Об организации отдыха, оздоровления, занятости детей и подростков в летний период 2002 года Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2002 жылдың жазғы маусымында балалар мен жас өспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2003.05.20 N 24 шешімімен. Кәмелетке толмағандардың демалысың, сауықтырылуын, жұмыспен қамтылуын, бақылаусыз қалуын, құқық бұзушылықтың алдың алуды ұйымдастыру, балалар мен жас өспірімдердің денсаулығын нығату, қауіпсіздігі үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында және Денсаулық жылына байланысты:
Тармақ 1
1. Балалар мен жас өспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мен өткізуді бақылау жөніндегі облыстық комиссияның құрамы бекітілсін (N1 қосымша).
Тармақ 2
2. Қалалар және аудандар әкімдері, басқармалар, кәсіпорындар басшылары 2002 жылдың жазғы маусымына кәсіподақ және қоғамдық бірлестіктермен бірлесе отырып, уақытында дайындалуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қалалар және аудандар әкімдері:
Тармақша 3.1
3.1. жазғы маусымда балалар мен жас өспірімдердің демалысың, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі қалалық және аудандық комиссиялар құрсын;
Тармақша 3.2
3.2. жергілікті бюджетте көзделген қаржылар, қолданылып жұрген заңдарға сәйкес демеушілік және қайырымдылық көмектер қатыстырудан түскен қаржылар есебінен балалар мен жас өспірімдержің демалуын және сауықтырылуын ұйымдастырсын және өткізсін;
Тармақша 3.3
3.3. ата-анасының қамқорынсыз қалған және мүмкіндігі шектеулі балалардың, аз қамтылған және көп балалы отбасыларының, толық емес және жұмыссыздар отбасылары балаларының демалуы мен сауықтырылуын бірінші кезенде қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыстық қаржы басқармасы (С.Н.Нүгербеков) мемлекеттік мекемелер шығыстарының сметасы шегінде облыстық білім беру мекемелерінде тәрбиеленіп жатқан балалардың қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерінде сауықтырылуы үшін қаржыландыру жүргізсін.
Тармақ 5
5. Облыстық білім беру департаменті (Е.Н.Иманғалиев), облыстық туризм және спорт комитеті (В.Л.Громов) жазғы маусымда барлық мектептен тыс ұйымдар мен спорт ғимараттарының жұмысын қамтамасыз қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (Ә.Е. Әбілаев) заңнамаға сәйкес каникул кезінде жас өспірімдер үшін уақытша жұмыс орындарын ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. Облыстық туризм және спорт комитеті (В.Л.Громов) жазғы каникул кезінде балалар және жас өспірімдер туризмін дамыту үшін жағдай жасасын.
Тармақ 8
8. Облыстық санитарлық-эпидемиялық станция (С.Т.Сәтеков) жазғы сауықтыру ұйымдарының санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуына тексеріс ұйымдастырсын, олардың орналасқан орындарында санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын бақылаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Кәмелетке толмағандардың құқұғы қорғау жөніндегі комиссия жазғы каникул кезінде кәмелетке толмағандар арасында бақылаусыз қалудың, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу жөнінде нақты шаралар қабылдасын.
Тармақ 10
10. Балансында қала сыртындағы сауықтыру лагерьлері бар кәсіпорындар мен ұйымдар басшылары:
Тармақша 10.1
10.1. қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерін медициналық жабдықтармен, дәрі-дәрмекпен, сапалы тамақтануды қамтамасыз ететін азық-түлікпен, өрт қауіпсіздігі құралдарымен, спорттық және мәдени бұйымдармен қамтамасыз етуге;
Тармақша 10.2
10.2. кәсіподақ комитеттері және еңбек ұжымдарының келісімімен ақысыз жолмалар немесе құны жартылай өтелетін жолдамалар санын анықтауға;
Тармақша 10.3
10.3. облыстық білім беру департаменті (Е.Н.Иманғалиев), облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Қ.Қ.Ермекбаев), облыстық мәдениет департаментімен (Р.К.Омарбекова) бірлесе отырып, келісім- шарт негізінде қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерін білікті мамандармен толықтыруға назар аударсын.
