О проведении призыва граждан на срочную военную службу в октябре-декабре 2002 года Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2002 жылдың қараша-желтоқсан айларында азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы әкімінің 31.03.2003 № 42 шешімімен. "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 19 қаңтардағы № 1897-ХII Заңына , Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Белгiленген әскери қызмет мерзiмi өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметтегi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2002 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" 2002 жылғы 8 сәуiрдегi № 844 Жарлығына сәйкес және 2002 жылғы қазан-желтоқсан айларында мерзiмдi әскери қызметке уақтылы шақырылуын қамтамасыз ету мақсатында, шешiм етемiн:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi:
Тармақша 1
1) қалалық және аудандық шақыру комиссияларын құрсын, әкiмнiң орынбасары комиссия төрағасы етiп тағайындасын;
Тармақша 2
2) 1975-1984 жылдары туған, 2002 жылғы көктемгi мерзiмде әскери қызметке шақырылуға жататын, барлық азаматтардың шақыру пунктiне ұйымшылдықпен келуiн және шақыру комиссиясының жұмысын қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар алсын.
Тармақ 2
2. Аудандық және қалалық шақыру комиссияларының қызметiне басшылық ету және бақылау жасау үшiн облыстық шақыру комиссиясы мына құрамда құрылсын: Сақып Бүркiтбайұлы КЕРЕЛБАЕВ комиссия төрағасы, облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Еділ Лұқпанұлы УРАЗОВ комиссия төрағасының орынбасары, Маңғыстау облыстық және Ақтау қалалық әскери комиссары КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРI: Мұқамеджан Абдулұлы ОСПАНОВ облыстық iшкi iстер басқармасы бастығының орынбасары Руслан Фаризонұлы БЕКТУБАЕВ облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Өтеулi Киiкбайұлы КИIКБАЕВ Маңғыстау облыстық және Ақтау қалалық әскери комиссариаты екiншi бөлiмiнiң бастығы Мұстафа Әлпейiсұлы НҰРМАНОВ Маңғыстау облыстық және Ақтау қалалық әскери комиссариаты екiншi бөлiмi бастығының аға көмекшiсi, дәрiгер-терапевт, дәрiгерлiк комиссия төрағасы Айжан Тұрарқызы ЕЛУБАЕВА емхана медбикесi, шақыру комиссиясының хатшысы
Тармақ 3
3. 2002 жылғы қазанның 1-нен бастап 31 желтоқсанын қоса шақыру комиссияның мәжiлiсiн және Маңғыстау облысы мен Ақтау қаласы әскери комиссариатының шақыру учаскесiнде әскерге шақырылғандарды медициналық куәландыруды жүргiзсiн.
Тармақ 4
4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы (С. Төралиев):
Тармақша 1
1) облыстық жинақтау пунктiнiң медициналық бөлiмiне және қалалық, аудандық шақыру комиссияларына маман дәрiгерлер мен медбикелердiң қажеттi санын бөлсiн;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылушыларды 2002 жылдың 1 қазанынан бастап 31 желтоқсанға дейiн флюорографиядан өтуiн, талдамаларын тапсыруын, қан топтарын және адамның қорғаныш тапшылығын қоздырғышын анықтауды қамтамасыз етсiн;
Тармақша 3
3) жүйке және жан күйзелiсi аурулары, туберкулез, трахома, бұлшық ет, сүйек, буын органдарының созылмалы ауруына байланысты диспансерлiк есепте тұрған адамдардың тiзiмi мен ауыру тарихының үзiндiсiн, шақырылушының денсаулық жай - күйiн сипаттайтын дәрiгерлiк тексерiп-байқау мен диспансерлiк бақылаудың мәлiметтерiн облыстық әскери комиссариатқа уақытылы табыс етсiн;
