге) қатысушының
Ережеге қосымша
Бұқтырма және Шульба су қоймаларындағы балық және басқа да су
жәндіктерін аулау учаскелерін бекіту мен балық аулау лимитін
(квотаны) бөлу мәселесі бойынша конкурсқа (тендерге) қатысушының
ТАПСЫРЫСЫ N ____________
Тармақ 1
1. Атауы, ведомствоға тиiстiлiк, құрылтайшысы, реквизиттары, мекен-жайы: ___________________
__________________________________________________________
__________________________________________________________
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің "____"___________200____ж. шешімі мен "____"___________200____ж.№________ ҚР Қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстары министрлігінің келісіміне сәйкес Бекітілетін су қоймасы (учаскесі)_________
__________________________________________________________
Тармақ 3
3. Өндірістік қызметінің негізгі бағыты, балық аулау және өңдеуді қай кезден бастап жүзеге асырады
__________________________________________________________
Тармақ 4
4. Балық түрлері бойынша аулаудың көлемі (лимиті)_________
__________________________________________________________
Тармақ 5
5. Жүзу құралдары:________________________________________
- аулау құралдары:________________________________________
- балықшылар саны:________________________________________
- өндіру механизмдері:____________________________________
- басқада мәліметтер:_____________________________________
Тармақ 6
6. Техникалық-экономикалық көрсеткіштері:
- өндірістік ғимараттары:_________________________________
- тоңазытқыш қондырғылары, күші __________________________
- технологиялық жабдықтары________________________________
- басқада мәліметтер:_____________________________________
Тармақ 7
7. Өткен жылдардағы өз есептерінен, демеушілер есебінен балық
қорларын өндіруге шыққан ақшалай шығынның көлемі және өңдеу
шаруаларының түрлері______________________________________
__________________________________________________________
__________________________________________________________
__________________________________________________________
__________________________________________________________
__________________________________________________________
Тапсырысқа қосымша:
- мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, немесе патент; - бюджетке берешектері жоқ екендігін куәләндiретiн салық инспекциясының анықтамасы; - қаржы жағдайы туралы банктің анықтамасы (заңды тұлғалар үшін);
- конкурсқа (тендерге) қатысу жарнасының төленгені туралы түбіртек; - балық аулау құралдарының, өңдеу балықөнеркәсібі орындарының, өндіріс ғимараттарының жағдайы туралы санитарлық-эпидемиялық станцияның анықтамасы;
- Балық аулау лимитіндегі көлемді қамтамасыз ететін аулау құрал-жабдықтарының, өндірістік-механизмдердің, балықшылардың жағдайы, олардың шын мәнінде бар екенін білдіретін Орман, балық және аң шаруашылығы комитетінің шартын орындау қабілеті жөніндегі қорытындысы;
- Табиғат пайдалану жобасы: бизнес-жоспар, табиғат қорғау шаралары, оның ішінде су қоймасының экологиялық жағдайын жақсарту жөніндегі жұмыстары, гидробионттардың мекендеу және балық қорын көбейту жағдайларын жасау.
Тапсырыс беру мерзімі Мөрі
__________________________________
(Ұйым жетекшісінің қолы, аты-жөні)
Шығыс Қазақстан облысының
орман және биоресурстар жөніндегі
аумақтық басқармасының бастығы
Басқа 17. Бұқтырма және Шульба су қоймаларында балықкәсіпшілік
учаскелерін табиғатпайдаланушыларға бекітіп беру, балық және
басқа су жануарларын аулаудың лимиттерін (квоталарын) бөлу
жөнінде тендер (конкурс) өткізу
Шығыс Қазақстан
облысы Әкімиятының
2002 жылғы 23 сәуірдегі
N 139 қаулысына
N 2 қосымша
Бұқтырма және Шульба су қоймаларында балықкәсіпшілік
учаскелерін табиғатпайдаланушыларға бекітіп беру, балық және
басқа су жануарларын аулаудың лимиттерін (квоталарын) бөлу
жөнінде тендер (конкурс) өткізу
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тармақ i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тендер (конкурс) өткізудің мақсаты Шығыс Қазақстан облысының Бұқтырма, Шульба су қоймаларындағы балық ресурстарын игеруге тілек білдіруші табиғатпайдаланушыларға (заңды және жеке тұлғаларға) балықты кәсіпшілік аулау үшін рұқсат алуға тең мүмкіндіктер беру болып табылады.
Тармақ 2
2. Тендер мына міндеттерді шешу үшін өткізіледі:
заңды және жеке тұлғаларды конкурстық іріктеу;
табиғат қорғау заңнамасы мен басқа да нормативтік-құқықтық кесімдердің талаптары негізінде меншік түріне қарамастан барлық табиғатпайдаланушылардың Бұқтырма және Шульба су қоймаларында кәсіпшілік балық аулауға Қазақстан Республикасының Әкіметі бекіткен лимиттері мен квоталарын барынша толық игеруі.
