"2002 жылға арналған басқа да көмектерді қажет ететін жалғызілікті мүгедектерді күтуге тағайындалған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша төлем жүргізу және тағайындау" Қағидасын бекіту туралы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.10.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"2002 жылға арналған басқа да көмектерді қажет ететін жалғызілікті мүгедектерді күтуге тағайындалған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша төлем жүргізу және тағайындау" Қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 07 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 1 бабы, 2 тармағына сәйкес және басқа да көмектерді қажет ететін мүгедектерге адрестік әлеуметтік көмек көрсету мақсатында:
Тармақ 1
1. Басқа да көмектерді қажет ететін жалғызілікті мүгедектердің мемлекеттік жәрдемақысына қосымша төлемдер тағайындау мен төлеудің Қағидасы бекітілсін (N 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі (Б.Қ. Ахметжанов) басқа да көмектерді қажет ететін жалғызілікті мүгедектердің мемлекеттік жәрдемақысына олардың күтіміне қосымша ақы төлеуді дер кезінде қаржыландыру сұралсын.
Тармақ 3
3. Қарқаралы аудандық еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімінің меңгерушісі міндетін атқарушы (А.Т. Хамитов) жоғарыда көрсетілген мөлшерде қосымша төлемдерді тағайындау мен төлеуді дер кезінде қамтамасыз ету ескертілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулысының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ. Торыбаевқа жүктелсін.
Басқа 5
Қарқаралы ауданы әкімиятының 2002 жылғы 07 қазандағы N 19 қаулысы бекітілген N 1 қосымша 2002 жылға арналған басқа да көмектерді қажет ететін жалғызілікті мүгедектерді күтуге тағайындалған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша төлем жүргізу және тағайындау ҚАҒИДАСЫ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы N 1685 "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" қаулысы, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 07 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының негізінде жасалған.
Тармақша 2. 2. Басқа да көмектерді қажет ететін жалғызілікті мүгедектерге қызмет көрсетудің мемлекеттік жәрдемақысына қосымша төлемдер мен тағайындаулар Қағидасы
2) Басқа да көмектерге мұқтаждар, жалғызілікті мүгедектер мемлекеттік жәрдемақыға қосымша төлемдер алуға құқылы. 2. Басқа да көмектерді қажет ететін жалғызілікті мүгедектерге қызмет көрсетудің мемлекеттік жәрдемақысына қосымша төлемдер мен тағайындаулар Қағидасы
Тармақша 1
1) Әлеуметтік қорғау органына тұрғылықты мекен-жайы бойынша мүгедектігі туралы анықтамалар, мүгедектігі бойынша арнайы жәрдемақы алу бойынша анықтамалар, тұрғын үй тұрмыстық жағдайларын тексеру актісі қосымша берілетін мемлекеттік жәрдемақыға қосымша төлемдер тағайындау туралы өтініш беріледі (отбасы құрамы мен туыстарының бәрін көрсетумен).
Тармақша 2
2) Өтініш берушінің ресімдеу үшін құжаттарын жинау мүмкіндігі болмаған кезінде, өтініш берушінің тұратын мекен-жайы бойынша әлеуметтік жәрдем көрсету органы дайындайды.
Тармақша 3
3) Өтінішпен келген азаматтар берілген ақпараттардың дұрыстығына толық жауапты болады. Тапсырылған құжаттарда кемшіліктер (кірісті жасыру, отбасы құрамы туралы жалған мәлімет) анықталған жағдайда төленген қаржы кінәлі адамдардан қолданыстағы заңдарға сәйкес қайтып алынады.
Тармақша 4
4) Әлеуметтік көмек айдағы минималдық есептік көрсеткіштер мөлшерінде ақшалай қаржы түрінде және өтініш үлгісінде беріледі (823 теңге) және Халық банкінің филиалында өтініш берушінің ашылған есеп шотына аударылады.
Тармақша 5
5) Әлеуметтік көмек көрсету бойынша аудандық комиссия көмек көрсету (бас тарту) туралы шешімді қабылдайды.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру көздері
3. Қаржыландыру көздері
Тармақша 1
1) Жоғарыда аталған жеңілдіктер түрлеріне адрестік көмекті қаржыландырудың көзі болып аудандық бюджет табылады.
Тарау 4. 4. Есеп, бақылау, есеп беру
4. Есеп, бақылау, есеп беру
Тармақша 1
1) Басқа да көмекке мұқтаждарға, жалғызілікті мүгедектердің мемлекеттік жәрдемақыларына қосымша төлем төлеу және тағайындау бойынша есеп, бақылау және есеп беруді жүргізу, шараларды жүзеге асыру аудандық еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау бөліміне жүктеледі.
Тармақша 2
2) Аудандық еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау бөлімі ай сайын басқа да көмекке мұқтаждарға, жалғызілікті мүгедектердің мемлекеттік жәрдемақыларына қосымша төлем төлеу мен тағайындау туралы мәліметті ай сайын аудандық қаржы бөліміне тапсырып отырады.