О реализации мероприятий по защите области от весеннего паводка 2002 года Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облысты 2002 жылғы көктемгі су тасқынынан қорғау жөніндегі шараларды іске асыру туралы Елді мекендерді, шаруашылық объектілерді, коммуникацияларды, пайдаланылатын жерді, автомобиль мен темір жолдарды қорғаумен байланысты проблемаларды шешу мақсатында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 27 бабын басшылыққа ала отырып облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстың су қоймаларында су тасқынынан қорғау жұмыстарына басшылық ету және олардың жұмыстарын үйлестіру үшін облыстық су тасқынға қарсы штабтың құрамы бекітілсін (№ 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Қала, аудан әкімдері, облыстық мекеме және ұйым басшылары 2002 жылы су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізу үшін ұқсас штабтар құрсын.
Тармақ 3
3. Облыс су қоймаларында су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізу шаралары бекітілсін (№ 2 қосымша).
Тармақ 4
4. Қала, аудан әкімдері, мекеме және ұйым басшылары, «Жайық-Каспий» бассейіндік су шаруашылығы бірлестігі, «Атырау су шаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы, облыстық автомобиль жолдары басқармасы:
Тармақша 1
1) өткен жылдардағы су тасқындарына талдау жүргізіп және өр суы басу аймағына түсетін елді мекендерді, бүлінуге және шайылуға ұшырайтын автомобиль мен темір жолдарды, тасқын су мен өр суының зардабына ұшыраған жергілікті участкелер, байланыс және электр тарату, бөгеттірдін, су өткізгіш құрылыстардың жағдайын, эвакуация орындары мен бағыттарын, жүзу құралдарының саны мен жағдайын анықтасын;
Тармақша 2
2) Су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізу үшін барлық күштер мен қаражатты тартсын. Зілзаланың зардаптарын жою және шұғыл апаттық-құтқару жұмыстарына қатыстырылатын кәсіпорындар мен ұйымдарды анықтасын (№ 3 қосымша);
Тармақша 3
3) тұрғындарды су тасқыны жағдайында іс-әрекеттер жасауға дайындау бойынша оқуын өткізіп, нақты жағдайда қолданылатын қызметтердің іс әрекетін жаттықтырсын;
Тармақша 4
4) жүргізілетін жұмыстар мен жедел жағдай туралы күнсайын облыстық су тасқынына қарсы штабқа хабарласын.
Тармақ 5
5. «Казгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының «Атырау гидрометеорология орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны (Кенжеғалиев Ғ.) гидрометеорологиялық бекеттердің үзіліссіз жұмыс жасауын және су тасқыны жөніндегі болжамдарды уақытылы жеткізілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. «Казахавтодор» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Атырау филиалы (Туғанбаев Б.), «Облыс жолдары» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (Сәлімбаев Е.), «Қазақстантеміржолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Атырау тасымалдау бөлімшесі (Ізғұлов Ж.) өр суының қауіпсіз өтуі үшін жасанды су өткізгіш құрылыстарды, теміржол және автожол көпір өткелдерін даярласын.
Тармақ 7
7. Облыстық ішкі істер басқармасы (Хайдар Х.), көлік бақылау басқармасы (Құрманғалиев Е.) су тасқынына байланысты жұмыстар кезеңінде осы жұмыстарға тартылған техникалардың кедергісіз өтуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. «Атырау Жарық» ашық акционерлік қоғамы (Рахманов А.) су тасқыны кезеңінде елді мекендер мен шаруашылық объектілерін электрмен жабдықталуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Облыстық телекоммуникация дирекциясы (Ыбрашев А.) облыстағы көктемгі су тасқынына ұшырайтын елді мекендерді сенімді байланыс құралдарымен қамтамасыз етсін.
Тармақ 10
10. Облыстық қаржы басқармасы (Әжіғалиева А.) су тасқынына қарсы шараларға қаражаттың жергілікті атқарушы органдар резерв қорынан бөлуді қарастырсын (№ 4 қосымша).
Тармақ 11
11. Бағдарлама әкімгері болып коммуналдық меншік құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы департаменті тағайындалсын, сметаларды сараптаудан өткізіп, белгіленген тәртіпте қаржыландыру үшін есептерді ұсынсын.
Тармақ 12
12. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.Ищановқа жүктелсін.
