Об организации отдыха, оздоровления и занятости детей и подростков летом 2002 года Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.05.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Балалардың және жасөспірімдердің 2002 жылдың жазында демалысын, сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 15.07.2004 № 194 қаулысымен. Балалардың және жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын, олардың шығармашылық дамуын ұйымдастыру, сондай-ақ 2002 жылдың жазғы кезеңінде кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығының, қылмысының және қараусыз қалуларының алдын алу үшін қажетті жағдайлар туғызу мақсатында Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Балалар және жасөспiрiмдердiң 2002 жылдың жазында демалысын, сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі облыстық комиссия құрылсын (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Облыстың қалаларының және аудандарының әкiмияттары:
Тармақша 1
1) облыстың қалаларында және аудандарында осы сияқты комиссиялар құрсын;
Тармақша 2
2) барлық үлгідегі лагерлердің олардың материалдық-техникалықбазасының нығайтылуына ерекше назар аудара отырып уақытында даярлануы жөніндегі ұйымдастыру жұмысын жүргізсін;
Тармақша 3
3) жетім балалардың, біреудің бағып күтуіндегі және қамқорлығындағы балалардың, аз қамтылған отбасы балаларының (кіріс бір адамға 2 есептік көрсеткіштен аспайтын) көп балалы отбасы балаларының, толық (3 баладан астам), жұмыссыздар отбасы балаларының, ата-анасының біреуі тәрбиелеп жатқан балалардың, денсаулығы нашар балалардың (аз қамтылған отбасыларында тәрбиелеп жатқан созылмалы тәндік аурулармен ауыратын), дарынды балалардың (олимпиада резерві мектептерінің) демалысының және сауықтырылуының ұйымдастырылу қаржы қаражаттарын қарастырсын және кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс істеп тұрған санаторий- профилакторийлерімен келісім бойынша олардың базасында жоғарыда атап өтілген санаттардағы балалардың сауықтырылуын ұйымдастырсын;
Тармақша 4
4) жазғы сауықтыру кезеңін өткізуге даярлықтың барысы туралы 25 мамырға облыс әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөліміне ақпарат берсін (2 қосымша).
Тармақ 3
3. Қостанай облысының бiлiм департаментi (Қ. А. Қаткенов):
Тармақша 1
1) балалардың 2002 жылдың жазында демалысына және сауықтырылуына бөлінген трансферттерді бөлсін (3 қосымша);
Тармақша 2
2) Меңдіқара ауданының «Лесная сказка» сауықтыру лагерінің базасында «Ровесник» педагогикалық отрядының күшімен мектеп активін оқыту және әртүрлі санаттағы балаларды сауықтыру үшін қала сыртында облысаралық сауықтыру лагерінің жұмысын ұйымдастырсын;
Тармақша 3
3) жоғарғы оқу орындарымен, қала сыртында сауықтыру лагерлері бар кәсіпорындар және ұйымдар басшыларымен келісім бойынша қолданылып жүрген еңбек заңнамаларына сәйкес лагерлерді тәрбиеші, вожатый кадрлармен және басқа қызметкерлермен толықтырсын;
Тармақша 4
4) облыстың жалпы білім беретін мектептерінің жанынан күндіз болатын және тамақтанатын балалардың сауықтыру лагерлерін құрсын;
Тармақша 5
5) балалар және жастар ұйымдары қауымдастығымен және кәсіподақтардың облыстық кеңесімен келісім бойынша балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөнінде міндетті түрде нұсқаулық беретін сауықтыру лагерлерінің басшыларының және аға вожатыйларының оқуын өткізсін;
Тармақша 6
6) балалар үйлері мен мектеп-интернаттарда тәрбиеленуші балалардың сауықтырылуы және демалуы үшін «Юный строитель», «Алау» сауықтыру лагерлерінің дайындығын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (О.А. Киколенко) 16-дан 18 жасқа дейінгі жұмыссыз жастардың қоғамдық жұмыстармен барынша қамтылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Е.М. Ғалымжанов), облыстық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (Ж.Ә. Қожмұхаметов) барлық үлгідегі жазғы сауықтыру мекемелерiнiң дайындығы мен пайдалануға беру барысына қатаң санитариялық-гигиеналық бақылау орнатсын. Балалардың жазғы демалысына дайын бол маған жазғы сауықтыру мекемелерiнің даярлық барысына қатаң санитариялық-гигиеналық бақылау орнатсын.
Тармақ 6
6. Облыстық мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (Ж.А. Қожмұхаметов), облыстық өртке қарсы мемлекеттік қызметі (Ю.Г. Ким), жергiлiктi жерлердегi комиссиялармен бiрлесе отырып 2002 жылдың 10 маусымына дейiнгі мерзімде сауықтыру лагерлерін, еңбек және демалыс лагерлерін қабылдау жүргізсін.
Тармақ 7
7. Облыстық суда құтқару қызметінің орталығы (А.И. Решетняков) балалардың сауықтыру ұйымдарында балалардың суға түсу қауіпсіздігі үшін бақылау жасауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Облыстық iшкi iстер басқармасы (Н.М. Дейхин) балаларды тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етсiн және сауықтыру лагерлерiнде, еңбек және демалыс лагерлерінде қоғамдық тәртiптi сақталуына көмек көрсетсін.
