Об утверждении Инструкции об организации общественных работ на 2002 год Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.10.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2002 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімиятының 2003.02.22 N 3/9 қаулысымен. Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықтың жұмыстылығы туралы» Заңының 20 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «ҚР Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы қаулысына, 2001 жылғы 23 қантардағы «Халықтың жұмыстылығы туралы» Заңына сәйкес және жұмыссыздардың жұмыстылықпен уақытша қамтамасыз ету мақсатында:
Тармақ 1
1. 2002 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Нұсқаулық бекітілсін (№1 қосымша).
Тармақ 2
2. Аудандық қаржы бөлімі (Н.А. Есипова) 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап қоғамдык жұмыстарды көзделген қаржы шегінде жалпы сомасы 6105.0 мың теңгемен қаржыландыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Аудандық ЕХӘҚ бөлімі (Н.Г. Алексеева) ұйым басшыларымен уақытша шарт жасауын және жұмыссыздарды олардың келісімімен ұйымдарға берілген тапсырысына келісті бағытталуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ш.М.Түсіпбаеваға жүктелсін.
Басқа 5. 2002 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы НҰСҚАУЛЫҚ
Бұқар жырау ауданы әкімиятының қаулысымен бекітілген. № 11/5 2002ж.15.10 2002 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы НҰСҚАУЛЫҚ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы 2002 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Нұсқаулық ҚР «Халықтың жұмыстылығы туралы», Заңына ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 ҚР Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы қаулысына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықтың жұмыстылығы туралы» Заңына, төлем ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібін белгілеуге сәйкес әзірленген.
Тарау 2. 2. Қоғамдық жұмыстарға қатысу құқығы.
2. Қоғамдық жұмыстарға қатысу құқығы.
Тармақ 2
2. Қоғамдық жұмыстарға қатысуға жұмыстылық қызметінде тіркеу күніне сәйкес кезек тәртібінде тіркелген жұмыссыздардың құқығы бар.
Тармақ 3
3. Мақсатты топқа кірісті жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға қатысуға басымды құқығы бар.
Тарау 3. 3. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі.
3. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі.
Тармақ 4
4. Қоғамдық жұмыстар жұмысберушілер тапсырысы бойынша ұйымдастырылады.
Тармақ 5
5. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға бағыттауын еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімі жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Жұмысберуші және аудандық еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімі арасында қоғамдық жұмыстарды орындауда, 2002 жылдың 26 сәуірінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің № 91 бұйрығымен бекітілген типтік шарт жасалады.
Тарау 4. 4. Қоғамдық жұмыстар түрлері
4. Қоғамдық жұмыстар түрлері
Тармақ 7
7. Төмендегідей қоғамдық жұмыстар түрлері қарастырылады: Жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген азаматтарға мемлекеттік атаулы көмекті тағайындауына құжаттар ресімдеу және халық арасында түсінік беру жұмыстарын жүргізу. Халыққа дәрігерлік-әлеуметтік және тұрмыстық қызмет көрсету. Жалғызбасты кемталарға және егде азаматтарға әлеуметтік көмекті үйінде көрсету. Аумақты көгалдандыру және көркейту. Жол салу және жөндеу. Салық төлемін жинау. Әлеуметті-мәдени объектілерін құру, күрделі жөндеу және қайта құруына қатысу. Кент және селолық округтерде кәмелетке толмағандармен, «қиын» жасөспірімдермен жұмыстар ұйымдастыру.
Тарау 5. 5. Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі.
5. Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі.
Тармақ 8
8. Қоғамдық жұмыстар мынадай ұйымдарда өткізіледі: Аудан әкімі аппараты. Кент және селолық округ әкімдер аппараты. Аудандық еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімі. Аудандық білім беру бөлімі. Бұқар жырау ауданының салық комитеті.