Тармақ ii. II. Тендер өткізу тәртібі
II. Тендер өткізу тәртібі
Тармақ 1
1. Балықкәсіпшілік учаскелерін бекіту және балық аулау лимиттерін (квоталарын) бөлу жөніндегі тендерді өткізу құқығы облыс Әкімиятының қаулысымен құрылатын тендерлік комиссияға жүктеледі.
Тармақ 2
2. Тендерді (конкурсты) Қазақстан Республикасы Әкіметінің балық және басқа су жануарларын аулауға арналып бекіткен лимиттері мен квоталары бойынша табиғатпайдаланулардан тапсырыстар болған жағдайда тендер комиссиясы өткізеді. Арнаулы уәкілетті орган - Шығыс Қазақстан облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы тендерді (конкурсты) ұйымдастырушы болып табылады.
Тармақ 3
3. Бұқтырма және Шульба су қоймаларының балықкәсіпшілік учаскелерін бекіту және лимиттерді бөлу табиғатпайдаланушының рейтингтік коэффициенттік есебіне сәйкес жүргізіледі (N 1 қосымша), онда балықшаруашылық ғылымның ұсыныстарына сәйкес балық өсіру-мелиоративтік жұмыстарды жүргізу жөніндегі талаптарды табиғатпайдаланушылардың орындауы ескеріледі.
Тармақ 4
4. Бұқтырма және Шульба су қоймаларында спорттық-әуесқойлық балық аулауды дамыту мақсатында және халықтың балық өніміне деген қажеттілігін сату құқығынсыз жеке басына тұтыну үшін қанағаттандыру үшін балық ұстау режиміне сәйкес, балықшаруашылық ғылымның және Шығыс Қазақстан облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқарманың балық ұстауды реттеу бөлімінің балықшаруашылық жұмыстарын өткізуге арналған және ғылыми-зерттеушілік аулауға арналған ұсыныстар негізінде спорттық- әуесқойлық балық ұстаушылық үшін учаскелер айқындалсын, олар Бұқтырма және Шульба су қоймалары бойынша тендерге қойылған балықкәсіпшілік учаскелердің тізімінен шығарылсын (N 2 қосымша).
Тармақ 5
5. Тендер өткізу мерзімдері туралы хабар мүдделі тұлғаларға ол өткізілетінге дейін бір айдан кем емес уақыт бұрын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ("Дидар", "Рудный Алтай" газеттері) жеткізіледі.
Тармақ iii. III. Тендер шарттары
III. Тендер шарттары
Тармақ 1
1. Балық өсіру мелиоративтік іс-шараларды орындау, су айдындарын балықтандыру, бекітілген балықкәсіпшілік учаскелерінде табиғатпайдаланушының өз қаражаттары есебінен балық қорларын қорғауды жүзеге асыру.
Тармақ 2
2. Бұқтырма су қоймасы бойынша тендерге 5 (бес) балық аулау учаскесі қойылады:
N 1-участок: Зайсан көлі
N 2-участок: Ескі Қарақас - Казнаковский өткелі
N 3-участок: Казнаковский өткелі - Свинчатка
N№4-участок: Свинчатка - Қарақол
N№5-участок: Қарақол - Бұқтырма ГЭС-і
- Шульба су қоймасы бойынша балық аулау учаскесі мен лимит рейтинг коэффициентіне қарай табиғатты пайдаланушылардың берген тапсырыстарына сәйкес бекітілсін және бөлінсін.
📌 Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы
әкімиятының 2002 жылғы 12 қыркүйектегі N 250 қаулысымен .
Тармақ 3
3. Тең рейтингтік коэффициент жағдайында учаске бекітудегі және лимит бөлудегі артықшылық кәсіпкер балықшылар мен су айдыны жағалауларындағы жергілікті тұрғындарға беріледі.
Тармақ iv
IV. Тендерге қатысу үшін құжаттар тізбесі
📌 Ескерту. IV-бөлім жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы
әкімиятының 2002 жылғы 12 қыркүйектегі N 250 қаулысымен .
Табиғатты пайдаланушылардың белгіленген формада (қосымша берілген) берген тапсырыстары пайдаланушылар арасында балық өндіретін учаскелерді бекіту, балық аулауға лимит (квот) бөлу бойынша тендерге қатысуларына негіз болып табылады.
Тармақ v
V. Тендерлік комиссияның шешімі
Тармақ 1
1. Тендер комиссиясының шешімі комиссияның мүшелерінің үштен екісінен кем емесі қатысқан жағдайда жай ғана көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең түскен жағдайда тендер комиссиясының төрағасына шешуші дауыс құқығы беріледі. Қабылданған шешім хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облысы Әкімиятының қаулысы негізінде тендер комиссиясының ұсынымдық шешіміне сәйкес арнайы уәкілетті орган (Шығыс Қазақстан облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқарма) табиғатпайдаланушымен су айдындарының жануарлар дүниесін пайдалану және су айдынын (учаскені) бекіту туралы келісім-шарт жасасады.