Тармақ 11
11. Қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерінде балалар өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуге жағдай жасау үшін:
Тармақша 11.1
11.1. облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Қ.К.Ермекбаев) балалар мен жас өспірімдердің медицналық қаралуына,оларды сауықтырылуын ұйымдастыруды бақылаумен қамтамасыз етсін;
Тармақша 11.2
11.2. облыстық туризм және спорт комитеті (В.Л.Громов) спорттық, ойын аландарының, туристік сапарлар, экскурсиялар, серуендер бағыттарының уақытында тексерілуін жүзеге асырсын;
Тармақша 11.3
11.3. мемлекеттік өртке қарсы қызмет (В.М.Козлов) жазғы каникул басталғанға дейін балалардың демалысын, сауықтырылуын және жүмыспен қамтылуын ұйымдастырудың өртке қарсы жағдайына тексеріс жұргізсін және олардың өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз етсін;
Тармақша 11.4
11.4. облыстық судан құтқару қызмет (В.Д.Фаст) суға түсетін орындардың қауіпсіздігіне бақылау орнатсын;
Тармақша 11.5
11.5. ішкі істер Бас басқармасы (В.Н.Курбатов) балалардың сауықтыру ұйымдарында балаларды тасымалдау және қоғамдық тәртіптің қорғалуын қамтамасыз етсін, жазғы каникул кезінде жолдар мен көшелерде балалар жарақатын төмендету жөніндегі алдын алу шараларын қабылдасын.
Тармақша 11.6
11.6. облыстық телекоммуникация дирекцияся (С.Ж.Каленов) кәсіпорындар және ұйымдар басшылары қала сыртындағы лагерьлердің телефон байланысын және оның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 12
12. Қарағанды облыстық теле-радиокомпаниясы (Ә.Ә.Әбдәкімов), «Индустриальная Караганда» (С.М.Кемелбаев), «Орталық Қазақстан» (М.С.Сембай) газеттерінің редакциялары балалар мен жас өспірімдердің жазғы демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын кеңінен жарияласын.
Тармақ 13
13. Облыс әкімінің 2001 жылғы 16 сәуірдегі «2001 жылдың жазғы маусымында балалар мен жас өспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» N64 шешімінің күші жойылған деп табылсын.
Тармақ 14
14. Осы шешімнің орындалу барысы туралы ақпарат 2002 жылғы 1 қыркүйекке тапсырылсын.
Тармақ 15
15. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Е.Л.Тоғжановқа жүктелсін.
Басқа 1. Балалар мен жас өспірімдердің демалыс,сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру және өткізуді бақылау жөніндегі облыстық комиссия ҚҰРАМЫ
Облыс әкімінің 2002 жылғы 30 04 N 79 шешіміне N 1қосымша Балалар мен жас өспірімдердің демалыс,сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру және өткізуді бақылау жөніндегі облыстық комиссия ҚҰРАМЫ
Тармақ 1
1. Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы - облыстық әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Тармақ 2
2. Иманғалиев Есенғазы Нұртөлеуұлы - облыстық білім беру департаментінің директоры
Тармақ 3
3. Бекшенова Бағдат Мұхамедәліқызы - облыстық «Қарағанды» қоғамдық балалар қорының атқарушы директоры (келісім бойынша)
Тармақ 4
4. Ермекбаев Қанат Кәртайұлы-облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы
Тармақ 5
5. Кулагина Татьяна Петровна - облыс әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы
Тармақ 6
6. Сәтеков Серікбай Түгелбайұлы - облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері
Тармақ 7
7. Самойлюк Татьяна Филлиповна -облыстық білім беру және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы (келісім бойынша)