Тарау 6. 6. Қоғамдық жұмыстар түрлері бойынша жұмыстар көлемі
6. Қоғамдық жұмыстар түрлері бойынша жұмыстар көлемі
Тармақ 9
9. Аз қамтылған азаматтарға мемлекеттік атаулы көмек тағайындау үшін құжаттар дайындау және халық арасында қолданысты заңнама актілері бойынша түсініктеме жұмыстарын жүргізу үшін - 60 адам, сомасы 1505,2 мың теңге.
Тармақ 10
10. Халыққа дәрігерлік-әлеуметтік және тұрмыстық қызмет көрсету - 22 адам, сомасы - 1103,8 мың теңге.
Тармақ 11
11. Жалғыз басты кемтарларға, егде азаматтарға үиінде әлеуметтік қызмет көрсету - 14 адам 702,4 мың теңге.
Тармақ 12
12. Аумақты көгалдандыру және көркейту 415 адам сомасы 1142,0 мың теңге.
Тармақ 13
13. Жол салу және жөндеу - 20 адам, сомасы 250,9 мың теңге.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік-мәдени объектілерін құру, күрделі жөндеу және қайта құруына қатысу 50 адам, сомасы 627,2 мың теңге.
Тармақ 15
15. Салық төлемін жинау 11 адам, сомасы 505,9 мың теңге.
Тармақ 16
16. Кент және селолық округтерде кәмелетке толмағандармен, «қиын» жасөспірімдермен жұмыстар ұйымдастыру 8-адам, сомасы 267,6 мың теңге.
Тарау 7. 7. Қоғамдық жұмыстарға қатысу мерзімі
7. Қоғамдық жұмыстарға қатысу мерзімі
Тармақ 17
17. Жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға қатысу мерзімі ұйым басшыларымен келісілген шарт бойынша қоғамдық жұмыстың орындалуымен белгілінеді, бірақ 11 айдан аспайды.
Тарау 8. 8. Жұмыс уақытының ұзақтығы
8. Жұмыс уақытының ұзақтығы
Тармақ 18
18. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы тұлғаларға жүмыс уақытының ұзақтығы 5 күндік жұмыс аптасы жанында 30 сағат аптасына (6 сағат күніне).
Тарау 9. 9. Қоғамдық жұмыстарда істейтін жұмыссыздардың еңбек төлемі
9. Қоғамдық жұмыстарда істейтін жұмыссыздардың еңбек төлемі
Тармақ 19
19. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздардың еңбек төлемі ҚР «2002 жылға республикандық бюджет туралы» Заңымен бекітілген төменгі жалақы мөлшерінде жүзеге асырылады.
Тармақ 20
20. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздардың жалақысына заңнамасы белгіленген төртіп бойынша салық салынады.
Тарау 10. 10. Қоғамдық жұмыстардың қаржыландыру тәртібі және түпнұсқалары.
10. Қоғамдық жұмыстардың қаржыландыру тәртібі және түпнұсқалары.
Тармақ 21
21. Қоғамдық жұмыстар жергілікті бюджет қаражаты арқылы ұйымдастырылады.
Тармақ 22
22. Әр айдың 25 күні жұмысберушілер еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөліміне орындалған жұмыс актісімен қоғамдық жұмыстарға қатысушы тұлғалардың жұмыс уақытының есеп табелін табыс етеді.
Тармақ 23
23. Еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімі жалақының есептелуін тапсырылған акті мен жұмыс уақытының есеп табелін табыс етеді.
Тармақ 24
24. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын тұлғаларға жалақыны төлеуге құрылған мұқтаждық аудандақ қаржы бөліміне ұсынылады.
Тарау 11. 11. Есеп жүргізу және есеп берушілік.
11. Есеп жүргізу және есеп берушілік.
Тармақ 25
25. Қоғамдық жұмыстар ұйымының есеп жүргізуіне және есеп берушілігіне аудандық еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөліміне жүктеледі.
Тарау 12. 12. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру тәртібіне бақылау.
12. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру тәртібіне бақылау.
Тармақ 26
26. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және бақылау жасау белгіленген заңнамасы тәртібіне сәйкес мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады.