Об организации отдыха, оздоровления и занятости детей и подростков в летний период 2002 года Күшін жойған
Басқа 0
“2002 жылдың жазғы маусымында балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтыру мен бос уақытын ұйымдастыру туралы”
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 05.01.2005 № 1 шешімімен.
Қазақстан Республикасының Президент Н.Ә.Назарбаевтың 2002 жылғы 25 қаңтарда өткен Республикалық кеңесте берген тапсырмасы бойынша, 2002 жылдың жаз маусымында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың, қылмыс пен қараусыздықтың алдын-алу, балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтыру мен бос уақыттарын ұйымдастыру, олардың шығармашылығын дамыту үшін қажетті жағдай жасау мақсатында облыс әкімі, облыстық кәсіподақтар федерациясы мен 2001-2002 жылдарға әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу бойынша жұмыс беруші бірлестіктері арасындағы Келісімге сәйкес ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Аудан (қала), әкімдеріне, облыстық басқарма басшыларына:
Тармақша 1
1) балалармен мәдени шаралар жүргізуге жергілікті бюджетте қаралған және демеушілік және қайырымдылық көмектерін тарту арқылы түскен қаражат есебінен 2002 жылғы жаз мезгілінде балалар мен жасөспірімдердің демалысы, сауықтыруы мен бос уақыты ұйымдастырылсын және өткізілсін. Өткен жылмен салыстырғандағыдан жазғы демалыс пен сауықтыруға балалар мен жасөспірімдерді қамту көбейтілсін.
Тармақша 2
2) Базалық кәсіпорын жетекшілері 2002 жылдың 1 маусымына дейін қала сыртындағы сауықтыру лагерлері мен сауықтыру орталықтары, еңбек және демалыс лагерлері, күндізгі кәсіптік және мектеп жанындағы лагерлерінің материалдық-техникалық базасын дайындау, онда балалар мен жасөспірімдердің адамгершілік және еңбек тәрбиесіне арналған, жан-жақты мәдени-көпшілік, спорт және сауықтыру жұмыстарына қажетті жағдайларды жасау міндеттелсін. Барлық мектептен тыс мекемелерде үйірме жұмыстары жандандырылсын, жазғы демалыс уақытында спорт мекемелері мен құрылыстарының базасында спорттық-палаталық лагерлердің ашылуы қамтамасыз етілсін.
Тармақша 3
3) 2002 жылдың жазғы маусымында балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтыруы мен бос уақытын ұйымдастыру бойынша облыстық, аудандық (қалалық) комиссия құрылсын.
Тармақша 4
4) Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы мен сауықтыруын қамтамасыз етуге мемлекеттік құрылымдар, кәсіподақ мекемелері, шаруашылықтар мен кәсіпорындар тарапынан күш салу үйлестірілсін.
Тармақша 5
5) Мемлекеттік мүлік және жекешелендірудің территориялық Комитетімен (Бекенов М.Б.) бірлесіп барлық лагерлер мен демалыс аймақтарының есебі жүргізілсін, бос тұрған және иесіз лагерлер қалмасын, оларды толық іске қосу шаралары қолдансын.
Тармақша 6
6) Экономикалық жағдай, ата-аналар мен балалардың ұйымдастырылған демалысына қажеттілігін есепке ала отыра, 2002 жылдың жазғы уақытындағы балалар мен жасөспірімдердің демалыс, сауықтыру және бос уақытының бағдарламасы жасалынсын және бекітілсін.
Тармақша 7
7) Бірінші кезекте жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, арнаулы әлеуметтік көмек алу құқына ие, көпбалалы, толық емес отбасыларының балаларына, экологиялық жағдайы нашар аудандарда тұратын балаларға, мүгедек балалардың демалысы мен сауықтыруының ұйымдастырылуы қамтамасыз етілсін.
Тармақша 8
8) Жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру бойынша шаралар қолдансын, олар үшін демалыс уақытында жеңіл еңбек бойынша уақытша жұмыс орындары ұйымдастырылсын, өндірістік-оқыту бригадалары ұйымдастырылсын, кезендік ауылшаруашылық звенолары, жөндеу мен аумақты көгалдандыру бойынша бригадалар, еңбек заңдылықтарына сәйкес оқушы жастарға арналған студенттік құрылыс отрядтары ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Облыстық мәдениет басқармасына (Сейтжанова Н.С.), ақпараттар және қоғамдық келісім басқармасына (Төлегұл Ғ.Т.):
Тармақша 1
1) Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтыру мен бос уақытын өткізуге мәдени шаралар ұйымдастыруға қатынасу қамтамасыз етілсін.