Жасасылған келісім-шарттарға сәйкес, балық аулауға тапсырыс берілген лимит үшін Салық Кодексіне сәйкес алдын ала ақы төленген, табиғатқорғаулық балықөсірушілік-мелиоративтік іс-шаралар жоспары болған жағдайда Шығыс Қазақстан облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқарма табиғатпайдаланушыға балық аулау үшін ақы төленген бөлігіне лимитін, балық ұстау мерзімдерін көрсетіп кәсіпшілік балық аулауға рұқсат береді.
Кейін төлемдердің енгізілуіне қарай қалған лимитті (квотаны) игеруге рұқсат беріледі.
Тармақ 3
3. Табиғатпайдаланушы оған балық аулауға бөлінген лимиттің жартысын үш тоқсан (I, II, III) бойында игермеген жағдайда арнаулы уәкілетті органның игерілмеген лимитті және тиісті балықкәсіпшілік учаскені табиғат пайдалануға бұрынырақ жасасқан келісім-шартты бұза отырып, басқа табиғатпайдаланушыларға қайта бөлуге құқы бар.
Шығыс Қазақстан облыстық
орман және биоресурстар жөніндегі
аумақтық басқарма бастығы
Басқа 36. РЕЙТИНГТІК КОЭФФИЦИЕНТ ЕСЕБІ
Тендер өткізу
Ережелеріне N 1 қосымша
РЕЙТИНГТІК КОЭФФИЦИЕНТ ЕСЕБІ
Табиғатпайдаланушы ______________________________________
Басқа 37. 2 002 жылы Бұқтырма және Шульба су қоймаларында
ғылыми-зерттеулік балық аулауға, балық өсіру жұмыстарына,
спорттық-әуесқойлық балық ұстауға арналған учаскелер
Тендер өткізу ережелеріне
N 2 қосымша
2 002 жылы Бұқтырма және Шульба су қоймаларында
ғылыми-зерттеулік балық аулауға, балық өсіру жұмыстарына,
спорттық-әуесқойлық балық ұстауға арналған учаскелер
ТІЗБЕСІ
Бұқтырма су қоймасы
Ғылыми-зерттеулік аулау:
Тармақ 1
1. Бархот мүйісінен, жаға бойымен 5 км төмен, ішке қарай 8 км.
Тармақ 2
2. Қарақас прк.-ден 10 км шегініп, жаға бойымен 4 км төмен, ішке қарай 2 км.
Тармақ 3
3. Күршім өзенінің сағасынан шегініп 10 км тура, жаға бойымен 6 км жоғары, ішке қарай 4,5 км.
Тармақ 4
4. Обухов кордоны мүйісінен, жаға бойымен 5 км төмен, ішке қарай 2 км.
Балық өсіру жұмыстары:
Тармақ 1
1. Күршім өзенінің сағасынан шегініп 4 км тура, жаға бойымен 6 км жоғары, ішке қарай 2 км.
Спорттық-әуесқойлық балық аулау:
Тармақ 1
1. Ұлтарақ мүйісінен, жаға бойымен 1 км жоғары, ішке қарай 2 км.
Тармақ 2
2. Тұғыл кентінен, жаға бойымен 1 км жоғары, ішке қарай 2 км.
Тармақ 3
3. Тыйым салынған аймақ сызығынан, жаға бойымен 1 км төмен (Тұғыл кентіне қарай), ішке қарай 2 км.
Тармақ 4
4. Аманат кентінен, жаға бойымен 1 км жоғары, ішке қарай 2 км.
Тармақ 5
5. Қарақас прк.-ден, жаға бойымен 1 км төмен, ішке қарай 2 км.
Тармақ 6
6. Казнаковка өткелінен, жаға бойымен 1 км жоғары, ішке қарай қарсы жағалауға дейін (4 км).
Тармақ 7
7. Қайыңды өзенінің сағасынан 500 км шегініп, жаға бойымен 1 км төмен, ішке қарай 1,5 км.
Тармақ 8
8. Васильевка өткелінен, жаға бойымен 1 км жоғары, ішке қарай қарсы жағалауға дейін (2,5 км).
Тармақ 9
9. Октябрь өткелінен, жаға бойымен 1 км төмен, ішке қарай қарсы жағалауға дейін (2,5 км).
Шульба су қоймасы
Спорттық-әуесқойлық балық аулау:
Тармақ 1
1. Тірек аймағынан 500 м. шегініп, сол жаға бойымен 1 км. төмен, ішке қарай 1 км.
Тармақ 2
2. Ковалевка өзенінің сағасынан 500 м. шегініп, жаға бойымен 1 км төмен, ішке қарай 500 м.
Тармақ 3
3. Ковалевка өзенінің эстуарийінен 6 км шегініп, жаға бойымен 1 км төмен, ішке қарай 1 км.
Тармақ 4
4. Қызылсу өзенінің сағасынан 500 м шегініп, жаға бойымен 1 км төмен, ішке қарай 1 км.
Шығыс Қазақстан облыстық орман
және биоресурстар жөніндегі аумақтық
басқарма бастығы