Тармақша 4
4) комиссияға жолданған әскерге шақырылғандарды кезектен тыс тұрақты және амбулаториялық тексерiп байқаудан өткiзiлуiн қамтамасыз етсiн, ол үшiн облыстық, қалалық, және аудандық, емдеу мекемелерiнде ауруларға арналған төсек санын бөлсiн;
Тармақша 5
5) комиссияның маман-дәрiгерлерiн қажеттi аспаптармен, рентген, флюоропленкамен, электрокардиограммаға арналған қағазбен қамтамасыз етсiн;
Тармақша 6
6) әскерге шақырылғандардың комиссиядан өтуi кезiнде оларға қажеттi егу iстерiн жүргiзсiн;
Тармақша 7
7) емдеу мекемелерi әскерге шақырудың өтуi кезiнде тұрақты емдеуге 1975-1984 жылдары туғандарды, дереу ауруханаға жатқызуды талап ететiн жағдайлардан басқасын: бұл жайында 3 күн мерзiм iшiнде тиiстi әскери комиссариатқа хабарлауға мiндеттi, тек қана облыстық, қалалық және аудандық шақыру медициналық комиссияның жолдамасы бойынша қабылдауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 5
5. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, меншiк нысандарына қарамастан мекемелердiң, ұйымдар мен оқу орындардың басшылары, пәтер иелерi кооперативi басшылары әскерге шақырылғандарды шақыру комиссиясынан өтуге қажеттi мезгiлге жұмыстан (оқудан) босатсын, әскерге шақырылғандарды iссапардан, еңбек демалысынан керi шақыртып алсын және де әскери-есеп столдары бастықтарының немесе кадр бөлiмi өкiлiнiң басшылығымен олардың шақыру учаскесiне уақтылы келуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 6
6. Облыстық iшкi iстер басқармасы (К.Ж.Мырзабаев):
Тармақша 1
1) оларға жауаптау немесе алдын ала тергеу жүргiзiлiп жатқан әскерге шақырылғандар туралы қажеттi мәлiметтердi уақтылы табыс етсiн;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылғандар мен оларды шығарып салушылар арасындағы тәртiптi қамтамасыз ету ушiн Маңғыстау облыстық және Ақтау қалалық, сондай-ақ Маңғыстау облысының аудандық және қалалық әскери комиссариаттардың өтiнiмдерi бойынша облыстық жинақтау пунктiне аудандық, қалалық әскери комиссариаттардың шақыру учаскелерiне, Маңғышлақ станциясының темiр жол вокзалына, сонымен қатар әскерге шақырылған командаларын алып жүретiн автобустарға полиция жасағы мен жол полициясының автомашиналарын, қажеттi сандағы iшкi iстер органдарының қызметкерлерiн бөлсiн.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрлiгiнiң Маңғыстау облысы бойынша департаментiнiң директоры (Т.Г.Iдрiсов) жетi күн мерзiм iшiнде қолданыстағы заңнамаға сәйкес, 1975-1984 жылдары туған, мүгедек деп танылған әскерге шақырылғандардың тiзiм Маңғыстау облыстық және Ақтау қалалық әскери комиссариатқа табыс етсiн.
Тармақ 8
8. Батыс Қазақстан темiр жолы Маңғышлақ станциясының, Шетпе, Бейнеу темiр жол станцияларының вокзал бастықтары, тиiстi әскери комиссариаттардың өтiнiмдерi бойынша, әскерге шақырылғандарды қалалар мен аудандардан облыстық жинақтау пунктiне және облыс орталығынан керi қарай тасымалдау үшiн орындарды уақытылы брондарды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 9
9. "Ойл транспорт корпорейшэн" директоры Маңғыстау облыстық және Ақтау қалалық әскери комиссариаттың өтiнiмi бойынша әскерге шақырылғандар командасын облыстық, жинақтау пунктiнен Маңғышлақ темiр жол станциясына дейiн тасымалдау үшiн қажеттi санда автобустар бөлетiн болсын.