Тармақша 2
2) Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтыру мен бос уақытын өткізу мен дайындау барысы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Тармақ 3
3. Облыстық ішкі істер басқармасына (Байжасаров Б.З.):
Тармақша 1
1) Балаларды сауықтыру мекемелерінде балаларды тасымалдау қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіптің сақталуы қамтамасыз етілсін.
Тармақша 2
2) Жазғы демалыс уақытында жолдар мен көшелерде балалардың жарақаттануын төмендету бойынша алдын-алу шаралары қолданылсын.
Тармақ 4
4. Облыстық туризм жөне спорт басқармасына (Ахметов Қ.А.):
Тармақша 1
1) Жазғы уақытта балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істейтін спорт мекемелерінің қатысуы қамтамасыз етілсін.
Тармақша 2
2) Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық-көпшілік, сауықтыру шаралары ұйымдастырылсын.
Тармақ 5
5. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Камалдинов И.М.):
Тармақша 1
1) Жазғы сауықтыру мекемелерінің санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестігін тексеру ұйымдастырылсын, жергілікті орындарда санитарлық-эпидемиялық жағдайды олардың жылжуы бойынша қадағалау тиісті деңгейде қамтамасыз етілсін.
Тармақша 2
2) Балалар мен жасөспірімдерге медициналық қызмет көрсетуге, олардың тамақтануы мен сауықтандыруын ұйымдастыруға бақылау жасалсын.
Тармақша 3
3) Мектеп жанындағы, қала сыртындағы лагерлер мен сауықтыру орталықтары қызметкерлерінің медициналық тексерістен өтуі тегін қамтамасыз етілсін.
Тармақ 6
6. Облыстық төтенше жағдайлар басқармасына (Қанапиянов И.А.):
Тармақша 1
1) Жазғы демалыстың басталуына дейін балалардың демалысын, сауықтандыру мен бос уақытын ұйымдастыру орындарының өртке қарсы жағдайы тексерілсін, олардың өрт қауіпсіздігіне бағытталған шаралары жасалсын.
Тармақ 7
7. Облыстық қаржы басқармасына (Савицкий Д.Е.):
Тармақша 1
1) Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, арнаулы әлеуметтік көмек алу құқына ие, көпбалалы, толық емес отбасыларының балаларына, экологиялық жағдайы нашар аудандарда тұратын балаларға, мүгедек балалардың қала сыртындағы лагерлер мен орталықтардағы демалысы мен сауықтандыруына облыс әкімінің резервтегі қорынан сегіз миллион теңге бөлінсін.
Тармақ 8
8. Облыстық білім басқармасына (Дмитриенко Е.А):
Тармақша 1
1) Демалыс пен сауықтандыру ұйымдастырылсын:
- Ақкөл балалар үйінің қала сыртындағы “Рассвет” сауықтандыру лагерінде Жолымбет балалар үйінің жетім балалары;
- Ақкөл қаласындағы № 10 кәсіптік техникалық мектебінің “Юность” қала сыртындағы сауықтандыру лагерінде облыстағы кәсіптік-техникалық мектептер мен колледждерде білім альт жүрген жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- Облыстық “Жұлдыз” оқыту-сауықтыру орталығында (пос. Зеленый бор Щучье ауданы) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
Тармақша 2
2) Облыстық “Болашақ” пансионатында, “Звездный” сауықтыру лагерінде дарынды балаларға арналған жазғы кәсіби кезек ұйымдастырылсын.
Тармақша 3
3) Жазғы сауықтыру лагерлерінде жұмыс істеу үшін қазақ педагогикалық колледжінің (Кокшетау қаласы) және гуманитарлық-техникалық колледждердің (Щучье және Степногорск қалалары)оқушыларынан 150 вожатый дайындау қамтамасыз етілсін, сол үшін 2002 жылдың мамыр айында облыстық “Жұлдыз” (пос. Зеленый бор Щучье ауданы) оқыту-сауықтыру орталығында нұсқаулық лагерлер жұмысы ұйымдастырылсын.
Тармақ 9
9. Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыру, лагерге қабылдау, лагерлердің іске қосылуын қабылдау графигі (1,2,3 қосымша) бойынша облыстық комиссия құрамы бекітілсін.
Тармақ 10
10. Облыс әкімінің шаруашылық басқармасы (Сыздықов Т.И.): облыстық комиссия қала сыртындағы демалыс сауықтыру орталықтарын қабылдап алу үшін микроавтобуспен қамтамасыз етсін.
Тармақ 11
11. Облыс әкімінің 2002 жылғы 23 мамырдағы № 47 шешімі күшін жойсын.
Тармақ 12
12. Осы шешімнің орындалуын қадағалау облыс әкімінің орынбасары С.Ж. Жалмағамбетоваға жүктелсін.
