О квоте иммиграции оралманов на 2002 год Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.10.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Оралмандардың 2002 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы "Халықтың көші-қоны туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және өзінің тарихи отанына оралуға тілек білдірген оралмандар отбасыларының қоныс аударуын және жайласуын ұйымдастыру мақсатында қаулы етемін:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған оралмандардың 2002 жылға арналған көшіп келу квотасы 2655 отбасы мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп:
Тармақша 1
1) оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілгендерді қабылдауды, жайластыруды және орналастырылған жерлерде олардың бейімделуі үшін жағдай жасауды қамтамасыз етсін, сондай-ақ өзінің тарихи отанына мемлекеттің қаржылай қолдауынсыз қайтып орала алмайтын ұлты қазақ адамдарды ұйымдасқан түрде қоныстандыруды жүзеге асырсын;
Тармақша 2
2) бір ай мерзім ішінде аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты оралмандарды орналастырудың схемасын жасасын;
Тармақша 3
3) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шаралар қолдансын.
Тармақ 3
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 7. Оралмандардың 2002 жылға арналған көшіп келу квотасы (отбасы)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 16 қыркүйектегі N 945 Жарлығына қосымша 📌 Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2002.10.16. N 964 жарлығымен. Оралмандардың 2002 жылға арналған көшіп келу квотасы (отбасы) Об­лы­стар­дың, қа­ла­лар­дың ата­у­ла­ры Қы­тай Ха­лық Рес­пуб- ли­ка­сы Мон- ғо­лия Ре­сей Фе­де­ра- ци­я­сы Түр­кі- мен- стан Өзбек- стан Рес­пуб- ли­ка­сы Қыр­ғыз Рес­пуб-ли­ка­сы Бар- лы­ғы Ақ­мо­ла 20 320 340 Ақ­тө­бе 5 15 150 170 Ал­ма­ты 15 35 50 Аты­рау 40 40 Шы­ғыс Қа­зақ­стан 25 5 30 Жам­был 100 100 Ба­тыс Қа­зақ­стан 20 70 90 Қа­ра­ған­ды 300 300 Қы­зы­лор­да 50 50 Қо­ста­най 50 300 350 Маң­ғы­стау 40 127 167 Пав­ло­дар 45 250 295 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан 40 330 370 Оң­тү­стік Қа­зақ­стан 217 217 Аста­на қа­ла­сы 1 10 5 25 5 46 Ал­ма­ты қа­ла­сы 5 2 5 3 20 5 40 Жиын­тығы 45 3 195 63 2339 10 2655