Тармақ 10
10. "Маңғыстау-Полиграф" ашық акционерлiк қоғамның президентi (З.В.Алагөзова) әскерге жөнелтiлетiн шақырылғандардың құжаттарын ресiмдеудi қамтамасыз ету үшiн облыстық және Ақтау қалалық әскери комиссариатының ұсынған нысаны бойынша бланктердi басып шығарсын.
Тармақ 11
11. Облыстық спорт және дене мәдениетi басқармасы (А.А.Драч) "Облыстық жастар бастамашылығын қолдау орталығы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорнының директорымен бiрлесiп әскерге шақыру кезеңiнде әскерге шақырылған жастармен әскери-патриоттық және тәрбиелiк iс-шараларын ұйымдастыруға және оны өткiзуге белсендi қатысатын болсын.
Тармақ 12
12. Облыстық қаржы басқармасы (Ж.С. Сәрсенқұлов) шақырылуға, шақырылғандарды әскери бөлiмшелерге жөнелтудi өткiзуге, әскери комиссариаттар мен облыстық, жинақтау пунктiн дәрi-дәрмекпен, құрал-сайманмен, шаруашылық мүлiктерiмен, автомобиль көлiгiмен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етуге байланысты жоғарыда көрсетiлген шараларды 2002 жылға арналған облыстық бюджетте көзделген қаражат есебiнен қаржыландыруды жүргiзсiн (1 қосымша).
Тармақ 13
13. Облыстық телерадиокомпаниясы, "Маңғыстау", "Местное время" облыстық газеттерiнiң редакциялары әскерге шақырудың және жас ұрпақтың әскерге аттандырылуының барысын теледидарда, радио мен жергiлiктi баспасөзде жазып көрсетсiн.
Тармақ 14
14. Облыстық қалалары мен аудандарының әкiмдерi 2002 жылғы 10 сәуiрге дейiн азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы шешiмдер қабылдасын, және де:
Тармақша 1
1) әскерге шақырылғандарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң қатарына шақыруды ұйымдастырсын және уақытылы жөнелтiлуiн қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) әскери комиссариаттарды жабдықталынған шақыру пункттерiмен, дәрi-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлiктерiмен, автомобиль көлiгiмен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етсiн, техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсетушi адамдардың қажеттi санын бөлсiн;
Тармақша 3
3) этап көрсетiлген iс-шараларды орындауға байланысты шығындарды облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырсын.
Тармақ 15
15. Маңғыстау облысы және Ақтау қаласының әскери комиссары осы шешiмнiң орындалысы туралы ақпарат хабарды 2002 жылғы қаңтардың 10-на табыс ететiн болсын.
Тармақ 16
16. Облыс әкiмiнiң "2001 жылдың сәуiр-маусым айларында азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" 9 сәуiр 2002 жылғы № 53 шешiмiнiң күшi жойылған деп саналсын.
Тармақ 17
17. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасауды өзiме қалдырамын.
Басқа 32
Маңғыстау облысы әкiмiнiң 20.09.2002 жылғы № 116 шешiмiне 1 қосымша 2002 жылғы күзде әскерге жас толықтырымдарды шақыру мен жөнелтудi қамтамасыз етуге арналған ақшалай қаражат бөлудiң ЕСЕПТЕМЕСI Р/с Шығыстардың атауы № Барлығы 1."Ойл транспорт корпорейшэннен" автобусты жалдау 2. Шақырылғандарды темiр жол көлiгiмен тасымалдау 3. Шақырылғандарды автомобиль көлiгiмен тасымалдау 4. Бланкiлер үшiн "Маңғыстау-Полиграф" ААҚ 5. Автокөлiктi пайдалану үшiн 6. Медициналық көлемiн көрсетулер үшiн 7. Кеңсе тауарлары үшiн 8. Дәрi-дәрмек пен медициналық құрал-саймандар үшiн жиыны 280550 теңге 280550 теңге 336000 теңге 250000 теңге 172000 теңге 2404000 теңге 150000 теңге 84000 теңге 3796550 теңге