Об утверждении номенклатуры видов товаров (работ, услуг), государственные закупки которых осуществляются у субъектов малого предпринимательства на 2002 год Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.05.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) түрлерінің 2002 жылға арналған номенклатурасын бекіту туралы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Z970163_ Заңының 25-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын және мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын барлық мемлекеттік орган мен мекеме үшін міндетті болып табылатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) түрлерінің 2002 жылға арналған номенклатурасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар мен мекемелер осы қаулыға қосымшада санамаланған тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік сатып алуды заңнамада белгіленген тәртіппен осы тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) сатып алудың жалпы көлемінің 10 пайызына дейінгі көлемде ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсімовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға тиіс.
Басқа 5
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 мамырдағы N 512 қаулысымен бекітілген Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) номенклатурасы
Тармақ 1
1. Азық-түлік тауарлары:
Тармақша 1
1) ұн;
Тармақша 2
2) нан, нан-тоқаш бұйымдары;
Тармақша 3
3) макарон бұйымдары;
Тармақша 4
4) жармалар;
Тармақша 5
5) сүт, кілегей;
Тармақша 6
6) сары майлар мен өсімдік майлары;
Тармақша 7
7) ашыған сүт өнімдері;
Тармақша 8
8) ет (жас ет, бұқтырылған), ет өнімдері;
Тармақша 9
9) шұжық бұйымдары;
Тармақша 10
10) балықтан жасалған өнімдер (жаңа ұсталған, ұсталған күйінде мұздатылған, қақталған);
Тармақша 11
11) алкогольсіз сусындар, шырындар;
Тармақша 12
12) кондитерлік бұйымдар;
Тармақша 13
13) жұмыртқа;
Тармақша 14
14) табиғи бал;
Тармақша 15
15) балалар тағамдары;
Тармақша 16
16) көкөністер, жемістер (бұқтырылған), картоп;
Тармақша 17
17) қант (құмшекер, шақпақ қант, кесек қант);
Тармақша 18
18) тұз;
Тармақша 19
19) тауықтар (тауықтың сан еті);
Тармақша 20
20) кептірілген жемістер;
Тармақша 21
21) ашытқылар;
Тармақша 22
22) қызанақ сықпасы;
Тармақша 23
23) тұздықтар;
Тармақша 24
24) ауыл шаруашылығының шикізаты;
Тармақша 25
25) теңіз өнімдері, балықтан және теңіз азық-түліктерінен жасалған бұқтырмалар;
Тармақша 26
26) ірімшік (қатты, жұмсақ, тұздалған);
Тармақша 27
27) татымды заттар және дәмдеуіштер;
Тармақша 28
28) сорпалық құрама қоректер;
Тармақша 29
29) қозықұйрық;
Тармақша 30
30) бақша жемістері мен жабайы жемістер.
Тармақ 2
2. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар:
Тармақша 1
1) теріден (табиғи, жасанды) тігілген киімдер және оның керек-жарақтары, теріден тігілген бас киімдер;
Тармақша 2
2) тоқыма өнеркәсібінің өнімдері;
Тармақша 3
3) тігін бұйымдары;
Тармақша 4
4) аяқ киім;
Тармақша 5
5) аяқ киім майы;
Тармақша 6
6) тұрмыстық, мектептік және кеңселік жиһаз;
Тармақша 7
