О квоте иммиграции оралманов на 2002 год Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.11.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Оралмандардың 2002 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімиятының 2004 жылғы 13 мамырдағы N 464 қаулысымен. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Оралмандардың 2002 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" 2002 жылғы 16 қыркүйектегі N 945  Жарлығын  іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 1 қазандағы N 1076  қаулысының  1 тармағын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен белгіленген оралмандардың 2002 жылға арналған көшіп келу квотасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы бойынша оралмандар отбасыларын қабылдау және орналастыру квотасы 30 отбасы мөлшерінде N 1 қосымшаға сәйкес бөлінсін.
Тармақ 2
2. Оралмандардың отбасыларын қабылдау мен жайластыруға байланысты мәселелерді жедел шешу мақсатында N 2 қосымшаға сәйкес облыстық штабтың құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Көші-қон және демография басқармасы:
Тармақша 1
1) көшіп келген оралмандарды облысқа белгіленген көшіп келу квотасы шеңберінде қабылдауды және жайластыруды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) оралмандар отбасыларын қоныстандыруды ұйымдастыруға республикалық бюджеттен бөлінген қаржыларды мақсатты пайдалануды, оралмандарға біржолғы жәрдемақылар төлеуді, көлік шығындарын өтеуді және оларды тұрғын үймен қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы:
Тармақша 1
1) облыс аумағына тұрақты тұруға келген оралмандарды әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелерін, оның ішінде зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындауды Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес шешсін;
Тармақша 2
2) оралмандар отбасыларының еңбекке қабілетті мүшелерін олардың біліктілігі мен мамандығына сәйкес жұмыспен қамту жөнінде шаралар қабылдасын.
Тармақ 5
5. Денсаулық сақтау басқармасы:
Тармақша 1
1) облысқа келген оралмандарды дәрігерлік тексеруден тегін өткізуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) оралмандарға дәрігерлік қызмет көрсетудің кепілді көлемін қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Білім департаменті: Оралмандардың мектеп жасындағы балаларын жалпы білім беретін мектептерде оқумен толық қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Ішкі істер Бас басқармасы:
Тармақша 1
1) келген оралмандарды уақтылы тіркеуді және республиканың аумағы бойынша тұруы мен жүріп тұруына арналған құжаттарды уақытында ресімдеуді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының  азаматтығын қабылдауға тілек білдірген оралмандардың қажетті құжаттарын ресімдеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Қалалар мен аудандар әкімдері:
Тармақша 1
1) оралмандарды қабылдауды, жайластыруды және оларға қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) оралмандар отбасыларының туыстық байланыстарын және мамандықтарына қарай еңбекке орналастыруды ескере отырып, жинақы қоныстандыру үшін елді мекендерді анықтасын;
Тармақша 3
3) тұрғын үйлер құрылысын және шаруашылық жүргізу үшін белгіленген тәртіппен оларға жер учаскелерін бөлсін;
Тармақша 4
4) оралмандардың балаларын жергілікті бюджеттен білім беру мекемелерінде тегін оқытуды және тәрбиелеуді, ересек адамдарды хат тануға, қазіргі кездегі қазақ әліпбиіне оқытуды ұйымдастырсын;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының оралмандарға заңдарына сәйкес өз кәсібін ұйымдастыруға, ұлттық кәсіптерді жаңғыртуға, шаруа қожалықтарын ұйымдастыру үшін шағын несиелер бөлуге жәрдемдессін.
Тармақ 9
9. Облыстық штаб: Оралмандарды қоныстандыруға және жайластыруға байланысты облыстық басқармалардың және жергілікті жерлердегі атқарушы органдардың жұмыстарын үйлестіруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалу қорытындылары туралы облыс әкімінің аппаратына 2003 жылғы 10 қаңтарға дейін көші-қон және демография жөніндегі басқармасы ақпарат берсін.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Н.С.Омаровқа жүктелсін.
Басқа 25. Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2002 жылға оралмандар отбасыларын қабылдау және орналастыру квотасын бөлу
Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2002 жылғы 5 қарашадағы N 283 қаулысына N 1 қосымша Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2002 жылға оралмандар отбасыларын қабылдау және орналастыру квотасын бөлу Облыс әкімі аппаратының басшысы
Басқа 26. Оралмандарды қабылдау және жайластыру жөніндегі облыстық штабтың құрамы:
Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2002 жылғы 5 қарашадағы N 283 қаулысына N 2 қосымша Оралмандарды қабылдау және жайластыру жөніндегі облыстық штабтың құрамы: Облыс әкімі аппаратының басшысы