О программе развития сельского хозяйства области на 2002 год Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс ауыл шаруашылығын дамытудың 2002 жылға арналған бағдарламасы туралы Облыс ауыл шаруашылығы департаментінің бастығы Б.Б. Асайынованың 2002 жылға арналған ауылшаруашылығын дамыту" бағдарламасы туралы баяндамасын тыңдап және талқылай келе облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс ауыл шаруашылығын дамытудың 2002 жылға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қайта өңдеу кәсіпорындарға несие бөлу үшін 65 млн. теңге көлемінде көзделген бюджет қаржысы мал шаруашылықты дамытуға несие бөлу үшін жұмсалсын. Облыс ауыл шаруашылығы департаменті тиісті бюджеттік бағдарлама әзірлесін.
Тармақ 3
3. Облыс ауыл шаруашылығы департаменті (Асайынова Б.Б) облыстық мәслихаттың табиғатты пайдалану және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына 2003 жылғы 10 қаңтарға орай Бағдарламаның орындалуы туралы ақпарат ұсынатын болсын.
Тармақ 4
4. Облыс қаржы департаменті 2002 жылы Бағдарламаның дер кезінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың табиғатты пайдалану және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Рамазанов Ж.Р) жүктелсін.