О проведении очередного медицинского освидетельствования юношей допризывного возраста в 2002 году Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.10.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әскер жасына дейінгі бозбалаларды 2002 ж. кезекті медицина тексеруден өткізу туралы Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес облыс Әкімі ШЕШІМ қабылдады:
Тармақ 1
1. Облыстық бағыныстағы аудандар және калалар әкімдері:
Тармақша 1
1) әскерге шақыру комиссияларының дәрігерлері жасөспірімдерге арналған кабинеттердің терапевттері мен педиатрларын тікелей қатыстыра отырып, 15-16, сондай-ақ 18-дегі бозбалаларды 2002 ж. 16-қыркүйегі мен 30-желтоқсан аралығында медициналық тексеруден өткізсін;
Тармақша 2
2) өз шешімдерімен аудандык медициналық тексеруден өткізу комиссияларын құрып, оның дербес құрамын бекітсін, қажет болған жағдайда комиссияның құрамына ведомстволык медициналық мекемелердің дәрігер-мамандарын енгізсін;
Тармақша 3
3) Алматы облысы Әкімінің Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып әскер жасына дейінгі бозбалалармен жүргізілетін емдеу-сауықтыру жұмыстарының кешенді жоспарын әзірлесін.
Тармақ 2
2. Алматы облысы Әкімінің Денсаулық сақтау басқармасы (А.Д.Дүйсекеев):
Тармақша 1
1) медициналык тексеруді сапалы жүргізу мақсатында аудандык комиссияларға тәжірибелі маман-дәрігерлер, қажетті мөлшерде орта буын медицина қызметкерлерін, сонымен қатар медициналык құрал-жабдықтар бөлсін;
Тармақша 2
2) медициналық тексеру жүргізетін комиисияның мүшелерімен және жасөспірімдерге медициналық қызмет көрсететін кабинеттердің мамандарымен медициналық тексеру жүргізудің тәртібі туралы осы жылдың 12-кыркүйегіне дейін оқулар өткізсін;
Тармақша 3
3) флюорографиялық және зертханалық тексерулер жүргізсін, қажет болған жағдайда стационарлық тексерулер мен емдеу шараларын жүзеге асырсын. Мақсатты түрде пайдалану үшін аурухана төсектерін бөлсін;
Тармақша 4
4) аудандық әскери комиссариаттарына әскерге шақыру комиссияларына арнап амбулаторлық есепте тұрған науқастардың жеке карталарын (№ 205у), оларға қосымша беттер (№ 205у-1), сондай-ақ туберкулез бен тері-венерологиялык диспансерлерде, облыстық психикалық наркологиялык медициналық-әлеуметтік жатқандардың тізімдерін тапсырсын (белгіленген тәртіппен)
Тармақша 5
5) тікелей медициналық тексеру кезінде аныкталған науқастарында емдеу-сауыктыру жұмыстарын жүргізсін, науқкас жасөспірімдердің тізімін олар тұратын жерлердегі емханаларға маман-дәрігерлерге (лор, окулист, невропатолог, хирург т.т.) тапсырсын.
Тармақ 3
3. Білім департаменті (Т.Естенов), бозбалалардың медициналық тексеруден өту үшін аудандық, қалалалық әскери комиссариаттарға қомиссия жұмысының кестесіне сәйкес келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыстың аудандық және қалалық комиссариаттары:
Тармақша 1
1) шакыру пункттерінің базасында медициналық тексеру жүргізуді қамтамасыз етсін, медициналық тексеру жөніндегі комиссияның жұмысына қажетті жағдай жасасын;
Тармақша 2
2) денсаулық сақтау және халықка білім беру органдарымен бірлесе отырып бозбалаларды барынша медициналық тексерумен қамтысын.
Тармақ 5
5. Облыс Әкімінің 2002 жылғы 5-қыркүйектегі № 512ө өкімі күшін жойсын.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің әскери- жұмылдыру жұмысы жөніндегі бөлімінің бастығы Б.Тұрғанәлиевке жүктелсін.