О проведении призыва граждан на срочную военную службу на территории области в апреле-июне и октябре-декабре 2002 года Қолданыста
Басқа 0
Облыс аумағындағы азаматтарды 2002 жылдың сәуір-маусымы және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 8 сәуірдегі (Әскери қызметінің белгіліенген мерзімің өткерген әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару туралы» № 844 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында облыстық Мәслихат пен облыс әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2002 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында шақыру күніне дейін жасы 18-ге толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыру құқығы жоқ ер азаматтарын, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айрылған азаматтарын Қазақстан Республикасының қарулы Күштеріне, басқа әскерлері мен әскери құрылымдарына мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Шақыру комиссияларының жұмысына басшылық ету үшін облыстық шақыру комиссиясы құрылып және № 1 қосымшаға сәйкес оның құрамы бекітілсін;
Тармақ 3
3. Аудандар және Атырау қаласының әкімдері:
Тармақша 1
1) әскери комиссариаттар арқылы мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) қала және аудандар әкімдері орынбасарларының төрағалығымен қалалық және аудандық шақыру комиссияларын құрсын;
Тармақша 3
3) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде әскери комиссариаттарға дәрігірлік тексеру жүргізу үшін жабдықталған ғимараттар, қажетті мөлшерде қызмет көрсететін персонал мен техникалық қызметшілер, сондай-ақ шақырулушыларға жинақтау пункттеріне әкелу үшін автокөліктер бөлсін;
Тармақша 4
4) азаматтардың шақыру комиссияларында дәрігерлік тексеруден өтіу үшін әскери комиссариаттарға келуін және оларды әрі қарай әскери бөлімдерге баруы үшін жөнелтуді қамтамасыз етудің қажетті шараларын алсын;
Тармақша 5
5) шақыру комиссиялары мүшелеренің, шақыру (жинау) пунктеріне жұмысқа бөлінентін техникалық қызметкерлердің және қызмет көрсететін персоналдардың азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде жұмыс орындары бойынша орташа еңбек ақысы сақталсын;
Тармақша 6
6) запасқа шығарылған әскери қызметкерлердің жұмысқа орналасуына жәрдемдессін.
Тармақ 4
4. Шақыру кезеңіндегі облыстық әскери-дәрігерлік комиссиясының құрамы бекітілсін (қосымша № 2).
Тармақ 5
5. Облыстық денсаулық сақтау департаменті (Қ. Нұрғазиев);
Тармақша 1
1) облыстық қалалық, аудандық медициналық комиссияларды шақыру кезінде білікті тәжірибелі дәрігер мамандармен орта медициналық қызметкерлерімен жиынтықтап, сәйкес шақыру пунктерінің кабинеттерін медициналық жабдықтармен және аспатармен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) шақыру комиссияларымен жіберілген азаматтарды дәрігірлік тексеруден өткезу үшін емдеу-алдын алу мекемелерінде орындар бөлінсін (қосымша № 3);
Тармақша 3
3) денсаулық жағдайына байланысты шақырудан кейінге қалдырылған науқас жасөспірімдермен емдеу-сауықтыру жұмыстарын жүргізуді, сонымен қатар сырқат шақырылғандарды есепке алу және олармен сауықтыру шараларын жүргізу үшін жеткіншектер бөлімдерінің жұмыстарын ұйымдастырсын;
Тармақ 6
6. Облыстық ішкі істер басқармасы (Х.Хайдар):
Тармақша 1
1) азаматтарды әскерге шақыру кезінде әскери комиссариаттармен бірлесіп іс-әрікет етуді ұйымдастырсын, шақыру пункттерінде тәртіпті қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) әскери барудан қашып жүрген азаматтардың тұратын жерін анықтау және іздестіру жөнінде жедел топ құрсын;
Тармақша 3
3) әскери комиссариаттармен келісіп темір жол станцияларына, әскерге шақырушылар жиналып және жөнелтілетін орындарға күшейтілген нарядтарды бөлуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Атырау тасымалдау бөлімшесіне (Ж.Ізғұлов) облыстық әскери комиссариаттармен бірлесіп әскерге шақырушыларды тұрғылықты жерінен аудандық (қалалық) шақыру пунктеріне және облыстық жинақтау пунктіне дейін және кері қарай, тұрғылықты жерінен қосымша тексеру үшін, қызмет ететін жерінен қызмет орнына, әскери комиссариаттар жолдамасы бойынша тұрғылықты жерінен қосымша тексеру үшін дәрігерлік мекемелерге дейін және кері бағытында тасымалдауды жоспарлап, жүзеге асыру ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Жергілікті атқарушы органдар, кәсіпорындар,мекемелер, ұйымдар мен оқу орындары басшылары меншіктің нысанына және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет орны мен орташа айлық жалақысын сақтаумен тапсырыс бойынша облыстық әскери комиссариаттың қарамағына әскери міндеттілер арасынан техникалық қызметкерлерді (ер адам) бөлсін.
