О противопожарной охране лесов на территории Акмолинской области в 2002 году Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2002 жылы Ақмола облысы аумағындағы ормандарды өрттен қорғау туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 15.04.2003 № а-4/125 қаулысымен. 2001 жылы 114 өрт оқиғасы орын алып, одан 625,2 га орман алқабы зақымданып, 2 млн. теңгеден астам шығын келтірілді. Орман қоры аумағында өрт оқиғаларына жол бермеу және оларды жоюды қамтамасыз ету мақсаттарында облыс әкімі шешім қабылдайды:
Тармақ 1
1. Облыс аумағында ірі өрттердің, аппаттардың, зіл зала мен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық жедел штаб құрылсын.
Тармақ 2
2. Аудандар мен қалалардың әкімдері:
Тармақша 1
1) аудан аумағындағы қолда бар адам күшін, өрт сөндіру техникалары мен көлік құралдарын ескере отырып орман өрттерін сөндіруді ұйымдастыру жоспарларын бекітсін;
Тармақша 2
2) орман өрттерін сөндіру үшін елді-мекендерге жақын орналасқан ормандарды бекітіп берсін;
Тармақша 3
3) облыстың өртке қарсы күрес қызметтерінің келісімі болмаса өрт сөндіру техникаларын жеке меншікке беруге және қолданыстан шығаруға тыйым салсын;
Тармақша 4
4) өрт қаупі бар кезеңде далада, егістік, орман алқаптарында, оларға жақын жерлерде шөп пен сабан, ағаш қалдықтары мен бұтақтарын жағуға тыйым салсын;
Тармақша 5
5) өрт қаупі бар кезеңде адамдар мен көліктердің орманға баруына шектеулер жасасын;
Тармақша 6
6) өрт сөндіру мен қауіпсіздендіру кезеңіне техникалардың жанар-жағар май материалдарының резервін дайындасын.
Тармақ 3
3. Ақмола облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы (Тоқмырзин Ш.Х.) Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасымен және облыстық мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметімен келісілген орман өрттерімен күресу күштерінің 2002 жылға арналған бірлескен іс-қимылы Жоспарын орындау шараларын қолдансын.
Тармақ 4
4. «Қазақстан темір жолы» РМК-ның Ақмола темір жол бөліміне (Назарбеков Е.К.), Ақмола облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасына (Тоқмырзин Ш.Х), «Көкшетау» (Сағадиев Қ.Х.) және «Бурабай» (Ақмырзин А.Л.) ұлттық мемлекеттік табиғат парктеріне, «КРЭК» ААҚ-на (Жамұханов Т.У.), «АРЭК» ААҚ-на (Новиков О.А.) орман айналаларында, темір жол мен тас жолдардың, электр желілерінің бойында өрт қауіпсіздігі жолақтары жыртылуын, олардың қоқыстан, ағаш бұтақтары үйінділерінен таза ұсталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Облыстық ішкі істер басқармасы (Байжасаров Б.З.) мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметі (Жолдаспаев Б.Ж.) мемлекеттік орман қорғау қызметкерлерімен бірлесе отырып:
Тармақша 1
1) демалыс орындарында қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) мемлекеттік орман қорының жерлерінде орналасқан балалардың сауықтыру лагерлерінің, туристік базалардың және елді мекендердің аумақтарында өрт қауіпсіздігі сақталуы жағдайын тексеріп отырсын;
Тармақша 3
3) кәсіпорындар мен ауыл шаруашылық құрылымдарының басшылары өрт қауіпсіздігі жөніндегі нормалар мен ережелердің стандарттардың талаптарын бұзса, Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған тәртіп бойынша тиісті шаралар қолдансын.
Тармақ 6
6. Облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі облыс халқының арасында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мен одан сақтану шаралары туралы үгіт-насихат жұмыстарын кеңінен жүргізсін.
Тармақ 7
7. Ақмола облысы әкімінің 27.04.2001 жылғы № 84 шешімінің күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.С.Сейітжановқа жүктелсін.
Басқа 18
Ақмола облысы әкімінің «01» 04. 2002 ж. № 30 шешіміне қосымша Орман және даладағы ірі өрт ошақтарын, апаттарды, зіл-зала және басқа да төтенше жағдайлардан сақтандыру және оларды жою жөніндегі облыстық жедел штабтың ҚҰРАМЫ 1. Сейітжанов Аманжол Сейітжанұлы облыс әкімінің орынбасары, штаб бастығы 2. Қанапиянов Ілияс Ахметжанұлы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма бастығы, Штаб бастығының орынбасары 3. Жолдаспаев Болат Жұмағұлұлы Ақмола облыстық мемлекеттік өрт сөндіру қызметінің бастығы, (өрт сөндіруді басқарушы) 4. Байжасаров Болат Зейнолатұлы облыстық ішкі істер басқармасының бастығы 5. Нұрманов Абай Жорабекұлы Ақмола облыстық әскери комиссары 6. Карташов Александр Михайлович облыстық ауыл шаруашылық басқармасы бастығының міндетін атқарушы 7. Тоқмырзин Шабдан Хамитович орман және биоресурстар жөніндегі басқарманың бастығы 8. Қадыралиев Абай Марабайұлы Ақмола облыстық телекоммуникация дирекциясының бас директоры 9. Назарбеков Ерболат Қадырұлы «Қазақстан темір жолы» РМК-ның Ақмола темір жол бөлімінің бастығы 10. Комалдинов Инсафутдин Мавзетдинович Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы 11. Жамуханов Талғат Үкімжанұлы «КРЭК» ААҚ-ның директоры (келісімі бойынша) 12. Новиков Олег Анатольевич «АРЭК» ААҚ-ның директоры (келісімі бойынша)