О нормативах текущих расходов на одного работника государственных органов, финансируемых из областного бюджета, на 2002 год Күшін жойған
Басқа 0
Облыс бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң 2002 жылы бiр қызметкерге жұмсалатын ағымдағы шығыс нормативтерi туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - шешімнің қолданылу
мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты Маңғыстау облыстық әділет департаментінің
10.01.2005 № 2/46 хатымен.
"Бюджет жүйесi туралы" (Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес өзгертулер енгiзiлген) 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабының 2 тармағына сәйкес әкiмияты қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Облыс бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк органдардың 2002 жылы бiр қызметкерге жұмсалатын ағымдағы шығысты анықтау үшiн топтар бойынша тiзбесi бекiтiлсiн (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттiк органдардың 2002 жылы бiр қызметкерге жұмсалатын нормативке кiретiн ағымдағы шығыстардың тiзбесi бекiтiлсiн (2 қосымша).
Тармақ 3
3. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк органдардың 2002 жылы бiр қызметкерге жұмсалатын ағымдағы шығыстардың нормативi мен қалалық және аудандық мемлекеттiк органдардың шектi нормативi бекiтiлсiн (3, 4 қосымшалар).
Тармақ 4
4. Қалалар мен аудандық әкiмдерiне:
қалалық және аудандық бюджеттерiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң бiр қызметкерге жұмсалатын ағымдағы шығыс нормативтерiн белгiленген шектi нормативтердi ескере отырып бекiту мiндеттелсiн.
Тармақ 5
5. Облыстық қаржы басқармасы (С.Б.Шаметова) бюджеттi нақтылау кезiнде бекiтiлген нормативке сәйкес облыстық бюджетке түзету енгiзсiн.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ж.С.Сәрсенқұловқа жүктелсiн.
Басқа 7
Маңғыстау облысы әкiмиятының
2002 жылғы 6 ақпандағы
№ 3 қаулысына
№ 1 қосымша
Облыс бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк
органдардың 2002 жылы бiр қызметкерге жұмсалатын
ағымдағы шығысты анықтау үшiн топтарға бөлiнген
ТIЗБЕСI
1 топ
Облыс әкiмiнiң аппараты
2 топ
Облыстық бiлiм беру басқармасы
Спорт және дене мәдениетi облыстық басқармасы
Облыстық экономика, өнеркәсiп және сауда басқармасы
Облыстық қаржы басқармасы
Облыстық мұрағаттар мен құжаттама бөлiмi
3 топ
Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау
басқармасы
Маңғыстау облысының коммуналдық меншiгiн басқару жөнiндегi
Департаментi
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Облыстық ауылшаруашылық басқармасы
Облыстық мәдениет басқармасы
Облыстық шағын кәсiпкерлiктi қолдау басқармасы
Облыстық құрылыс, тұрғын үй, сәулет және аумақтарда құрылыс салу басқармасы
Басқа 8
Маңғыстау облысы әкiмиятының
2002 жылғы 6 ақпандағы
№ 3 қаулысына
№2 қосымша
Облыс, қала және аудан бюджеттерiнен
қаржыландырылатын мемлекеттiк органдардың
2002 жылы бiр қызметкерге жұмсалатын
нормативке кiретiн ағымдағы шығыстар тiзбесi
________________________________________________________________
Ерекшелiк | Шығыстар атауы
________________________________________________________________
111 Еңбек ақы
113 Өтемақы төлемдерi
121,125 Жұмыс берушiлер жарнасы
139 Кеңсе және шаруашылық тауарларын сатып алу
136 Iссапар шығыны
138 Орын-жай және жер үшiн жалдау ағысы
141 Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу
142 Байланыс қызметiне ақы төлеу
143 Көлiк қызметiне ақы төлеу
144 Электр энергиясына ақы төлеу
145 Жылу үшiн ақы төлеу
146 Ғимаратқа қызмет көрсету бойынша ақы төлеу
146 Құрал-жабдық пен құрал-саймандарды күту және ағымдағы жөндеу
146 Ғимараттарды, орын-жайлар мен иммараттарды ағымдағы жөндеу
149 Тауарлар сатып алуға арналған басқа да шығыстар
________________________________________________________________
Басқа 9
Маңғыстау облысы әкiмиятының
2002 жылғы 6 ақпандағы
№ 3 қаулысына
№ 3 қосымша
Облыс бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк
мекемелердiң 2002 жылы бiр мемлекеттiк қызметкерге
жұмсалатын ағымдағы шығыстар нормативi
________________________________________________________________
| Мемлекеттiк облыстық органдардың жылына
| 1 мемлекеттiк қызметкерге жұмсалатын
| ағымдағы шығыс нормативi мың теңгемен
________________________________________________________________
1 топ
Облыс әкiмiнiң аппараты 900
сонымен бiрге ғимаратқа қызмет
көрсету және көлiк қызметi 1100
2 топ 600
3 топ 480
________________________________________________________________
Басқа 10
Маңғыстау облысы әкiмиятының
2002 жылғы 6 ақпандағы
№ 3 қаулысына
№4 қосымша
Қала және аудан бюджеттерiнен қаржыландырылатын
мемлекеттiк органдардың 2002 жылы бiр мемлекеттiк
қызметкерге жұмсалатын ағымдағы шығыстар нормативi
________________________________________________________________
| Жылына бiр қызметкерге жұмсалатын
| ағымдағы шығыс нормативi (мың теңге)
|_____________________________________________
|Қалалық мемлекеттiк | Аудандық мемлекеттiк
| органдар үшiн | органдар үшiн
________________________________________________________________
1 топ 650 450
2 топ 450 370
3 топ 370 320
________________________________________________________________