7) құрылыс материалдары: тұсқағаздық қағаз (тұсқағаздар) және басқа да қабырғалық жабындылар; едендерге төсеуге, пештерді қаптауға арналған тақталар; кірпіш; кесілген ағаш материалдары; ағаштан жасалған бұйымдар; шыны пакеттер; пенопластикалық тақталар; асфальттан және соған ұқсас материалдардан жасалған бұйымдар; пластмассадан жасалған құрылыс бұйымдары (есіктер, табалдырықтар, терезелер, кәсектер, терезе қақпақтары); табиғи тастан жасалған әрлеу материалдары мен бұйымдары, толтырғыштар, табиғи тастан жасалған жолға төсеу материалдары (ұсақ тастар, қиыршық тастар); полиэтилен құбырлары; жылу сақтайтын материалдар; лак бояу бұйымдары; еденді жабуға арналған линолеум және басқа да полимер материалдар; шегелер;
Тармақша 8
8) алюминийден, резинадан жасалған бұйымдар;
Тармақша 9
9) кабель өнімдері;
Тармақша 10
10) жууға арналған заттар;
Тармақша 11
11) ағаштан, керамикадан (фарфор, фаянс) жасалған бұйымдар;
Тармақша 12
12) музыкалық аспаптар;
Тармақша 13
13) дәрілік заттар, медициналық бұйымдар және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы заттар;
Тармақша 14
14) жабдықтар: стандартқа сай емес жабдықтар; су тұщыту жабдықтары;
Тармақша 15
15) кеңсе тауарлары;
Тармақша 16
16) дәрі-дәрмектер өндіруге арналған минералдық шикізат;
Тармақша 17
17) тігін шикізаты;
Тармақша 18
18) отын (көмір, мазут, ағаш);
Тармақша 19
19) жер бетіндегі органикалық заттар;
Тармақша 20
20) көшіру-көбейту және ұйымдастыру ісі техникасы, жинақтауыш;
Тармақша 21
21) ұйымдастыру ісі техникасына босалқы бөлшектер (бағдарламалық қамтамасыз ету);
Тармақша 22
22) қой терісінен жасалған бұйымдар;
Тармақша 23
23) қаракөл, қаракөлден жасалған бұйымдар;
Тармақша 24
24) киізден жасалған бұйымдар;
Тармақша 25
25) әйнектен жасалған тұрмыстық бұйымдар;
Тармақша 26
26) пластмассадан жасалған тұрмыстық бұйымдар;
Тармақша 27
27) цемент;
Тармақша 28
28) санитарлық фаянс;
Тармақша 29
29) қолөнершілер бұйымдары;
Тармақша 30
30) көмекші медициналық жабдықтар;
Тармақша 31
31) машина жасау және басқа өнеркәсіп кәсіпорындарына арналған жинақтауыш бұйымдар мен материалдар;
Тармақша 32
32) бау-бақша, бақшалық аспаптар;
Тармақша 33
33) теріден жасалған бұйымдар.
Тармақ 3
3. Қызметтер көрсету:
Тармақша 1
1) полиграфиялық;
Тармақша 2
2) көліктік-экспедициялық;
Тармақша 3
3) медициналық;
Тармақша 4
4) күрделі тұрмыстық техниканы жөндеу;
Тармақша 5
5) ғұрыптық;
Тармақша 6
6) заңдық және нотариалдық;
Тармақша 7
7) қоғамдық тамақтандыру қызметтері;
Тармақша 8
8) делдалдық, оның ішінде жанар-жағармай материалдарын сақтау мен сату жөніндегі;
Тармақша 9
9) тұрғын үй-коммуналдық;
Тармақша 10
10) тұрмыстық (монша-кір жуу, химиялық тазалау);
Тармақша 11
11) ұйымдастыру ісі техникасын, бақылау-касса машиналарын, дыбыстық және бейнелік техникаларды жеткізіп беру және қызмет көрсету жөніндегі қызметтер;
Тармақша 12
12) көшіру-көбейту және ұйымдастыру ісі техникаларына қызмет көрсету;
Тармақша 13
13) шаштараз;
Тармақша 14
14) киімдер мен арнаулы киімдер тігу және жөндеу;
Тармақша 15
15) суретке түсіру қызметтері;
Тармақша 16
16) туризм;
Тармақша 17
17) жалға беру қызметтері;
Тармақша 18
18) аяқ киім жөндеу;
Тармақша 19
19) былғары, пластмасса және металл галантереяларын жөндеу;
Тармақша 20
20) балалар және мектеп мекемелеріне тамақ өнімдерін жеткізіп беру;
Тармақша 21
21) жарнамалық-ақпараттық, баспалық қызметтер көрсету;
Тармақша 22
22) аударма ісі қызметін көрсету;
Тармақша 23
23) мөртабан-мөр және жібек жазба;
Тармақша 24
24) эстетикалық қызметтер көрсету (визаж, косметологтардың қызметтер көрсетуі мен кеңестер беруі);
Тармақша 25
25) оқу-білім беру қызметтері.
Тармақ 4
4. Жұмыстар:
Тармақша 1
1) жөндеу-құрылыс жұмыстары;
Тармақша 2
2) автомобиль техникасын жөндеу.