О бюджетных изъятиях в 2002 году Қолданыста
Басқа 0
2002 жылдың бюджеттік
алулары туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты Қарағанды облысы әкімшілігінің аппарат Басшысының 2005.01.21 N 05-11/89 хатымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1999 жылғы 4 мамырдағы «Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттік алулардың мерзімдігін қамтамасыз етудің тәртібі туралы» №528 Қаулысына сәйкес және облыстық Мәслихаттың 2002 жылғы 28 желтоқсандағы «2002 жылдың облыстық бюджеті туралы» XV сессиясының шешімінде белгіленген аудандар мен қалалардың бюджеттерінен бюджеттік алуларды жүзеге асыру мақсатында:
Тармақ 1
1. №1 қосымша сәйкес 2002 жылдың облыстық бюджетіне қалалар мен аудандардың бюджеттерінен бюджеттік алулардың Ережелері бекітілсін;
Тармақ 2
2. Облыстық қаржы басқармасы (С.Нөгербеков) 2002 жылға облыстық бюджетке аудандардың, қалалардың бюджеттерінен берілетін бюджеттік алулардың пайыздарын жасасын және аудандар мен қалалардың әкімдеріне, облыстық Қазынашылық басқармасына жеткізсін;
Тармақ 3
3. Аудандар мен қалалардың әкімдері және аймақтық Қазынашылық органдары аудандық, қалалық қаржы бөлімдерінің қаржылық рұқсаттары мен төлем тапсырыстары негізінде бюджеттік алуларды бекітілген Ережеге сәйкес облыстық бюджетке аударуды қамтамасыз етсін;
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Б.Өтешовке жүктелсін.
Басқа 1. 2002 жылдың облыстық бюджетіне
аудандар мен қалалардың бюджеттерінен
бюджеттік алулардың Ережесі
Облыс әкімінің 2002 жылғы
24.04.02 №71
шешімімен бекітілді
№ 1 қосымша
2002 жылдың облыстық бюджетіне
аудандар мен қалалардың бюджеттерінен
бюджеттік алулардың Ережесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 4 мамырдағы «Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттік алулардың мерзімдігін қамтамасыз етудің тәртібі туралы» № 528 Қаулысына сәйкес және облыстық Мәслихаттың 2001 жылғы 28 желтоқсандағы «2002 жылдың облыстық бюджеті туралы» XV сессиясының шешімімен облыстық бюджетке аудандар мен қалалардың бюджеттерінен берілетін бюджеттік алулардың төмендегідей Ережесі қолданылсын:
Тармақ 1
1. Облыстық қаржы басқармасы:
Облыстық бюджетке аудандардың, қалалардың бюджеттерінен берілетін бюджеттік алулардың пайыздарын аудандар мен қалалардың әкімдеріне, облыстық Қазынашылық басқармасына жеткізеді;
ай сайын, айдың басынан бастап үш күн мерзім ішінде Қазынашылық басқармасының мәліметі негізінде өткен айдағы артық және кем төленген бюджеттік алулардың сомасын анықтайды және оларды белгіленген нышан бойынша тиісті анықтамалар ретінде Қазынашылық басқармасына тапсырады;
есепте кезеңнің аяқталуына дейінгі бес күн мерзім ішінде Қазынашылық басқармасына ағамдағы қаржы жылындағы облыстық бюджетке бюджеттік алулар мен облыстық бюджеттен субвенциялар бойынша түпкілікті есеп айырысу мәліметтерін анықтайды және тапсырады;
аудандар мен қалалардың бюджеттерінің субвенцияларына шектеулі бюджеттік ақшаларды бөлгенде қажетті жағдайда ағымдағы айдың 1 жұлдызындағы жағдайы бойынша 2002 жылы облыстық бюджетте қарастырылған бюджеттік алулардың жалпы көлеміне салыстырмалы сомасынан облыстық бюджетке түсімдерін пайызын ескереді;
жергілікті бюджеттердің шоттарында бірінші кезектегі төлемдерді жасау үшін қаражаттар жетіспеген жағдайда аудандар мен қалалардың әкімдерінің өтініштері бойынша белгіленген тәртіпке сәйкес бұларды әрі қарай жете төленбеген және өндірілетін сомаларға жатқызып аудандар мен қалалардың бюджеттерінен күнделікті бюджеттік алуларды тоқтатады.
Тармақ 2
2. Аудандық және қалалық қаржы бөлімдері:
Аудандық және қалалық Қазынашылық бөлімдеріне облыстық қаржы басқармасымен келісім, аудандар (қалалардың) бюджеттерінің кірістерінің бюджеттік алулар мен болжамды сомаларының жеткізілген пайызын ескеріп, қарастыратын бюджеттік алулар сомасынан әр айға бөлуді жергілікті бюджеттердің қаржыландыру жоспарына өзгерістер тапсырады;
облыстық Мәслихаттың 2001 жылғы 28 желтоқсандағы «2002 жылдың облыстық бюджетті туралы» XV сессиясының шешімі бекіткен бюджеттік алулардың көлемі шегінде аудандық (қалалық) Қазынашылық бөлімдеріне аудандар мен қалалардың қаржы бөлімдерінің меңгерушілері қол қойған және облыстық бюджетке аудандар (қалалардың) бюджеттерінен бюджеттік алуларды төлем тапсырмаларымен аударуға қаржылық рұқсаттар арқылы аударулар жасайды. Алым сомасы аудандар мен қалалардың бюджеттерінің кірістерінен өткен күндердің қорытындылары бойынша қаржы басқармасы бекіткен алулардың пайызын ескеріп анықталады («салықтық түсімдер», «салықтық емес түсімдер», 107102 коды бойынша «жергілікті бюджеттерге қарыздардың түсімдері» кірістері шығарылған «капиталмен операциялардан кірістер», 107103 «әлеуметтік салық бойынша жергілікті бюджетке қарыздардың түсуі», 201209 «жергілікті атқырушы органдардан қарызға алынған қаражаттар есебінен бұл мақсатқа аймақты инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен кредиттер бойынша сыйақылардың түсімдері»). Бюджеттік алулар облыстық бюджетке бірінші кезектегі тәртіппен аударылады:
өткен айларда бюджеттік алулар артық төленсе, артық төленген сомаға бюджеттік алулар аударуды жасамайды;
бюджеттік алулар жете төленбесе жоғарыда қолданылған тәртіппен есептелген бюджеттік алулардан тыс сомада жете төленбеген мөлшерді орнына толтыруға дейін, бірақ ағамдағы күннің басында аудандар мен қалалардың бюджеттерінің шоттарында жатқан қалдықтан 60% аспайтын аударулар жасайды;
аудандар мен қалалардың бюджеттерінің орындалуы туралы есептерді қалыптастырғанда олардың шоттарынан аударылған бюджеттік алулардың сомасы қаржылық рұқсаттар мен төлем тапсырмалары негізінде бюджеттік топтастыруларда келісілгендей бюджеттердің шығыс бөліктеріне сәйкестендіріліп көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Аудандардың және қалалардың Қазынашылық бөлімдері (облыстық бюджетке бюджеттік алуларды аударатын аудандар мен қалалар бойынша):
Аудандар (қалалардың) бюджеттерінен аудандық, қалалық қаржы бөлімдерінің бюджеттік алуларды аударуға арналған қаржылық рұқсаттары мен төлем тапсырыстары негізінде облыстық бюджетке бюджеттік алулардың аударылуын қамтамасыз етеді.