О мероприятиях по обеспечению жильем репатриантов (оралманов) из Узбекистана, принимаемых в Павлодарскую область вне квоты иммиграции, и организации их проезда в места проживания на 2002 год Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар облысына көші-қон үлесінен тыс қабылданатын Өзбекстаннан келген репатрианттарды (оралмандарды) тұрғын үймен қамтамасыз ету және олардың тұратын жерлеріне жетулерін ұйымдастыру жөніндегі 2002 жылға арналған іс-шаралар туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардаєы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес, көші–қон саласындағы мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру, тұрғындардың әлеуметтік осал топтарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Павлодар облысына көші-қон үлесінен тыс қабылданатын Өзбекстаннан келген репатрианттарды (оралмандарды) (бұдан әрі - Репатрианттар) тұрғын үймен қамтамасыз ету және олардың тұратын жерлеріне жетулерін ұйымдастыру жөніндегі 2002 жылға арналған іс-шаралары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыс коммуналдық шаруашылық, көлік және коммуникациялар департаменті (Әлинов М.Ш) 2003 жылғы 10 қаңтарға орай облыстық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына Шаралардың жүзеге асырылуы туралы ақпарат ұсынатын болсын.
Тармақ 3
3. Облыс қаржы департаменті 2002 жылғы облыстық бюджетті нақтылаған кезде Шараларды жүзеге асыруға қажетті қаражаты қарастыратын болсын.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мјәслихаттыѕң әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына (Лебедь В.Д) жүктелсін.