О программе совершенствования первичной медико – санитарной помощи в системе здравоохранения области на 2002 год Қолданыста
Басқа 0
Облыс денсаулық сақтау жүйесінде бастапқы медициналық – санитарлық көмекті жетілдірудің 2002 жылға арналған бағдарламасы туралы
Облыс денсаулық сақтау департаментінің бастығы Д.М. Қазанғаповтың облыс денсаулық сақтау жүйесінде бастапқы медициналық - санитарлық көмекті жетілдірудің 2002 жылға арналған бағдарламасы туралы баяндамасын тыңдап және талқылай келе, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған облыс денсаулық сақтау жүйесінде бастапқы медициналық-санитарлық көмекті жетілдірудің 2002 жылға арналған бағдарламасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыс денсаулық сақтау департаменті 2003 жылдық 10 қаңтар мерзіміне орай облыстық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына Бағдарламаны жүзеге асыру туралы ақпарат ұсынатын болсын.
Тармақ 3
3. Облыс қаржы департаменті Бағдарламаны дер кезінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. ІІ сайланған облыстық мәслихаттың 2001 жылғы 31 қазандағы ХV сессиясының шешімімен бекітілген облыс денсаулық сақтау жүйесінде бастапқы медициналық - санитарлық көмекті жетілдірудің 2001 - 2003 жылдарға арналған облыстық бағдарламасының күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 5
5. Бағдарламаның жүзеге асырылуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына (Лебедь В.Д.) жүктелсiн.