Басқа 35. Комиссия мүшелері:
Ақмола облысы әкімінің
шешіміне № 1 қосымша
11.06.2002 жыл
№ 53
Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыру жөніндегі облыстық комиссия кұрамы
Жалмағамбетова С.Ж. облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы
Оразбаев К.Г. облыстық кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары, комиссия төрайымының орынбасары
Дмитиренко Е.А. облыстық білім басқармасының бастығы, комиссия төрайымының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Камалдинов И.М. облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы
Жекебаев К.А. облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бастығы
Ташметов К.К. облыстық санэпидстанциясының бас дәрігері
Савицкий Д.Е. облыстық қаржы басқармасының бастығы
Ахметов Қ.А. облыстық туризм және спорт басқармасының бастығы
Қанапиянов И.А. облыстық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы
Байжасаров Б.З. облыстық ішкі істер басқармасының бастығы
Шевчук А.А. білім және ғылым қызметкерлерінің облыстық комитетінің төрайымы
Бекенов М.А. облыстық мемлекеттік мүлік пен жекешелендіру территориялық Комитетінің бастығы
Сейтжанова Н.С. облыстық мәдениет басқармасының бастығы
Төлегүл Ғ.Т. ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы
Рақымбердин М.К. еңбек және балалықты әлеуметтік қорғау министрлігі Департаментінің бастығы
Басқа 36. Комиссия мүшелері:
Ақмола облысы әкімінің
шешіміне № 2 қосымша
11.06 2002 жыл
№ 53
Лагерлерді қабылдау бойынша облыстық комиссия құрамы
Дмитриенко Е.А. - комиссия төрайымы, облыстық білім басқармасының бастығы
Комиссия мүшелері:
Сарбасова Б.Р. облыстық СЭС балалар мен жасөспірімдердің гигиена бөлімінің меңгерушісі
Әлібеков Е.З. Ақмола облыстық суда құтқару қызметінің бас сүңгуір маманы
Сәдуақасов Б.С. облыстық білім басқармасының бөлім бастығы
Есжанова Л.А. облыстық кәсіподақ федерациясының жетекші маманы
Кашкенов А.С. облыстық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары
Тілеубердин А.К. еңбек және балалықты әлеуметтік қорғау министрлігі Департаменті бастығының орынбасары
Огородников М.С. мемлекеттік өртке қарсы қызметтің ерекше маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі
Басқа 37
Ақмола облысы әкімінің
шешіміне № 3 қосымша
11.06 2002 жыл
№ 53
Іске қосылатын лагерлерді қабылдау графигі
АТАУЫ
Облыстық комиссияның шығу мерзімі
Зеренді аймағы:
1. М.Ғабдуллин атындағы сауықтыру лагері 15.05.2002 ж.
2. “Сұңқар” сауықтыру лагері-----------
3. “Искорка” сауықтыру лагері ------------
4. П.Морозов атындағы сауықтыру лагері ------------
Щучье - Бурабай аймағы:
1. “Оқжетпес” ААҚ 20-25.05.2002 ж.
2. “Жезқазғандық” БСО ------------
3. “Восход” БСО ------------
4. “Ракета” БСО -----------
5. “Орленок” БСО ------------
5. С.Сейфуллин атындағы профилакторий ------------
7. “Дашенька” БСО ------------
8. “Простор” БСО -------------
9. “Чайка” сауықтыру лагері ------------
10. “Огонек” сауықтыру лагері ------------
11. “Арман” сауықтыру лагері (СҚО) -----------
12. “Юная смена” БСО ------------
13. “Звездный” БСО ------------
14. “Звездочка” сауықтыру лагері ------------
с. Воробьевка
1. “Ровесник” сауықтыру лагері 25.05.2002 ж.
Еңбекшілдер ауданы
1. “Буревестник” БСО 25.05.2002 ж.
Сандықтау ауданы
1. “Лесная поляна” БСО 16.05.2002 ж.
Атбасар ауданы
1. “Ишим” БСО 16.05.2002 ж
Жақсы ауданы
1. “Березка” БСО 17.05.2002ж.
Жарқайың ауданы
1. “Орленок” БСО 17Л5.2002 ж.
Бұланды ауданы
1. “Шағала” БСО 27.05.2002 ж.
Шортанды ауданы
1. “Аққайың” БСО 27.05.2002 ж.
Аршалы ауданы
1. “Орленок” БСО 28.05.2002 ж.
Астрахан ауданы
1. “Дельфин” БСО7 28.05.2002 ж.
Ерейментау ауданы
1. “Жұлдыз” БСО 29.05.2002 ж.
Қорғалжын ауданы
1. “Балдәурен” БСО 30.05.2002 ж.
Көкшетау қаласы
1. “Чайка” сауықтыру лагері 1.06.2002ж.
2. “Сокол” БСО 1.06.2002 ж