Басқа 17
Облыс әкімінің 2002 жылғы 20 наурыз № 131 қаулысына № 1 қосымша Су тасқына қарсы жұмыстарға басшылық жасау мен үйлестіру жөніндегі облыстық штабтың құрамы:
Тармақ 1
1. Ищанов Қайрат Қыдырбайұлы - облыс әкімінің орынбасары, штаб бастығы;
Тармақ 2
2. Жұмағалиев Ғибадолла Ғалиәскерұлы - Атырау облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бастығы, штаб бастығының орынбасары;
Тармақ 3
3. Бисенов Асқар Зәнешұлы - Жылыой ауданының әкімі;
Тармақ 4
4. Бекмұханбетов Айбол Әнуарұлы - «Атырау халықаралық аэропорты» ашық акционерлік қоғамының бас директоры;
Тармақ 5
5. Елеубаев Ұзаққали Биалайұлы - Махамбет ауданының әкімі;
Тармақ 6
6. Кенжеғалиев Ғизат - «Қазгидромет» «Атырау гидрометерология орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының бастығы;
Тармақ 7
7. Қонас Нәсіпқали Жоланұлы - «Атыраусушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының дирекоры;
Тармақ 8
8. Кенжеғалиев Орынтай - Индер ауданының әкімі;
Тармақ 9
9. Қуанов Бисен Отарұлы - «Жайық-Каспий» бассейндік су шаруашылығы бірлестігінің бастығы;
Тармақ 10
10. Наутиев Әлібек Ибатоллаұлы - Қызылқоға ауданының әкімі;
Тармақ 11
11. Сисатов Рысқали Ғабдығапарұлы - Құрманғазы ауданының әкімі;
Тармақ 12
12. Оспанов Валерий Мұқашұлы - коммуналдық меншік, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы департаментінің директоры;
Тармақ 13
13. Тұрғанбаев Бақыт Сисембайұлы - «Қазақавтодор» республикалық мемлекеттік кәсіпорын Атырау филиалының дирекоры;
Тармақ 14
14. Тұрғанов Дүйсенбай Нұрбайұлы - Атырау қаласының әкімі;
Тармақ 15
15. Ізғұлов Жарас Төкенұлы - «Қазақстантеміржолы» республикалық мемлекеттік кәсіорны Атырау тасымалдау бөлімшесінің бастығы.
Басқа 33
Облыс әкімінің 2002 жылғы 20 наурыз № 131 қаулысына № 2 қосымша 2002 жылғы су тасқынына қарсы шаралар № Атауы Орындалу мерзімі Орындаушылар 1 2 3 4 1 Су тасқынына қарсы қалалық және аудандық штабтар құрып, шаралар жоспарын құру. 1 сәуірге дейін Қала мен аудан әкімдері 2 Өткен жылдардағы су тасқындарына талдау нәтижесінде кешендік инженерлік-техникалық шаралардың тиімді орындалуын қарастыру: 1) Тұрғындар мен шаруашылық субъектілердің көктемгі өр суы тасқынынан қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 2) Су жиналатын ойпат жерлерді анықтау, мол жиналған суларды ағызып жіберу үшін техникаларды шоғырландыру. 3) Инертті материалдар қоры құру, қадағалау пункттерін ұйымдастыру және қажет болған жағдайда халықты алдын-ала көшіру. 1 сәуірге дейін Барлық деңгейдегі әкімдер, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы 3 Облыс бойынша су тасқыны жағдайы туралы ақпаратты күн сайын беріп отыру. Су тасқыны кезінде «Казгидромет» «Атырау гидрометеорология орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны, «Жайық-Каспий» бассейндік су шаруашылығы басқармасы. 4 Су тасқыны жағдайын бақылау мақсатында Жайық, Қиғаш, Шароновка, Жем, Ойыл, Сағыз өзендерін тікұшақпен айналып ұшып өту. Жағдайға қарай Облыстық штаб 5 Барлық көпір өткелдерді, су өткізгіш құрылыстарды, апатты су жинақтаушылар мен айналма жолдарды қоса жиналып қалған қоқыстардан тазарту 1 сәуірге дейін «Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Атырау филиалы, «Облыс жолдары» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны 6 Шароновка өзені бойындағы Ганюшкино гидробекетінің, Жем өзені Бойындағы Акмешіт гидробекетінің жұмыстарын жалғастыру 1 сәуірге дейін «Казгидромет» «Атырау гидрометеорология орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны. 7 Елді мекендердегі су тасқынынан қорғаныс бөгеттерін бекіту жөніндегі қажетті жұмыстарды жүргізу; 10 сәуірге дейін Барлық деңгейдегі әкімдер 8 Жайық өзені арқылы өтетін су тасқынына қауіпі бар өткелдердің жай-күйін зерттеу, су өткізгіш құбырларын тазалау; өр суының өтуіне кедергі; келтіретін уақытша салынған өткелдерді, инженерлік торабтарды алып тастау; 1 сәуірге дейін «Казтрансойл» жабық акционерлік қоғамының Атырау мұнай құбыры басқармасы, «Орта Азия интергаз» жабық акционерлік қоғамының «Атырау» магистралдық газ құбыры басқармасы, «Қазақстантеміржолы» республикалық кәсіпорны Атырау тасымалдау бөлімшесі. 