Об областной комплексной целевой программе по защите населения от туберкулеза на 2002 год Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.04.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұрғындарды туберкулезден қорғаудың 2002 жылға арналған облыстық кешенді мақсатты бағдарламасы туралы Облыс денсаулық сақтау департаментінің бастығы Д.М. Қазанғаповтың тұрғындарды туберкулезден қорғаудың 2002 жылға арналған облыстық кешенді мақсатты бағдарламасы туралы" баяндамасын тыңдап және талқылай келе, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған тұрғындарды туберкулезден қорғаудың 2002 жылға арналған облыстық кешенді мақсатты бағдарламасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыс денсаулық сақтау департаменті 2003 жылғы 20 қаңтар мерзіміне орай облыстық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына Бағдарламаны жүзеге асыру туралы ақпарат ұсынатын болсын.
Тармақ 3
3. Облыс қаржы департаменті Бағдарламаның дер кезінде қаржыландыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. ІІ сайланған облыстық мәслихаттың 2001 жылғы 25 мамырдағы ХІІ сессиясының шешімімен бекітілген 2001 - 2005 жылдарға арналған тұрғындарды туберкулезден қорғаудың облыстық кешенді мақсатты бағдарламасының күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 5
5. Бағдарламаның жүзеге асырылуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына (Лебедь В.Д.) жүктелсiн.