Тармақ 9
9. Балалар мен жасөспірімдердің 2002 жылдың жазында демалуын, сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық комиссиялар 2002 жылғы 25 мамырдан 10 маусымға дейін мүдделі ведомстволардың мамандарын тарта отырып, балаларды сауықтыру мекемелерінің жұмысқа даярлығының байқауы мен қабылдауын өткізсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Б.Б. Баймағамбетоваға жүктелсiн.
Басқа 21. Балалардың және жасөспiрiмдердiң 2002 жылдың жазында демалуын, сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру жөнiндегi облыстық комиссияның ҚҰРАМЫ
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкiмиятының 2002 жылғы 24 мамырдағы № 111 қаулысына 1 қосымша Балалардың және жасөспiрiмдердiң 2002 жылдың жазында демалуын, сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру жөнiндегi облыстық комиссияның ҚҰРАМЫ Баймағамбетова Бағила Бірмағамбетқызы- Қостанай облысы әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы Ертаева Балбөпе Ғалымжанқызы - Қостанай облыстық кәсіподақтар одағы кеңесінің төрайымның орынбасары (келісім бойынша) Ахметов Қазымбек Жармағамбетұлы- Қостанай облысы әкімі аппараты ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы Комиссия мүшелері Баков Ерік Тұрсынбекұлы - Қостанай облысы өртке қарсы мемлекеттік қызмет басқармасы бастығының орынбасары Головко Владимир Иванович - Қостанай облысы ІІБ бастығының орынбасары Дудник Елена Владимировна - Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Ыбыраева Айман Еламанқызы- Қостанай облысы білім департаментінің бас маманы Колесник Василий Николаевич - білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитетінің төрағасы Скарбовийчук Вера Пантелеевна - Қостанай облысы қаржы департаменті директорының орынбасары Суханова Хадиша Ақынтайқызы- Қостанай облыстық мемлекеттік санитарлық қадағалау басқармасы балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімнің меңгерушісі Шайкенов Амангелді Бидәулетұлы- Қазақстан Республикасы Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаменті директорының орынбасары (келісім бойынша)
Басқа 22. 2002 жылдың жазғы сауықтыру маусымын өткізуге даярлық барысы туралы ЕСЕП
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкiмиятының 2002 жылғы 24 мамырдағы № 111 қаулысына 2 қосымша 2002 жылдың жазғы сауықтыру маусымын өткізуге даярлық барысы туралы ЕСЕП Сауықтыру лагерi: лагерлер саны ауысым саны бiр ауысымның толықтырылуы Еңбек және демалыс лагерi: лагерлер саны ауысым саны бiр ауысымның толықтырылуы Мектептер жанындағы тамақтандыратын сауықтыру алаңдары: лагерлер саны ауысым саны бiр ауысымның толықтырылуы Өндiрiстiк бригадалар: лагерлер саны ауысым саны бiр ауысымның толықтырылуы Жөндеу орталықтары: отрядтар саны ауысым саны бiр ауысымның толықтырылуы Жасөспірімдердің еңбек биржасы: Жеке еңбекке орналасу: Демалу мен сауықтырудың басқа нысандары: шетелде демалу (адам саны) палатка лагерлер (саны), олардағы адамдар велосипед жарыстары (адам саны) басқа нысандар
Басқа 23. Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалуы бойынша қаржыландырылатын ұйымдардың ТІЗБЕСІ
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкiмиятының 2002 жылғы 24 мамырдағы № 111 қаулысына 3 қосымша Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалуы бойынша қаржыландырылатын ұйымдардың ТІЗБЕСІ N Ұйымның атауы Демалыс түрі Бала- лар саны Қызмет көрсе-ту құны 1 «Құрдастар педагогикалық отряды қоғамдық бірлестігі («Лесная сказка») с\л, Меңдіқара ауданы) Мектеп активінің оқуы, түрлі санаттағы балалардың сауықтырылуы 300- ден кем емес 2700 мың теңге 2 №»ІІБ Сұңқар» МКК (Бәкіров атындағы с\л) Жетім балалардың, ата-ана қарауынсыз қалған, көп балалы, аз қамтылған, толық емес және жұмыссыз отбасылары балаларының демалысы 200- ден кем емес 1700 мың теңге 3 «Сосновый бор» санаторийі» ААҚ Қалалық және селолық жерлердің денсаулығы нашарлаған оқушылары үшін медициналық қызмет көрсетулері бар демалыс 335- тен кем емес 3580 мың теңге 4 «Дружба» санаторийі» МКҚК Дарынды балаларды, олимпиадаларға қатысушыларды медициналық қызмет көрсете отырып демалдыру және оқыту 100- ден кем емес 1040 мың теңге 5 «Затобол медицина орталығы» ЖАҚ Селолық жерлердегі мектеп оқушыларын медициналық қызмет көрсете отырып демалдыру 100- ден кем емес 980 мың теңге