9 Қызылқоға ауданындағы Ералиев суторабын өр суын қабылдауға дайындау 1 сәуірге дейін «Атыраусушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны 10 Тасқын суды көлтабандар мен шабындық алқаптарды толтыру үшін тиімді пайдалану; Су тасқыны кезінде Аудан әкімдері, ауыл және балық шаруашылығы департаменті 11 Өзендердегі кемелерді брандвахталарды, насостық стансаларды, паром өткелдері мен басқа да жүзбелі жабдықтарды көктемгі су тасқыны кезінде пайдалануға әзірлеу Су тасқыны кезінде «Атырауөзенпорты» акционерлік қоғамы, көлік бақылау басқармасы, кемелер, насосты стансалар, паромдар және брандвахталар иелері. 12 Елді мекендерді су басу каупінен құтқару мақсатында тасқын суды табиғи арналар мен каналдар арқылы кедергісіз өткізу мүмкіндігін қарастыру Су тасқыны кезінде Облыстық штаб, қалалық аудандық әкімдер «Атыраусушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны 13 Облыстың негізгі су қоймаларындағы су сапасын тұрақты бақылауды жүзеге асыру Тұрақты Облыстық санэпидстансасы облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы 14 Су тасқынына ұшырайтын елді мекендерде фельдшерлік, акушерлік пункттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету 1 сәуірге дейін Облыстық денсаулық сақтау департаменті 15 Қауіпті жұқпалы ауруларды болдырмау мақсатында және мәйіттер ай мағын жер асты сулар және су тасудан қорғау және қорғаныс гимараттарды салу; 15 сәуірге дейін Барлық деңгейдегі әкімдер, облыстық денсаулық сақтау департаменті облсанэпидстансасы, обаға қарсы стансасы.
Басқа 34
Облыс әкімінің 2002 жылғы 20 наурыз № 131 қаулысына № 3 қосымша Су тасқыны кезіндегі елді мекендерді кәсіпорындар мен ұйымдарға бекітіп беру тізбесі. Су тасқынынан қорғап, көмек көрсету үшін аудан елді мекендері мына кәсіпорындар мен ұйымдарға бекітілсін Облыстық су тасқынына қарсы штаб «Казтрансойл» жабық акционерлік қоғамының Атырау мұнай құбыры басқармасы - Память Ильича с. «УС-99» ашық акционерлік қоғамы - Алмалы с. Магистральді газ құбыры басқармасы. «Орта Азия интергаз» жабық акционерлік қоғамының «Атырау» магистральді газ құбыры басқармасы. - Редут с. «АМӨЗ» Ашық акционерлік қоғамы - Чкалово с. «Қазақойл-Эмба» ашық акционерлік қоғамы - Сартоғай с. - Махамбет с. «Тенгиз Нефтестрой» акционерлік қоғамы - Алға с. «Алматы инжстрой» акционерлік қоғамы - Сарайшык с. Атырау қалалық тасқынға қарсы құрылған штабының шешіміне сәйкес Атырау қаласының және оған қарасты селолық округтарындағы өте қауіпті телімдерді бекіту. Су тасқыны кезінде Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары
Басқа 35
Облыс әкімінің 2002 жылғы 20 наурыз № 131 қаулысына № 4 қосымша 2002 жылы су тасқынына қарсы шараларды өткізуге қажетті қаражат. № Атауы Қаражат (млн.тенге) 1 2 3 4 5 6 7 8 Атырау қаласы (су тасқынына қарсы жұмыстарына) Жылыой ауданы (су тасқынына қарсы жұмыстарына) Махамбет ауданы (су тасқынына қарсы жұмыстарына) Индер ауданы (су тасқынына қарсы жұмыстарына) «Облыс жолдары» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (су тасқыны кезінде жолдармен үзіліссіз көліктердің жүруін қамтамасыз етуге). «Казгидромет» «Атырау гидрометеорология орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны (гидробекеттердің үзіліссіз жұмыс жасауы үшін). Су тасқыны болатын елді мекендерді тікұшақпен айналып ұшып өту. 25,0 6,8 5,4 1,3 10,0 1,18 2,8 Барлық қажетті қаражат көлемі 52,48