О нормативах платежей на 2002 год за выбросы (сбросы) загрязняющих веществ, размещение отходов производства и потребления в окружающую среду Күшін жойған
Басқа 0
Қоршаған ортаға ластағыш заттарды тастағаны (шығарғаны), өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін 2002 жылға арналған төлемдер мөлшері туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 13.01.2004 № 4-5 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-11 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" 1997 жылғы 15 шілдедегі №160-1 Заңына (10 және 29 баптар) және Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы №209-11 (462 бап) Кодексiне сәйкес облыстық мәслихат шешiм ЕТТI:
Тармақ 1
1. Қоршаған ортаға ластағыш заттарды тастағаны (шығарғаны), өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшiн 2002 жылға арналған төлемдер мөлшерi белгiленсiн (№1 қосымша).
Тармақ 2
2. Облыстық мәслихаттың "Қоршаған ортаға ластағыш заттарды тастағаны (шығарғаны), өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшiн 2002 жылға арналған төлемдер мөлшерi туралы" 2002 жылғы 8 қаңтардағы №17-10 шешiмiнiң күшi жойылсын.
Басқа 3. Қоршаған ортаға ластағыш заттарды тастағаны (шығарғаны), өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшiн 2002 жылға арналған төлемдер мөлшерi
№1 қосымша
Қоршаған ортаға ластағыш заттарды тастағаны (шығарғаны), өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшiн 2002 жылға арналған төлемдер мөлшерi
Төлемдер түрлерi
Табиғат пайдаланушылар үшiн төлемдер мөлшерi (теңгемен)
Стационарлық көздерден ластағыш заттарды шығарғаны (тастағаны) үшiн төлем (1 шартты тонна үшiн)
А) атмосфераға ластағыш заттарды шығару
Б) ластағыш заттарды тастау:
- су объектiлерiне (к-1,0)
- жинағыштарға (к-0,5)
- сүзу жолдарына (к-0,7)
- жер рельефтерiне (к-0,9)
350
5000
2500
3500
4500
Жылжымалы көздерден атмосфераға ластағыш заттарды тастағаны үшiн төлем (жағылған отынның 1 тоннасы үшiн)
А) этилденбеген бензин үшiн
Б) этилденген бензин үшiн
В) дизелдi отын үшiн
Г) сұйық газ үшiн
Д) сығындалған табиғи газ үшiн
300
350
390
230
150
Өндiрiс пен тұтыныс қалдықтарын олардың улағыштық дәрежесiне қарай қоршаған ортаға орналастырғаны үшiн төлем (1 тонна үшiн)
1 сынып (32 балл)
2 сынып (16 балл)
3 сынып (4 балл)
4 сынып (2 балл)
5 сынып (1 балл)
3200
1600
400
200
100