Тармақ 9
9. Облыстық мәдениет басқармасы (Б.Иманғалиев) шақыру пункеттерінде көркем өнерпаздар ұжымдарының өнер көрсетуін және мерзімді әскери қызметке шақырушыларды салтанатты шығарып салуды ұйымдастырсын;
Тармақ 10
10. Облыстық қаржы басқармасы (А. Әжіғалиева) 2002 жылғы бекітілген бюджетке сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруға байланысты шыққан шығындардың қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 11
11. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Қ. Ищановқа жүктелсін.
Басқа 24
Облыстық Мәслихат пен
облыс әкімінің 2002 жылғы
«11» сәуірдегі бірлескен
шешіміне № 1 қосымша № 416
Облыстық әскер қатарына шақыру комиссиясының құрамы:
Ищанов Қайрат Қыдырбайұлы – облыс әкімінің орынбасары, төраға
Текеғалиев Нұрболат Бакуұлы – облыстық әскери комисары, төрағаның орынбасары
Нұрсейітова Тамара Сәнімқызы – облыстық әскери комиссариат бөлім бастығының көмекшісі, комиссия хатшысы.
Комиссия мүшелері:
Щербина Сергей Александрович – облыстық әскери комиссариатының бөлім бастығы
Балғожин Ерлан Өміртайұлы – облыстық әскери комиссариат бөлім бастығының аға көмекшісі
Нүреденов Кеңес Сәлімұлы – ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары
Өтепқалиев Меңдіхан Мұрзаұлы – денсаулық сақтау департаменті бастығының орынбасары.
Облыстық әскер қатарына шақыру комиссиясының резервтік құрамы:
Мұрсалиева Тасқира Қабиқызы – облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы
Ахметов Қайыржан Исләмұлы – облыстық әскери комиссарының орынбасары, төраға орынбасары
Қаленов Мұхит Құбанұлы – облыстық әскери комисариат бөлім бастығының көмекшісі, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Ниеталиев Руслан Шәріпұлы – облыстық әскери комиссариатының бөлім бастығының орынбасары
Акқұлова Светлана Әнуарбекқызы – терапевт
Ғұмаров Макар Дүйсенғалиұлы – ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары
Қабдырахманова Алмагүл Қазестайқызы – облыстық денсаулық сақтау департаментінің емдеу – аурудың алдын алу бөлімінің бастығы.
Басқа 25
Облыстық Мәслихат пен
облыс әкімінің 2002 жылғы
«11» сәуірдегі бірлескен
шешіміне № 2 қосымша № 416
Облыстық әскери-дәрігерлік комиссия құрамы
Болғожин Ерлан Өміртайұлы – облыстық әскери комиссариатының дәрігері, төраға;
Акқұлова Светлана Әнуарбекқызы – терапевт, төрағаның орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Тармақ 1
1. Әбділдиева Шара Жағалбайқызы – тіс дәрігері;
Тармақ 2
2. Әндіров Еркін Насырұлы – фтизиатр;
Тармақ 3
3. Бұлтақова Балғаным Идиатқызы – терапевт;
Тармақ 4
4. Қараблин Серік Тауышұлы – тері аурулары дәрігер;
Тармақ 5
5. Қойшығұлова Бибігүл Ыбырайқызы – психиатр;
Тармақ 6
6. Рақымов Қанат Ташуұлы – рентгенолог;
Тармақ 7
7. Сағыналиев Ибраһим Атынашұлы – мұрын, құлақ, тамақ аурулары дәрігері;
Тармақ 8
8. Тасқалиев Шалқар Бақтығалиұлы – хирург;
Тармақ 9
9. Темірханова Гүлмира Маратқызы – көз дәрігері;
Тармақ 10
10. Төленова Зәуреш Сиражқызы – жүйке-тамыр ауруларының дәрігері;
Емшібике – 4 адам
Басқа 36
Облыстық Мәслихат пен
облыс әкімінің 2002 жылғы
«11» сәуірдегі бірлескен
шешіміне № 3 қосымша № 416
Әскер қатарына шақырушылардың стационарлық және амбулаториялық тексеруден өтетін емдеу-профилактикалық мекемелерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Облыстық аурухана, диагностикалық-консультациялық орталығы (Атырау қ.,Авангард)
Тармақ 2
2. Облыстық психиатриялық аурухана (Атырау қ.,Авангард)
Тармақ 3
3. Облыстық тері-венерологиялық диспансері (Атырау қ.,Авангард)
Тармақ 4
4. Облыстық біріккен өкпе аурулары ауруханасы ( Атырау қ., Қара өзек аймағы)
Тармақ 5
5. № 2 қалалық аурухана (Атырау қ., Қ. Смағұлов көшесі, 14 үй)
Тармақ 6
6. Облыстық тіс емдеу емханасы (Атырау қ., Азаттық даңғылы, 23 үй)
Тармақ 7
7. Облыстық анкология аурухана (Атырау қ., Авангард)