О проведении очередного призыва граждан на срочную военную службу в октябре-декабре 2002 года Күшін жойған
Басқа 0
2002 жылдың қазан - желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметіне кезекті шақыруды өткізу жөнінде
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 05.01.2005 № 1 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 19.01.1993 жылғы «Әскери қызмет және әскери міндеттер туралы» Заңының 13-бабы мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы № 844 «2002 жылдың қазан - желтоқсан және сәуір - маусым айларында Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру және мерзімді әскери қызметін атқарып шыққан әскери қызметшілерді запасқа шығару туралы» Жарлығын негізге ала отырып Ақмола облысының әкімі шешім қабылдады:
Тармақ 1
1. Қалалық және аудандық шақыру комиссиясының қызметін бақылау және басшылық ету үші бірінші қосымшаға сәйкес облыстық шақыру комиссиясы және оның резерв құрамы құрылсын. Аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдері Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңның 14 - бабы негізінде шақыру комиссияларын құрсын, олардың қызметін қамсыздандыруды және жоғарыда аталған Заңның 35 - бабын негізге ала отырып, керекті дәрігерлер мен медбикелер және басқа қызметкерлер бөлінуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы әскери қызметке шақыру кезінде қалалық, облыстық медициналық комиссияларын жоғары білікті дәрігер мамандармен, орташа медициналық құрамды іріктеп алу, әскерге шақырылушы азаматтарды кезектен тыс медициналық бақылаудан, стационарлық тексеруден өткізу үшін қажетті орын бөлсін.
Қазақстан Республикасы «Жалпыға бірдей әскери қызмет және әскери міндеттілік туралы Заңының 35 бабына сәйкес» дәрігер мамандардың, орташа дәрігерлік құрамның, техникалық қызметкерлердің шақыру комиссиясында жұмыс істеген уақытында жалақысы жұмыс орны бойынша сақталатынын ескерсін.
Тармақ 3
3. Облыстық медициналық комиссиясының жұмысын тиісті ұйымдастыру мақсатында олардың аудандық, қалалық әскери комиссариаттарына тікелей шығуын жоспарласын:
- Атбасар қалаласында (Атбасар ауданы) 2002 жылдың 14-17 қазан аралығында.
- Көктал поселкісінде (Целиноград ауданы) 2002 жылдың 18 - 21 қазан аралығында.
Тармақ 4
4. «Қазақстан темір жолы» РМК-ның Ақмола бөлімшесі әскерге шақырылушыларды тағайындалған пунктке уақытында жөнелтуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Облыстық ішкі істер басқармасы әскери комиссариаттары мен облыстық жинақтау пунктінде, жөнелту станцияларында, әскерге шақыру пунктерінде тәртіпті қамтамасыз ету, әскери міндетін орындаудан қашушыларды іздестіру үшін бірлесіп іс қимылдар жүргізуді ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Облыстық қаржы басқармасы әскерге шақырудың облыстық бюджетте қарастырылған көлемде облыстық әскери комиссардың өтініші бойынша белгіленген мерзімде қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Ақмола облысы мен Көкшетау қаласының әскери комиссары әскерге шақырылушыларды тікелей Көкшетау қаласының стационарлық пунктіне жинап жөнелтуді жоспарлап ұйымдастырсын.
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары облыстық шақыру комиссиясының төрағасы А. Сейітжановқа жүктелсін.
Басқа 9. ОБЛЫСТЫҚ ШАҚЫРУ КОМИССИЯСЫ ҚҰРАМЫНЫҢ ТІЗІМІ:
Ақмола облысы әкімінің
«30» «09» 2002Ж.
№ 73 шешіміне
№ 1 қосымша.
ОБЛЫСТЫҚ ШАҚЫРУ КОМИССИЯСЫ ҚҰРАМЫНЫҢ ТІЗІМІ:
Сейітжанов Аманжол Сейітжанұлы- облыс әкімінің орыбасары, шақыру комиссиясының төрағасы.
Нұрманов Абай Жорабекұлы- облыстық әскери комиссар, шақыру комиссия төрағасының орынбасары.
КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ:
Кажыкенов Ақан Сәтібайұлы - облыстық ІІБ бастығының орынбасары.
Кәкенов Серік Қабдөшұлы - денсаулық сақтау басқарма бастығының орынбасары.
Белогуб Николай Николаевич - Ақмола облыстық әскери комиссариатының 2-ші (шақыру) бөлімінің бастығы
Мартазанов Макшарип Баматгиреевич - облыстық аурухананың дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы
Мұхамеджанова Әсемгүл Өмірханқызы - облыстық аурухананың медбикесі, медициналық комиссияның хатшысы.
ОБЛЫСТЫҚ ШАҚЫРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ РЕЗЕРВ ҚҰРАМЫ:
Жалмағамбетова Светлана Жақияқызы - облыс әкімінің орынбасары, шақыру комиссиясының төрайымы.
КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ:
Нұрғалиев Дәуітбек Аманжолұлы - облыстық ІІБ бастығының орынбасары.
Сейдуманов Манат Тұрарұлы - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы.
Заяц Галина Сулеймановна - облыстық дәрігерлік бақылау медициналық комиссиясының дәрігері.